21 ғасырдағы педогогика мамандығы



Дата14.10.2022
өлшемі15,63 Kb.
#43020
Байланысты:
21 ғ педагог -1


21 ғасырдағы педогогика мамандығы
Ұстаздық - жүгі ауыр жол. Ақпараттық соғыстың заманы туғанда білімді қару қылған сауатты адамдардың ғана мерейі үстем болады. Қазіргі заман білім бәйгесі, ақылдылар аламаны, оқығандар оза шауып, іздегендер алға шығатын заман. Ешқандай білім бағыт-бағдарсыз, нұсқаушысыз, ұстазсыз берілмейді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді қазақ, ұстаз біліммен қатар тәрбиені де береді, дұрыс жолды да сілтейді.
Қазіргі қоғамдағы ұстаздардың орны, деңгейі бәрімізге аян. Бұрынғы ұстаздардың биік дәрежесі, бұл күнде бірнеше сатыға төмендеген. Ата-ана да, бала да, билік те бар қысым мен жауапкершілікті ұстаздарға артады. Әуелі жыл сайын білім бағдарламасына сан қилы өзгеріс енгізеді, одан қалса, ешкімге қажетсіз құжаттармен балаларға арнайтын ұстаздың онсыз да аз, алтын уақытын зая кетіреді. Осы олқылықтардың орнын көтерілген жалақымен жаппақ болғанмен де, бәрібір ұстаздарды қағазбастылықтан арылтып, оқушыларымен қарым-қатынасын нығайтуға көбірек күш салуы керек деп есептеймін. Түбінде бәрібір, мемлекет үшін де, ұлт үшін де келер ұрпақтан, жас жеткіншектердің болашағынан маңызды дүние жоқ.
Менің ойымша, мұғалім мамандығы – мүлдем ескірмейтін, өте маңызды мамандық. Себебі ұстаздар болмаса, мектеп те, білім де болмас еді. Ал білім болмаса, саналы ұрпақ тәрбиелеу мүмкін болмас еді. Жастарымыз саналы да білімді болса, еліміздің болашағы жарқын болатыны бәрімізге мәлім. Мұғалімдер балаларға тек білім ғана емес, тәрбие беріп, өнеге көрсете білуі тиіс. Олар оқушылардың психологиясын түсіне алуы қажет. Өйткені әр оқушының мінез-құлқы, сабақты қабылдау психикасы әр түрлі болады. Білемін, мұғалім болу көп уақытты, энергияны алатын жұмыстардың бірі. Сондықтан жақсы мұғалім болу үшін, өз ісін сүйе білу, балаларды жақсы көру - ұстаз үшін өте маңызды.
Қорыта келгенде, «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» дейді хәкім Абай, ұстаздық бойында құдіретті күші бар, ұлылығы бар. Бүтін бір ұлттың азаматтарының, келешегінің, ертеңінің бәрі өзінің қолында. Бір балаға адамшылықты сіңіре алса, соның өзі ұлт үшін қосқан үлес.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет