2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет20/75
Дата25.11.2023
өлшемі22,45 Mb.
#125754
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—28 в 10.44.09

«Негізгі мектеп
-
орта мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Жалпы білім берудің үшінші кезеңінің ерекшелігі бейіндік оқытуға көшу 
болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейінде жалпы және кәсіптік білім 
беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін кәсіптік 
жоғары білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау қажет. Сабақтастық оқу 
бағдарламасының мазмұнын құрайтын білім мен дағдыларды нығайту, 
тереңдету және кеңейту арқылы жүргізіледі. 
Сабақтастық мәселесін шешудің негізгі міндеттері: 

білім алушының орта мектеп жағдайына сәтті бейімделуі; 

негізгі және жалпы орта мектеп білім алушыларын оқыту және тәрбиелеу 
үрдісін жақындастыру; 

білім алушылардың білім нәтижелерін бағалаудың тәуелсіз нысандарына, 
оның ішінде ББЖМ, қорытынды аттестаттауға, ҰБТ
-
ға дайындығы;

өзін
-
өзі тану және айналасына қамқорлықпен қарап

нәтижелі кері 
байланыс жағдайын жасау; 

білім алушылардың денсаулығын
сақтау жағдайлары.
Оныншы сынып білім алушысына «жоғары сынып оқушысы» екенін 
сезінуіне, оқудың мәні мен мағынасын анықтауына көмектесу маңызды. 
Негізгі және жалпы орта білім беру арасындағы оқытудың сабақтастығын 
қамтамасыз ету бағыттары: 
1. 
Бейінге
сәйкес білім беру бағдарламаларын таңдау арқылы оқыту 
сабақтастығын жүзеге асыру.
2. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг. 
3. Пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарды (үйірмелер, 
факультативтер) ұйымдастыру.
4. Пәндер бойынша бірыңғай жалпымектептік онкүндіктерді өткізу.
5. Ата
-
аналармен жұмыс: жеке кеңес беру, ашық есік күні, мектеп сайты, 
қамқоршылық кеңестер.
Бейімделу процесін жүзеге
асыру жолдары: 

білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; 
- 10-
сыныпқа келген 9
-
сынып білім алушыларының пәндер бойынша және 
10-
сыныптың бүкіл оқу жылында білім сапасын мониторингілеу, анықталған 
олқылықтардың орнын толтыру;

бейімделу қиындықтарын анықтау және талдау, реттеу жолдарын әзірлеу; 


32 

оқу процесіне барлық қатысушылардың: мұғалімдердің, ата
-
аналардың, 
білім алушылардың қатысуымен сабақтастықты іске асыру шеңберіндегі 
міндеттерді шешу; 

негізгі мектепте (9
-
сыныптар) және жалпы орта мектепте (10
-
сыныптар) 
оқытудың мазмұны мен әдістерінде сабақтастықты
іске асыру; кері байланыс 
мүмкіндіктерін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет