2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет22/84
Дата03.08.2023
өлшемі1,91 Mb.
#105017
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84
Байланысты:
27-06-2023-каз

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар
 
«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша
оқытудың басты ерекшелігінің бірі –
білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, оқу 
сауаттылығын арттырып, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту мақсатында оқу 
және жазба жұмыстарына басымдық беру болып отыр. Әсіресе

балалардың 
дыбыстарды дұрыс айта білу, ойын дұрыс жеткізе білу, сауатты жаза білу 
дағдысын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады. Осы мақсатта әдеби 
тілдік норма білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, функционалдық 
тұрғыдан ұсынылады. 
Бастауыш
сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын 
қалыптастырудың нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін педагогтерге арнайы 
саралап оқыту, тұлғаға бағдарланған, белсенді білім беру технологияларын 
қолдану қажет, мысалы: 

ұйымдастырушылық, интеллектуалдық және басқа да дағдыларды, оның 
ішінде оқу
-
жаттығу қызметін өз бетінше жүзеге асыру дағдысын 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа білімді игерудің проблемалық 
диалогтық технологиясы;

маңызды коммуникативтік дағдыларды дамытуға жағдай жасайтын 
дұрыс оқу іс
-
әрекетінің түрін қалыптастыру технологиясы; 

ұйымдастырушылық, зияткерлік, коммуникативтік және бағалау 
дағдыларын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін жобалау 
қызметінің технологиясы (әртүрлі плакаттар, жадынамалар, модельдер 
дайындау, алынған нәтижелерді міндетті түрде таныстыруды көздейтін 
көрмелер, викториналар, конкурстар, спектакльдер, шағын зерттеулер 
ұйымдастыру және өткізу және т. б.);

оқытудың деңгейлік саралануы, оны қолдану мұғалімнің білім 
алушылармен өзара әрекеттесу стиліне белгілі бір өзгерістер енгізеді. 
Тіл мен әдебиет сабақтарында білім алушыларда тек пәндік білім, білік, 
дағдыларды ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістерін, сұрақтар 
құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу 
біліктілігін, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауын, 
материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды 
дағдыларды меңгерту функционалды сауаттылығын қалыптастырады. 
Тіл салалары бойынша оқытудың негізгі мақсаты –
сөйлеу әрекетінің 
түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым,
оқылым) қолдана отырып, тілдік 
білімді меңгерту.
Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты 
анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; осылардың ішінде 
басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты –
тыңдалым әрекеті 
болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде білім алушы көптеген ақпаратты 
сағат сайын естіп, көріп тыңдайды.
Кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну 
сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер білім алушы өзіне керек мәліметті тыңдау 
арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), 
яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және 


29 
басқалармен қарым
-
қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп 
оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. 
Тыңдалым дағдысының мақсаты –
аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, 
белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды 
толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық 
құрылмаған сөйлеу тілін өздігінен түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен 
телерадио бағдарламаларды еркін түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс 
тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге үйрету. 
Оқытудағы тыңдалым дағдысы бойынша басты белсенді әрекет –
білім 
алушыларды қоршаған ортадағы кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсінуге 
бейімдеу керек. Ол үшін сабақ барысында түрлі белсенді жұмыс түрлерін 
пайдалану және ол өзекті, қызықты, әртүрлі болуға тиісті.
Айтылым дағдысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет