Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылыми
-
педагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік)
атты екі журнал шығарады.
«Білім» журналында орта білім берудегі ғылыми
-
педагогикалық
зерттеулердің нәтижелері жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты: 1)
білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және
цифрландыру;
2)
орта білім берудегі менеджмент
3)
пәндерді
оқыту әдістемесі;
4)
тәрбие
теориясы мен практикасы;
5)
білім беру жүйесіндегі психология мәселелері;
6)
арнайы және инклюзивті білім беру;
7)
үздіксіз педагогикалық білім беру.
Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау
мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен
толығырақ журнал сайтынан танысуға болады:
https://bilim-uba.kz/
«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналында білім беру
саласындағы оқу
-
әдістемелік, ғылыми
-
эксперименттік, ақпараттық
-
талдамалық,
педагогикалық инновациялық тәжірибені тарату бойынша материалдар
жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты: 1)
білім
берудегі
инновациялық
және
педагогикалық,
сандық
технологиялар;
2)
үздік тәжірибе шеберханасы және әдістемелік қызмет;
3)
бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы;
4)
жаратылыстану
-
математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
5)
қоғамдық
-
гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;
6)
техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері;
7)
білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет және тәрбие үрдісін
ұйымдастыру;
8)
арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы.
Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен келесі сілтеме бойынша
танысуға болады:
https://uba.edu.kz/qaz/nauka/10
.