Эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалар Баланың ақыл-ойы зақымдалған болуы мүмкін немесе жоғары интеллектуалды не дарынды болуы мүмкін, десе де қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдылары болмауы мүмкін. Бір бала бір жағдайда ебедейсіздік танытса, екінші жағдайда керісінше ептілігімен көрінуі мүмкін.
Эмоциялық-ерік бұзылыстары бар балалардың танымдық белсенділігінде ерекшеліктер болуы мүмкін:
- қоршаған әлемді меңгеруде қызығушылықтың және белсенділіктің болмауы;
заттар мен материалдарды оларды пайдалану мүмкіндіктеріне қарай сараламайды, олардың неге арналғанын ескермей пайдаланады;
ақпаратты ұзақ өңдейді;
-назарды бірлесіп бір жерге аудара алмайды.
Әлеуметтік өзара байланыс аясындағы ерекшеліктері:
жақын адамдарымен байланыстың бұзылуы;
ересек адамның айтқанына мүлдем күлмей жауап беру;
балалармен байланысқа түспеу: басқа балаларды елемеу, байқамау, достастуға не қарым-қатынасқа түсуге тырыспау;
қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелерін түсінбеу.
Мінез-құлықерекшеліктері:
стереотипті (қайталатын) қозғалыстарды жасай береді: саусақпен түрте береді, қолын сілкілей береді, тербеле береді және т.б.;
кейбір дыбыстық тітіркендіргіштерге шектен тыс сезімтал келеді, ал кейбірін мүлдем елемейді;
қандай да бір заттарға шектен тыс назар аударады;
көп нәрседен қорқуы мүмкін: қандай да бір тұрмыстық шуылдардан, газеттің сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқуы
Білім алушымен жұмыс істейтін барлық педагогтер мен мамандар білім беру процесінде ортақ тәсілді ұстануы тиіс. Мұндайда қойылған орындалуы тиіс міндеттерден шегінбеуге тырысу қажет.
Педагог-ассистентті аутизмі бар баланы жиі қолдауы, әсіресе баланың бейімделуі кезінде қолдауы білім беру ортасына сәтті қосудың қажетті шарты болып табылады.
Баланың танымдық қызметтерге қажеттілігіне назар аудару қажет, мәжбүрлеп оқытуға болмайды. Жағымды ахуалда білім беру керек. Барлық балаларға өз іс-әрекеттерінің тізімін ауызша дыбыстау қажет. Аутизмі бар бала үшін алгоритмді білу маңызды.
Аутизмі бар баланың ерекше сипаттамаларын еңсерудің келесі жолдары ұсынылады:
- ақпаратты сызбалар, көрнекі суреттер арқылы беру; зорығуына жол бермеу; оқу кеңістігін тәртіппен ұйымдастыру; бала қолданатын заттардың сыртына атын жазып қою; баланы атымен атау; өз-өзіне қызмет көрсету және тұрмыстық бағдарлау дағдыларын үйрету.
Бала жаңа жерлерден қорықпайтын жағдайда білім беру ұйымының кеңістігімен біртіндеп таныстыру маңызды, сыныптың қай жерде екендігін, сабақтардың қай жерде өтетіндігін, балалардың тамақты қай жерде ішетіндігін және т.б. көрсеткен маңызды;
Баланың сыныптағы жеке орындарын белгілеуде (кішкене шкаф, парта) көрнекі маркерлерді пайдалануға болады: белгілі бір суретті салуға болады немесе бала оқи алатын болса – оның есімін жазуға болады.
Педагогтер сыныптың білім алушылары мен олардың ата-аналарына аутизмі бар баланың өзін құрдастарымен салыстырғанда неге ерекше ұстайтындығын түсіндіруі тиіс. Қоршаған адамдардың әртүрлілігіне құрметпен қарауды дағдыландыру қажет.
мүмкін. Денеге жанасқанға аса сезімтал болуы мүмкін, бірақ шынайы қауіптен
қорықпауы мүмкін және т.б.
*Инклюзивті білім беру ортасында педагог стратегиялары жөнінде толыққанды ақпаратпен http://engime.org/ob-osobennostyah-organizacii-obrazovatelenogo-processa-v- obshe-v4.html?page=189 сайтынан және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен әзірленген әдістемелік ұсынымдардан таныса аласыз: https://uba.edu.kz/.