«9.1.3.1 тыңдалған
мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу»
оқу
мақсатымен жұмыс жүргізуде табиғат ресурстары туралы, геология ғылымы,
Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы
Сәтбаев туралы, оның ғылымдағы өмір жолы, адам ретіндегі биік бейнесі туралы
біледі. Мәтін мазмұнын оқи отырып, оқу мақсатына сай мәтіндегі ақпаратты
өмірлік мәселелермен байланыстыру арқылы білім алушының бойында
адамгершілік, отаншылдық, патриоттық, экологиялық құндылықтарды
қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтармен
бірге баланың жауапкершілігін, тыңдау мәдениетін қалыптастырады;
өміршеңдікке баулиды; сауаттылыққа, ойын жүйелі жеткізе білуге
дағдыландырады.
Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске асыру
қазақстандық патриотизмді, өз елінің өткен тарихына, ата-бабаларымыздың
әдебиеті, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына құрмет көрсетуді жүзеге асырудың
мүмкіндіктерін көздейді. Көркем шығарманы оқыта отырып, төмендегі кестеде
берілген оқу мақсаттары арқылы оқушы бойына қандай құндылықтар
қалыптастыра аламыз? (1-кесте)
1-кесте - Қазақ әдебиеті сабағында құндылыққа бағытталған тәсілді іске
асыру
Оқу мақсаттары
Оқытылатын
көркем шығарма
Оқушы әрекеті
5.3.3.1
шығармадағы
кейіпкерді
өзіндік
құндылығы тұрғысынан
талдап, әдеби эссе жазу;
5.3.4.1
оқырманның
рухани
дүниесіне
шығарма әсерін талдай
отырып, сыни хабарлама
жазу
«Қобыланды
батыр» жыры
Оқушылар
көркем
шығармадағы
жекелеген эпизодтар арқылы тарихи
құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап
танып, ол құндылықтарды шынайы
өмірмен
байланыстыра
отырып
бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік
құндылық болмысы тұрғысынан талдап,
нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде
өзінің
рухани
дүниесіне
әсерін
бағалайтын сыни хабарлама жазады.
7.3.4.1
әдеби
шығарманың
эстетикалық құндылығы
Т. Әбдіков
«Қонақтар»
әңгімесі
Көркем
шығарманың
идеясы
мен
мазмұнына
қарай
отбасылық
құндылықтарды
(үлкенді
сыйлау,
отбасын сақтау, кішіге қамқорлық,
14
туралы
шағын
сыни
шолу жазу
қонақжайлық) анықтай отырып, оқу
мақсатын
жүзеге
асыру
кезінде
шығарманың эстетикалық құндылығын,
көркемдік құндылығын талдайды.
7.1.4.1
көркем
шығармадағы кейіпкер
бейнесін
ашып,
үзінділерді жатқа айту
Жиембет жырау
«Еңсегей бойлы Ер
Есім»
Оқу мақсатын жүзеге асыру кезінде де,
шығарманы
меңгеру
кезінде
де
патриотизм — өз Отанына деген
мақтаныш,
адамның
қоғам
мен
мемлекетке,
елдің
тарихы
мен
дәстүрлеріне деген құрметі Есім ханның
бейнесін талдау арқылы қалыптасады.
На уроке русского языка во 2 классе в разделе «Мой родной край» для
отработки цели
2.1.5.1 понимать и описывать события, о которых говорится в
видео и аудиоматериале, отвечать на вопросы
можно использовать
мультфильмы, отрывки отечественных фильмов. Обучающиеся смогут глубже
познакомиться с широтой, богатством, красотой природы своего родного края.
Также формируются чувства гордости, любви, патриотизма к родному краю.
Таким образом, при анализе материала отрабатывается цель обучения и
изучается новая информация о родной земле. Далее при написании текста
(
2.4.1.1* создавать постер/писать слова-признаки к предмету, изображенному
на картинке/иллюстрации
) обучающийся демонстрирует свое понимание о
патриотизме, любови к родной земле.
На уроке русского языка в 6 классе в разделе «Спорт и диета» для
отработки цели «
6.2.5.1 формулировать вопросы, оценивающие текст с точки
зрения актуальности, ценности, качества и полезности»
можно рассмотреть
текст «Как правильно питаться?». Из текста обучающиеся узнают о витаминах,
необходимых для поддержания здоровья, а также продуктах, где встречаются
данные витамины. Таким образом, при анализе текста отрабатывается цель
обучения и изучается новая информация о полезной пище. Далее при написании
эссе (
6.3.5.1 писать эссе-повествование, эссе-рассуждение, эссе-описание
)
обучающийся демонстрирует свое понимание ценности здоровья и правильного
питания.
Көркем еңбек сабақтарында білім алушылардың бойына ұлттық
құндылықтарды дарыту халықтық қолөнерді меңгерту негізінде жүзеге
асырылады. Мысалы, 5-сыныпта
«5.1.2.1 қазақ халқының ұлттық және әлем
мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін
анықтау және зерделеу»
оқыту мақсатымен жұмыста
сабақта
киіз үйдің макетін
жасап, өз жұмыстарының презентациясын көрсетеді,
8-сыныпа
«8.1.2.1 тарихи
және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының
ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету»
оқыту мақсатымен жұмыста
қазақтың
ұлттық сандығының нобайы сызылады, сандық жасап, өз жұмыстарын көрсетеді.
Музыка сабақтарында 5-сыныпта
«5.1.1.1 тыңдалған музыкалық
шығарманы талдау (туған өлкедегі музыкалық шығармашылықтың
ерекшеліктері туралы түсінігінің болуы), оның жанрын, стилін, түрін және
музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау» оқыту мақсатымен
сабақта
15
қазақтың халық әні «Бір баланы» тыңдайды және әнге аннотация жазып, әнді
орындайды, 6-сыныпта
«6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау, туған
өлкенің жыршы-термеші, әнші және сазгерлерінің шығармашылығы туралы
және өнердің түрлері, стилі мен жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге
түрлерімен байланысын анықтау»
оқыту мақсатын іске асыруда білім алушылар
қазақтың ауызша-кәсіби аспаптық музыкасы туралы әңгіме жүргізіп,
Құрманғазы
Сағырбайұлы
мен
Тәттімбет
Қазанғапұлының
шығармашылықтарын салыстырады, күйшілердің «Қосбасар», «Аман бол,
шешем, аман бол» күйлерін тыңдайды, композиторлардың орындаушылық
шеберліктерін талқылайды.
«Құқық негіздері» пәні бойынша сабақтарда, мысалы, отбасы құқығын,
құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды зерделеу кезінде қазақтардың әдет
құқығының бірегейлігі мен адамгершілігін негіздеу үшін ұлттық көркем
шығармалардан, қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының, ойшылдарының,
ағартушыларының сөздерінен үзінділерді пайдалану ұсынылады. Мәселен, 10-
сыныпта «Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам» бөлімінде «
10.1.2.1 құқықтық
мемлекет принциптерін айқындау
» мақсатын пысықтау үшін белгілі ғалым,
заңгер, Алашорда жетекшісі Ә. Бөкейхановтың құқықтық мемлекет және
азаматтық қоғам туралы көзқарастарын оқу және талдау үшін тапсырма беруге
болады. Осы ретте білім алушылар қазақ ойшылының қандай идеялары біздің
Конституциямызда көрініс тапқаны туралы талқылау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |