69
1) бірнеше педагогтардың сабақтарды, оқу іс
-
әрекеттерін бірлесіп
жоспарлауы (оқу
материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін
қарапайым оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша
оқу іс
-
әрекетін алгоритмдеу және т. б.);
2) оқу қызметі барысында сүйемелдеу және консультация беру;
3) бірінші сынып оқушылары мен осал балалардың психологиялық
бейімделуін қамтамасыз ету;
4) оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табысқа жету жағдайларын
жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.);
5) білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім
алушылардан үнемі
сұрап отыру, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру,
кері байланыс, өзін
-
өзі бағалауды жандандыру және т.б.);
6) қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата
-
аналармен жұмыс;
8) дербес тапсырмаларды орындау үшін қашықтықтан оқыту жүйесін
пайдалану.
Оқу жылы ішінде үлгерімі
төмен білім
алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толтыру бойынша келесі міндеттерді шешуге
бағытталған жұмысты жалғастыру ұсынылады:
-
білім алушының артта қалуының себептерін анықтау және оның оқу
жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау;
-
жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
-
сараланған тапсырмаларды таңдаумен жеке оқу жоспарын әзірлеу;
-
тұрақты кері байланыс жүргізу.
Педагог білім беру қажеттіліктерін және
білім алушылардың жеке даму
траекториясын ескере отырып, пән бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың
білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:
-
өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу мақсаттарын, оқу пәні
сабақтарының тақырыптарын біріктіру;
-
өткен оқу жылының материалын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне
пәндер бойынша бөлу;
-
жаңа тақырыпты/оқу мақсатын оқымас бұрын оқу материалын қайталау;
-
білім алушыларға қиындық тудырған
тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
-
білім алушыларға оқытудың күрделі тақырыптары/мақсаттары бойынша
жеке және топтық консультациялар өткізу;
-
пән бойынша өткен оқу материалдары бойынша олимпиадалар
ұйымдастыру;
-
демалыс мектептерін ұйымдастыру;
-
формативті бағалау жүргізу кезінде өткен
бағдарлама бойынша оқу
тапсырмаларын әзірлеу және енгізу;
-
өткен оқу жылындағы материалды пайдалана отырып, зерттеу және
жобалау жұмыстарын іске асыру;
70
-
білім беру ұйымдарының, оның ішінде гимназиялардың/лицейлердің
Типтік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің
сағаттарын білім
алушылардың білімін толықтыру бойынша сабақтар өткізуге пайдалану;
-
білім беру платформаларын пайдалану.
И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022 жылы
Достарыңызбен бөлісу: