2023жыл Тарих мұғалімінің тәжірибиелік әрекетіне қойылатын нормативтік оқу-әдістемелік талаптар. Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Мұғалімнің негізгі мақсаты- сабақ үрдісін ұйымдастыру жаңа технологияларды қолдану керісінше ол оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыта отырып, өздік танымдық біліктілігінің дамуын ұйымдастыру. Міне осы мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі қағидасы болып табылады. Демек, қазіргі таңда мұғалім менеджер ретінде болуға тиісті.
Педагогикалық Білім концепциясында «мұғалім өз пәнін міндетті түрде терең білуге тиісті, бірақ сонымен қатар оқу үрдісіне қатысатын мүмкіндіктердің өз орнын біліп оны уақытында бағыттап, нәтижеге жетелеп, дер кезінде түзетулер енгізе алатын құзіретті тұлға болуы керек» делінген. Құзіретті мұғалім дегеніміз : адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі. Биылғы шыққан 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:
Мұғалім. психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.
Мұғалім не істей білуі керек:
мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;
өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.)
кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану.
Егер мұғалім коррекциялық жұмысын уақытында жүргізіп отырса, бұл– педагогикалық- ізденістік шығармашылық жұмысы болып саналады. Осы істелген барлық жұмысын жүйелі түрде әдістемелік құрал ретінде, тәжірибесі ретінде ұсынуға болады. Бұл- жұмыстың нәтижесі болып саналады және аттестациялық деңгейін өсіреді. Ал оқу үрдісінде оқушылардың білім сапасының өсуіне әсерін тигізеді. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы оқушылардың білім сапасын көтеруге, дамытуға бағытталуы керек. Соңында сол әдістемелік тақырыптың нәтижесін көруіміз керек.
Тарих сабағына қалай дайындалу керек? Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені тандап ала білу; окушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру, сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістерін дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы. Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында тереңдеп, нақтылана түсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалу сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жете танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі. Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні — сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру.
Тарих пәнін оқытуға қойылған белгілі үш міндетті ойдағыдай орындауда Қазақстан тарихы кабинетінің маңызы зор. Өйткені, онда осы пәнді оқытуға өте қажетті: оқу – көрнекі құралдар, техникалық құралдар, кітапхана қоры сақталады. Тарих кабинетінің алдына қойған негізгі міндеттері: саяси, экономикалық, халықаралық жаңалықтарды көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру арқылы жүйелі түрде насихаттап отыру. Мектептегі тарих кабинеті- оқушылармен жұмыс жүргізетін база ғана емес, сонымен бірге ол мұғалімнің ə дістемелік жұмыстарының да көрсеткіші. Оқу - əдістемелік, көрнекі ж ə не техникалық оқыту құралдарының жеткілікті қоры жинақталған кабинет жағдайында мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты арта түседі. Əдістемелік шығармашылыққа қолайлы жағдай туғыза отырып ,кабинетпен жұмыс жасау мұғалімнің дайындығына жоғарғы талап қояды. Қазіргі кезде тарих п ə нін оқытуда міндетті түрде игерілуі тиіс білімнің көлемі арта түсуде. Сондықтан да мұғалім оқулықтан тыс диафильм,видеофильм,үнтаспа т.б.сияқты оқу құралдарының мазмұны ж ə не қолданылу мақсатын жетік білу тиіс.
Мұғалімге қойылатын талаптар: Кітапханамен үздіксіз байланыс жасау керек; Шығармашыл болуы тиіс; Жаңа технологияны меңгеру керек; Қадағалаушы болуы керек; Шебер ұйымдастырушы болуы керек; Жетелеуші, алға ұмтылушы; Мәдениетті,сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киім киісі, кескін келбеті тартымды ғажап тұлға.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар: өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу; оқушы қабілетін моделдеу; қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу; оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, басқа да көрсеткіштерге көңіл бөлу; шығармашылықпен орындайтын тапсырмаларды дайындай білу.
Егер біз мұғалім мен оқушының деңгейі бірге өсу керек деп айтатын болсақ, мұғалімнің тақырыбында өздік кәсіби дамуы басты болу керек, сонда оқушыларды да шығармашылық даму деңгейіне тартады. Әдістемелік тақырыпты таңдаған уақытта, оның тиімділігі жағына көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан тақырыптарымызды сыни-сараптамалық жағынан қарастырып, шығармашылық деңгейде алуымыз қажет.
Бүгінгі оқу үрдісінің оқушының қызықтырмаунының басты себебі: оқу-үрдісіндегі жасандылық, 45 минуттық көз бояушылық, дайын сұрақ пен дайын жауап шеңберіндегі мұғалім мен оқушы қызметі, олардың арасындағы формальді қатынас. Мұғалім оқушыдан білім мазмұнынына қатысты тосын сұрақтар алатындай дәрежеде оқу-үрдісін ұйымдастыра білсе, бұл сұрақтың жауабын өзім білмей қалуым мүмкін деген үреймен емес, бұл сұрақтарға «оригинал» жауаптарды аламын деген сеніммен оқушыларды жетелей білсе, мұғалім беделі, құзырлылығы, мұғалімнің өзіне деген, өз оқушыларына деген сенімі арта түсері қақ.
Тұлғаны тұлға ғана тәрбиелей алады. Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Баланың оқулықта берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттарымен арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру, баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру, тек баламен бетпе-бет, бір емес, бірнеше 45 минуттарды бірге өткізетін мұғалімнің ісі, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы қызметін жандандыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Бүгінгі таңда өз заманына сай, зерделі ой – өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру – мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып саналады. Сондықтанда қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын талаптардың бірі болып табылады.
Тарих пәнінің мұғалімі — жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары талаптар қойылады.
Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Мұғалім тұлғасына қойылатын талап та жаңарды.
тарихты, құқық негіздерін, азаматтану, адам және қоғам пәндерін оқытуды; сыныптық, сыныптан тыс, соның ішінде факультативтік сабақтар жүргізу; оқушыларды тәрбиелеу; біліктілігін көтеру; ата-аналармен жұмыс; қоғамдық жұмыстар атқаруды атауға болады.
Тарихшы мұғалім әрекетінің әрбір түрі оның қызметтік міндеттері мен қажетті білім, дағдылар жиынтығын құрайтын өзіндік мазмұнмен ерекшеленеді.