2022-2023 ОҚу жылында



бет27/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері Пәнді оқу барысында педагог:

  • әлем халықтарының материалдық және рухани мұрасын зерделеуге;

  • білім алушылардың бойында азаматтық-құқықтық сананың қалыптастыра отырып, патриотизмге тәрбиелеу;

  • білім алушылардың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аудару ұсынылады.

Тарихты оқытуда келесілерге көңіл бөлу ұсынылады:
Пән бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарының бірі білім алушыларда тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Әлемнің тарихи дамуы барысында бізге жеткен жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға ықпал ететін материалдарды зерттеуге ерекше назар аудару ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда, тарихи деректерден, басылымдар мен электронды құралдардағы ақпараттарды қолдана отырып, тарихи оқиғалар мен құбылыстарға өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру дағдыларын дамытуды қамтиды. Сондықтан сабақта білім алушылардың «тарихи ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді (белсенді және проблемалық оқыту әдістері, зерттеу, жоба әдістері т.б.) қолдану ұсынылады. «Тарихи ойлау» өткен заманның кез- келген құбылысын сол заманның контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Осы қабілетке ие болу арқылы білім алушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс. Сондықтан, «Дүниежүзі тарихы» пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту ұсынылады.

  1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Бұйрықтың тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес:

    1. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

  1. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  2. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 2.4-кестеде көрсетілген.

2.4-кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны





Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет