«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»



Pdf көрінісі
бет27/70
Дата14.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#114435
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

Жазылым 
дағдысына үйрету және дамыту үшін білім алушыларға 
жазбаша мәтіндердің нақты модельдері мен элементтерін (кіріспе 
конструкциялар, күрделі сөйлемдердің құрылымдары және т.б.) ұсыну қажет. 
Коммуникацияның цифрлық тәсілдерін дамыту бүкіл әлемде іскерлік және 
бетпе-бет қарым-қатынас жасау үшін адамдардың бұрынғыдан қарағанда 
көбірек жазатынын білдіреді. Сабақтарда мұғалімдерге ресми электрондық 
поштадан бастап әлеуметтік желідегі жазбаға дейін жазудың әр түрін үйрету 
қажет. Мысалы, 
«6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 
құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып 
жазу»
оқу мақсатын іске асыруда білім алушыларға Instagram әлеуметтік 
желісінің парақшасында досының туған күніне құттықтау жариялауды немесе 
өзінің хоббиі не спорт туралы шағын пост жариялауды ұсынуға болады. 
Тіл мен әдебиет сабақтарында білім алушыларда тек пәндік білім, білік, 
дағдыларды ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістерін, сұрақтар 
құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу 
біліктілігін, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауын, 
материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды 
дағдыларды қалыптастыруға да назар аударған жөн.
Тілдік пәндерде білім алушылар әртүрлі пәнаралық мазмұнмен өзара 
байланыс жасайды және басқа оқу пәндерінде академиялық жетістікке жету үшін 
қажетті метапәндік құзыреттерді меңгереді, мысалы, мәселелерді шешу үшін 
айтылым және тыңдалым дағдыларын қолдану, ақпаратты айқындау, тұтас емес 
мәтіндермен және графикамен жұмыс жасау, оқу және талқылау арқылы 
мәдениетаралық ақпараттануды дамыту, әртүрлі көзқарастарды құрметтеу өз 


40 
ойларын, идеяларын, тәжірибелерін немесе сезімдерін білдіру үшін қиялды 
пайдалану, сондай-ақ сыныптасына кері байланыс беру үшін айтылым және 
тыңдалым дағдыларын қолдану. Жалпы оқу сабақтары «рухани адамгершілік 
сабақтары» екені ескеріліп, мәтін таңдауда оның танымдық, тәрбиелік сипаты 
басты назарда ұсталуы керек.
 
Пәнді оқыту барысында білдім алушыларға білім мазмұнын игертумен 
қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-
ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби 
білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық 
сипаты мен пәнаралық байланыс 
ұстанымдары
басшылыққа алынуы тиіс. 
Әдебиеттің білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса 
ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, 
сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру 
білім алушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. 
Мұғалім білім алушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-
тәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында 
білім алушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға 
ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.
Лингвистикалық сауаттылықты дамыту
. Әдеби материалды оқу және 
зерделеу білім алушыларға мәтінді оқу, талдау және түсіну дағдыларын 
дамытуға және кеңейтуге көмектеседі. Мысалы, 5-сыныпта 
«5.2.3.1 
шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, 
ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау» 
оқу мақсатын іске асыру білім алушыларға Б. Блум таксономиясына сәйкес 
талдау деңгейінде бейнелеу құралдарының теориясынан алған білімді көркем 
шығарма авторының оларды практикада қалай қолданғанын талдауға мүмкіндік 
береді. 
Сыни ойлауды дамыту
. Әдебиеттерді зерттеу білім алушыларға ақпаратты 
талдау, себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, өз ойларын талдау және 
қорытынды жасау қабілетін дамытуға көмектеседі. Мысалы, 
«5.3.1.1 
шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағала
у» оқу мақсатымен 
жұмыста білім алушылар эпизодтарды талдай отырып, оның тарихи 
құндылығын бағалау дағдыларын, сондай-ақ талқылау дағдыларын дамытады. 
Эмоционалды интеллектіні дамыту
. Әдеби шығармалар кейіпкерлердің 
әртүрлі өмірлік жағдайларын, сезімдері мен эмоцияларын жиі сипаттайды. Бұл 
білім алушыларға эмпатия сезімін дамытуға және басқа адамдардың іс-
әрекеттерінің себептерін түсінуге көмектеседі. Мысалы, 
«5.2.4.1 көркем 
шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу» 
оқу мақсатын іске 
асыру арқылы шығармадан алған әсерін, ондағы көркемдеуіш құралдарды 
қолданып, шығармашылық жұмыстар жазуға дағдыланады. 
Шығармашылық ойлауды дамыту
. Өлеңдер, әңгімелер, эссе және басқа 
жазылым 
түрлері 
білім 
алушылардың 
шығармашылық 
қабілетін 
шабыттандырады. 
Жеке тұлғаны және құндылық бағдарларын қалыптастыру
. Әдеби 
шығармалар арқылы білім алушылар басты кейіпкерлердің алдында тұрған түрлі 


41 
өмірлік жағдайлармен және дилеммалармен танысады. Басты кейіпкерлердің іс-
әрекеттері, кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз іс-әрекеттері білім 
алушыларға өздерін жақсы түсінуге, өз бойында құндылықтар мен 
дүниетанымын қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы, 
«5.1.3.1 көркем 
шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу»
оқу 
мақсатын іске асыру кейіпкердің іс-әрекеті арқылы оның бойындағы жақсы 
қасиеттері мен жаман қасиеттерін ажыратып, өз көзқарасы тұрғысынан сыни 
пайым жасауға көмектеседі, кейіпкердің іс-әрекетінен өзіне қажетті құндылықты 
қабылдайды. 
«Тіл мен әдебиет» саласы бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта 
білім беру деңгейлерінде сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар білім 
алушының жас ерекшелігін ескере отырып, күрделі тапсырмаларды шешуге, 
өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар
 
әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана 
тұтып, оқытудың қай түрі болмасын білім алушы құзыреттілігін қалыптастыруға 
ықпал етуі тиіс.
Тілдік пәндерді оқытуда баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн:
1) 
шығармашылық қабілеті жоғары білім алушыларға әртүрлі 
тақырыптарда шығарма, эссе, әңгіме жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы 
жоғары білім алушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, баспасөз-
конференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді; 
2) оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да 
білім алушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен 
сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді;
3) білім алушылардың ой-өрiсiн дамытып, оларға тiлдiң ұлттық мәдени 
мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық 
технология 
ресурстарын, 
мультимедиалық 
құралдарды, 
ғаламтор 
материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану 
тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет