156
«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және
«Геометрия»
пәндеріне
бөлінген
оқу
жүктемелері
«Қазақстан
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік
оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (соңғы өзгерістер мен
толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықпен енгізілген) бекітілген.
Осы бұйрыққа сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесінде Үлгілік
оқу жоспарының екі түрі: Үлгілік оқу жоспарлары және төмендетілген оқу
жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары қолданылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығының (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 29
желтоқсандағы №614 бұйрығымен енгізілген) 24-пунктіне сәйкес білім беру
ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, Үлгілік оқу жоспарын, оның
ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік
оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының
түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде
«Математика», «Алгебра», «Алгебра және анализ бастамалары» және
«Геометрия» пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі.
Үлгілік оқу жоспарларының түрлері бойынша 5-6 сыныптардағы
«Математика» пәніне, 7-9 сыныптардағы «Алгебра» және «Геометрия», 10-11
сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» пәндеріне
бөлінген апталық оқу жүктемелері 11.1-кестеде көрсетілген.
11.1-кесте – Апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі
Достарыңызбен бөлісу: