«21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыс Мақсаты: Оқушылардың білім туралы ойларын кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру. Міндеттері: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу.
Оқушылардың зеректік қабілетін дамып, ой өрісі кеңейту.Оқушылардың білімге деген қызығушылығы арттыру, ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін ашу;
Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлға болып қалыптастыру
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер Жоспар: 1. Аталы сөз білімді болуға бастайды. Халық тағлымы – тәрбие бастауы. 2. Біліммен қаруланған қор болмайды. 3. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. 4. Білімсіз күннің жоқ 5. Ел ертеңі көз алдымызда. (Сұрақ-жауап) 6. Таңғажайып төрттік. (қазақ тілі, әдебиет, математика, география пәндерінен сұрақтар)
Барысы; Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар, білімді де білікті оқушылар! Бүгінгі 8-11 сыныптар арасында «21 ғасыр көшбасысы» атты интеллектулды сайысқа қош келдініздер. Ақыл тоң аңдағанда тозбайтұғын, Білім кең қанша алсан да тозбайтұғын. Қатарын оза шауып бара жатса, Арқаның ауыруы не қозбайтұғын - Бүгінгі сыныптан тыс өткізгелі отырған интеллектуалдық сайысымыздың мақсаты – білім, ғылым туралы, білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы жайлы білу. Халқымыз жан – жақты адамды сегіз қырлы, бір сырлы – дейді. Адамның сегіз қырының бірі – оның білімі. Білімді адамның көкірегі ояу болады, жақсы мен жаманды айыруды біледі.Бүгінгі сайысқа қатысушыларымызда мектебімізді бетке ұстар білімді оқушылар.Олай болса,сайысымызды бастау үшін қатысушыларымыз ортаға шығып, өздерін таңыстырып өтсін.