36
«Математика және информатика»
білім саласы оқу
пәндерін оқыту
барысында функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру мақсатында білім
алушыларға анықтамалықтарды қолдану, оқу, әдістемелік және анықтамалық
әдебиеттерден анықтамаларды, формулалар және басқа да тұжырымдарды іздеу;
математикалық формулаларды қолдану, дербес жағдайларды жалпылау негізінде
шамалар арасындағы тәуелділіктің формулаларын өздігінен құрастыру;
игерілген математикалық білім, білік, есептеу, өлшеу және графиктік
дағдыларды пайдаланып практикаға бағытталған тапсырмаларды шешу;
дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген
қорытындылар жасау; математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті
ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана
отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру
іскерліктерін үйрету ұсынылады.
Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру кезінде
білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды
жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар
мен
алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу
тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша
және жазбаша талдау.
Математикалық сауаттылық зерттеу сипатындағы тапсырмаларды шешуде
де қалыптасады, оларды орындай отырып, білім алушылар қолда бар деректерді
тапсырма сұрақтарымен байланыстыра алады, тапсырма сұрағынан қолда бар
деректерге іздеу қадамдарын жоспарлайды, табылған шешімді тапсырма
сұрақтарымен салыстырады, нәтижені алудың әр қадамының дұрыстығын
дәлелдейді, табылған шешімнің дұрыстығы мен толықтығын тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: