№23 (5411) 6 маусым



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата15.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#9933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Г.Алибекова,

«Шабыт» клубының мүшесі

Жазықсыз жапа шеккендер

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу күні Алғабас

ауылының азаматтары іргедегі қорымды

тазалап, ата-баба рухына жəне атаусыз

қалған аруақтарға құран бағыштауды

дəстүрге айналдырған.

Атам қазақта  «өлі риза болмай, тірі ба-

йымайды» деген ғажап бір сөз бар. Бұл

несімен ғажап деуіңіз əбден мүмкін. Ол

демек, ата-бабаң мен салт-дəстүріңді

ұмытпа, өткеніңді ескер, болашағың

жарқын болады деген ұғым. Өткенін

өлшемдемеген адам болашағын болжай

алмайды деген сөз.

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу күні болып

қалыптасқалы да бірнеше жыл болды.

Осы бір үрдісті біздің Алғабас ауылының

азаматтарының əдетке айналдырғаны

көңілді марқайтады. Яғни, əр жылы 31

мамыр күні дəстүр бойынша ауылдан

жырақтағы ағайын-туыс, дос-жарандар

бір-бірімен құлақтанып, өз еріктерімен

ауыл қорымын тазалап, сырлап, əктеп,

құлаған қоршаулары болса, түзеп жөнге

келтіреді. Астана, Қарағанды

қалаларынан өзінің шен-шекпеніне

қарамастан, бір кісідей келген

азаматтардың ат салысқандары жанды

жадыратады. Онымен қоймай,

үлкендерден көрген үрдісті жасы кіші

өскелең ұрпақ та құптап, көмектескендері

көңілге медеу. Ұсақ балалар су тасып,

отын жарып, дастархан жайып деген

сияқты  қол көмектерін көрсетіп жатты. Ол

алдағы уақытта  бізден көрген өнегесін

ертеңге жалғайды деген үміт. Жыл сайын

сойылатын малды туыстар алдын ала

жақсылап дайындайды. Керек қаражат та

өз еріктерімен аруақ ризашылығы үшін

жинақталады. Мал сойып, құран

бағыштау, Алладан тілек тілеу - қазақ үшін

үлкен сауапты іс. Жылда 31 мамырды

аруақ ризашылығын алу үшін жан-жақтан

жиырма үстелден артық адам жиналады.

Біз, қариялар, жастардың осындай       са-

уапты істерін дəріптеп, алғысымызды ая-

мауымыз керек. Өз кезегінде сырттан

келгендерді қабақ шытпай қарсы алып,

құрбандарды еске алу шарасында  жауап-

кершілікпен қызмет атқарған Арсызбаева

Əмина, Қошанова Сағадат, Күшкенова Ал-

тынай, Абсатова Күлəш, Насырова

Дəмелі, Урушова Үмітжан, Құрманбаева

Рымбала, Төлеутаева Жанат сынды

əйелдер қауымына дəн риза болдық. Ке-

шегі қырық күн қырғында атаусыз қалған

аруақтарға да құран бағыштадық. Жан-

жақтан келген кісілер соңынан барлық

жерді тазалап, тұрғылықты кісілердің ба-

тасына кенелді. Қамыстың сабындай

қысқа ғұмырда бір-бірімізді бағалап,

аруақтардың ризашылығын алу - парыз.

Қауымдасқан барша жұрттың отбасыла-

рына ынтымақ-бірлік, қуаныш-бақыт, нəсіп

пен ырыс қонсын деп, ардагерлік

алғысымды білдіремін. 



К.А.Жұмаділова,

Нұра аудандық ардагерлер

ұйымының төрайымы

Сауапты іс қыл, айналайын!

Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының

тарихында ұлы оқиғалармен есте

қалады. Сол оқиғалардың ішінде

«мың өліп, мың тірілген»

халқымыздың басынан өткен

1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең

болды. Қазіргі тəуелсіз уақытта өткенге ой

жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап

өткен асыл ағаларымызды еске алу,

ұмытпау -  əрбір ұрпақтың парызы. 

31 мамыр күні Нұра ауданының тарихи-

өлкетану мұражайының директоры

А.К.Есмағамбетованың басқаруымен

Саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күніне

орай «Жазықсыз жапа шеккендер» атты

еске алу кеші өтті. Кештің мақсаты - сол

уақытқа тəуелсіз ел ұрпағының көзіменен

баға беру, ұлы есімдерді ұмытпау, оларды

мəңгі құрметтеп өту. 

Мұражайдың экскурсоводы Лаура

Абылайқызы əр түрлі жан түршігерлік ви-

деоматериалдар, дəлірек айтқанда,

«Қанмен жазылхан хат», «Лютый холод

АЛЖИРа» атты фильмдер көрсетіп,

оқушылармен ой-пікір алмасты.  Қазақ

халқының басынан өткен зұлмат

заманның зардаптары, құрбан болған

арыстардың өмірі жайлы айтылды. №3

Киевка орта мектебінің тарих пəнінің

оқытушысы Асейхан Азирахмет тарихи

деректермен кеш мазмұнын толықтыра

түсті.  

Өткен күнімізді сөз етер болсақ,

Сталиннің тұсында Қазақстанда 11 мем-

лекеттік басқару лагері (ГУЛАГ 11 лагері)

болған. (Олар: Алжир, Карлаг, Дальный,

Степной, Песчаный, Қамыслаг, Ақтөбе,

Жезқазған, Петропавл, Кеңгір жəне

Өскемен лагерлері). Еліміз бойынша 1919-

22, 1930-32 жылдар мен 1937-38

жылдардағы репрессияның зардабын

қоса есептегенде,                 4 миллион 200

мыңнан астам халық қырылғаны белгілі.

Соның ішінде мемлекетіміздің болашағы

үшін қызмет атқарған азаматтардың

төрт мыңнан астамы жазықсыздан-

жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, азап

көрді. Атап айтқанда, өмірлерін

халқымыздың бірлігі жолына арнаған

Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин,

Тұрар Рысқұлов, Сəкен Сейфуллин,

Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов,

Шəкəрім Құдайбердиев, Міржақып Дула-

тов, Сұлтанбек Қожанов, Мағжан

Жұмабаев сынды өзге де белді

ағаларымыз азаттық жолында өмірін

қиды. Соның ішінде ашаршылық кезеңін

еске алсақ, қазақ халқының 40 пайыздан

астамы аштықтан қырылды. Азия елдері

арасында дəл осындай зардаптардың

ауыртпалығы Қазақстанға түсті. Осының

салдарынан көптеген қандастарымыз

туған жерін тастап кетуге мəжбүр болды. 

Міне, осындай қиын кезеңдердің соңы

жақсылықпен жалғасып, Елбасымыз

Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен

Қазақстанда 1993 жылы жаппай саяси

қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы

Заң шықты. 1997 жыл – ел тарихында

«Татулық пен саяси қуғын-сүргін

құрбандарын еске алу жылы» деп аталып

өтті. Ал, Заң қабылданғаннан бері 31

мамыр – сол құрбандарды еске алу күні

деп белгіленді.

Содан бергі уақытта көптеген азаматта-

рымыз ақталды. Олар жөнінде тарихи де-

ректер жиналды. Елді мекендер мен

көшелерге, мектептер мен кітапханаларға

саяси құрбандарымыздың есімдері бе-

рілді. Осылайша елін сүйген жазықсыз

қудаланған арыстарымыздың есімі мəңгі

сақталып, тарих бетінен өшпес із

қалдырды. 

Қорытынды сөзінде, Адиша

Көнекбайқызы сол кезеңдегі Нұра

ауданының бастан өткерген

ауыртпашылықтарын, жалпы қазақ

халқының басынан кешкен қиындықтарын

оқушыларға түсіндіріп, келекшектерін тек

жарқын болсын деген ниетпен өзінің тіле-

гін білдірді.

Мұндай шаралар бүгінгі ұрпақ үшін де,

болашақ ұрпақ үшін де аса қажет. Прези-

дентіміз Н.Ə.Назарбаев бастаған еліміз

тəуелсіздігін алып, жас ұрпақтың

болашағы жолында еліміз еңсесін көтерді.

Сондықтан Қазақстанда бейбітшілік пен

келісім орнай берсін!

Нұрыш  Нақыпова

Ұлылар   ұмытылмайды

Өткен жылқы жылы мал баққан қазақ

үшін оңай жыл болған жоқ. Жылқы малы

қазақ халқына қанша жақын болғанымен,

өзінің тарпандығын барынша көрсетіп

бақты.


Біздің Құланөтпес округіне қарасты

Құланөтпес, Ақтүбек, Нығман елді мекен

тұрғындары қысқа барынша дайындалып,

жем-шөптерін көптеп жинады. Алайда

қыстың ерте түсуі, көктемнің кеш шығуы

мал баққан шаруаны əбігерге салды.

Құланөтпес ауылдық округіндегі шаруа

қожалықтары «Мейрам» Канкеев Е,

«Ержан» Құлқаев А, «Боканов А.К». Бока-

нов А, «Ерлан» Жунусов М, «Құлтума» Ту-

лепбергенов Х, «Ғибрат» Сағынбеков А.

Ауыл тұрғындарының малдарын аман

алып шығу үшін өздерінің мол етіп жиған

жем-шөптерін халыққа тегін бөліп беріп,

ауыл тұрғындарының алғысына бөленді.

Жоғарыда айтылған азаматтарға ауыл

тұрғындарына деген қамқорлықтары,

бауырмалдықтары мен жанашырлықтары,

адамгершіліктері  үшін жеке өз атымнан

алғысымды білдіремін.

Көктем кеш шыққанмен, күннің күрт жы-

лынуынан мөлшерден көп түскен қардың

еруі елді мекендерді тасқын судың авто-

мобиль жолдары мен тұрғын үйлерді, қора

жайларды су басып қалу қаупін туғызды. 

Осы қауіптерді болдырмау үшін аудан

əкімі Қ.Б.Бексұлтановтың тапсырмасымен

аудан əкімінің орынбасары Х.А.Беков,

Д.Б.Бекмағанбетов, «Шұбаркөл көмір» АҚ,

«Тур» АҚ жəне «Найза Құрылыс» ЖШС

басшыларымен келісіп, ауыл көшелерін

қардан тазалауға жəне Теңіз көліне дейін

тасқын судың кедергісіз кетуіне суағар

жолдар салуға техникаларын беріп ат са-

лысты. Осындай алдын ала жүргізілген

жұмыстардың барысында ауыл

тұрғындарының қора-қопсыларына қауіп

туғызған жоқ.

Алайда Құланөтпес, Көң өзендерінің ар-

насынан асып келуі халықты біраз əуреге

салғаны рас. «Жұмыла көтерген жүк

жеңіл» дегендей, өңір тұрғындары күндіз-

түні кезекшілікпен өздерінің техникалары-

мен жəне қол күштерімен тасқын судан

ауылдарды аман-есен алып қалдық. Нұра

аудандық байланыс торабының басшысы

С.А.Смагуловке, инженері Қ.Айтжановқа,

монтер С.Абиловқа Құланөтпес өңірінің

тұрғындары атынан алғыс айтамыз.

Су тасқыны кезінде Нығыман ауылына

бір ай мерзімге жол қатынасының жабы-

лып қалуына байланысты аудандық

орталық аурухана басшысы Б.Қ.Мукушева

медбике Айдана Бегенованы бір айға

іссапарға жіберді. Айдана өзінің біліктілігі

мен білімін, биязылығын көрсетіп, ауыл

ақсақалдарының алғысына кенелді. Қазіргі

жастар бойынан көріне бермейтін

патриоттығы, ұлтжандылығына риза

болдық.


Ата қоныстарын аман сақтап қалған

ауыл тұрғындары қауіптің алдын алу ша-

раларын өз уақытында жүргізгендері үшін

демеушілік жасап, көмек қолын созған

аудан басшыларына шексіз

ризашылықтарын білдіреді.



Ерлан Жүнісов,

Құланөтпес ауылының əкімі

Жылқы жылғы сергелдең

АЛҒЫС

Ауыл тынысы

4 бет

6 маусым 2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

“Жүректің көзі ашылса, хақтықтың түсер

сəулесі” дегендей, бүгінгі күнде

ауылымыздың тұрғындары Сарсенбаев-

тар отбасы туралы айтқымыз келіп отыр.

Үй отағасы Сарсенбаев Өмірзақ

Сарсенбайұлы 1975-1977 жылдары Мичу-

рин аграрлық техникумын бітірген соң,

С. Сейфуллин атындағы ауыл

шаруашылық институтын “агроном”

мамандығы бойынша оқып бітірді. Əр

түрлі сала бойынша Сарсенбаев Өмірзақ

Сарсенбайұлы есепші, бригадир, парторг

қызметтерін абыроймен атқарды. Ал,жары

Салтанат 1972 жылы Қарағанды

облысының Абай атындағы педагогикалық

училищесіне түсіп, 1976 жылы аяқтады.

Еңбек жолын Нұра ауданының “Нұра” сов-

хозында, «Алакөл» бөлімшесінде шағын

жинақталған бастауыш сынып мұғалімі

болып бастады. 1980 жылы Сарсенбаев

Өмірзақ Сарсенбайұлымен тұрмыс құрып,

“Амантау” совхозына орнықты. Сол сов-

хозда өзінің педагогикалық жұмыстарын

бастады. Қазіргі таңда Салтанат Идри-

совна Дон мектебінде бастауыш сынып

мұғалімі болып жұмыс істейді. Өзінің

жұмысына жауапкершілікпен,

шығармашылық қабілетпен қарайтын

ұстаз бүгінде оқушылардың əрі

əріптестерінің мақтанашына айналғаны

сөзсіз. Салтанатты өзінің салмақты мінезі-

мен, қарапайымдылығымен,

сауаттылығымен, мəдениеттілігімен жəне

білімділігімен ерекше сипаттауға болады.

Салтанат - өз отбасының тірегі, жақсы ана,

ұлағатты ұстаз, сүйікті əже. Сарсенбаев

Өмірзақ Сарсенбайұлы екеуі - қазіргі

таңда 3 баланың əке-анасы. Ұлы Серік 2

баланың үлгелі əкесі,  ол облысымыздың

«Теміржол» бөлімшесі басшысының орын-

басар қызметін атқарады, шені майор, ал

келіні Жұлдыз облыстық денсаулық

бөлімінің бас маманы болып жұмыс іс-

тейді. Қыздары Гүлмира – экономист,

Гүлзира - Нұра ауданының ХДП «Нұр

Отан» филиалының  жетекші маманы. Ұл-

қыздарынан екі немере, үш жиен сүйіп

отыр. Салтанат білім ошағында бала

тəрбиесімен айналысып жүрсе, отағасы

биылғы табиғаттың тосын

тосқауылдарына қарсы шығып, игілікті

істің нəтижесін көрдік. Бес  жылға жуық

шамасында Құланөтпес ауылында əкім

болып қызмет атқарады. «Əкім бол,

халқыңа жақын бол» деген сөз осы кісіге

лайықты айтылғандай. Ауылдың халқын

өз отбасынан артық көрмесе, кем

көрмейді. Əкім болған бес жыл ішінде

ауылымызға көп еңбегін сіңірді. Ауылы-

мыз күл-қоқыстан көрінбейтін, бүгінгі

таңда жартылай күл-қоқыстан та-

зарды, ең басты мақсаты - ауылды

толықтай күл-қоқыстан тазарту. Ал-

дына қойған мақсаттарына жетпей

қоймайды. Бастаған ісін аяқсыз

қалдырмайды. Жеке құжаттары

жоқ отбасыларға құжат істеуге бел-

сене көмек көрсетіп, ауыл

тұрғындарының батасына бөленді.

Жеке шаруа қожалықтарына жер,

субсидия, асыл тұқымды бұқалар

алуға көмегін көрсетеді. Ауылдың

ішін көгалдандыруға, көркейтуге,

əр ауланы əктеуге, бояуға, ауыл

тұрғындарын бір адамдай

жұмылдырады. Биылғы қыстың со-

зылуына байланысты əр отба-

сында малдың жем-шөбі таусылып

қалғанның куəсі болдық, бірақ

осындай ауылда осындай ер азамат

тұрғанда, кез-келген мəселені шешу оңай

болды. Ауыл тұрғындарының əр үйіне те-

лефон соғып, үйінде жоқ отбасыларын

аралап, жиын ұйымдастырды. “Бірігіп

көтерген жүк жеңіл” дегендей, ауыл

тұрғындарын қиындық күндерінде бірлікке,

бос қарап отырмауға болмайды деген аза-

матымыз халықтың қарап отырған бір-екі

малын өлтіріп қоямыз ба? –деп жан да-

уысы шықты. Жақын жерде жатқан шөп,

сабан болса, жанар майға ақша жинап,

тығырықты жағдайдан шығу жолдарын

түсіндіріп өтті. “К-701” шығарып, жылқы

жүретін жерлерден жол салып, қырда

жатқан тебінгі жер аршытты. Көлікпен

жүріп, халықтың 100% жағдайы

жақсарғанша, маза таппаған əкіміз əр

отбасының мал тіршілігін аман алып қалу

жолдарын тапты. Ауыл тұрғындарына ең

басты керек тамақтарының тізімін құрып,

бір күннің ішінде оң шешімін тапты. Осы

отбасының береке-бірлігі, халыққа деген

сүйіспеншілігі, қөңілі, ілтипаты, ер

жүректілігі, өжеттілігі əрқашанда жанып

тұрады. Əр ауылдың əкімі біздің əкім

сияқты халқына қалаулы, еліне елеулі

болса екен демекпіз. Ауыз толтырып

мақтан ететін ер азаматымыз бен оның бе-

рекелі отбасының атқарып отырған

жұмыстарына береке, амандық тілеймін. 



Макумов Əбікен, 

Құланөтпес ауылының тұрғыны, 

тыл еңбеккері, зейнеткер 

ҒИБРАТТЫ      ҒҰМЫР

“Соғыс” –

қорқыныш сезі-

мін тудыратын,

терең мағыналы сөз. Дəл сол сезімді қазақ

халқы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан

соғысында өз бойларынан өткізіп, жеңді.

Қазақтың батыр ұл-қыздары ол сезімге

ерік бермей, туған жерлері үшін жандарын

қиюға дайын тұрды. Қазақ жері үшін

соғысқан қазақ азаматтарының арасында

менің аталарымның болғанын мақтан

тұтамын.  Са-

темировтер

ə у л е т і н е н

ш ы қ қ а н

ағайындылар

жайлы сөз

қ о з ғ а ғ ы м

келіп отыр.

С ате м и р о в

Қапыш 1899

жылы туған.

« К а л и н и н »

колхозында

қ

о



й

фермасының

меңгерушісі

қ ы з м е т і н

а т қ а р ғ а н .

1942 жылы Нұра ауданының əскери

комиссириатының шақыруымен əскерге

алынады. Соғыс уақытында артиллерияда

қызмет етіп, жаудың əскери бекіністерін

талқандап отырған. Атамыздың ай-

туынша, артиллерия жаудың көзіне түспеу

үшін орманды көп паналайтын. Жау

суықтан қорқатын, сондықтан ауылдарды

паналайтын. Неміс əскері суықтан

қорғанып, түнде ұйықтап жатқанда, қазақ

артиллериясы сол ауылды аңдып, жаудың

көзін жойып отырған. Соғыс жылдары 2

рет жаралы болған. 1945 жылы Жеңіс

күнін батыс Пруссияда атап, жаз орта-

сында елге оралды. Соғыстан келген соң

жұмысын жалғастырады. 1966 жылы 1

қарашада бақилыққа аттанады. Інісі Сате-

миров Жақыш 1908 жылы туған. 1942

жылы қазан айында Белорусияның Ви-

тебск облысы, Суранск ауданында, Галичо

ауылында жерленген. Сатемиров Мұқатай

1914 жылы туған. 1942 жылы соғысқа

аттанған, із-түссіз жоғалып кеткен. Ұлы

О т а н

соғысының



аяқталуына

70 жыл


толып от-

ырса да,


атамыз та-

б ы л а д ы

д е г е н

ү м і т і м і зд і

ү з б е й м і з .

Ə ж е м н і ң

ə к е с і

С а д ы қ о в

Тоқаш 1916

ж ы л ы


туған. 1942

жылы Нұра

ауданының əскери комиссириатымен

əскерге шақырылған. 1947 жылы соғыстан

қайтып келеді. 1965 жылы «1941-1945

жылдағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің

жиырма жылдығы» медалімен марапатта-

лады. 1998 жылы ақпан айында қайтыс

болды. Заманы солай болды, Отан үшін

оққа түсті, елін-жерін аман алып қалудың

жолында қасық қандары қалғанша

айқасты. Ақыры жеңді. Бір ғана біздің

əулетіміздің өзінен қаншама ата-бабала-

рымыз аттанған. Мұратына жеткен

бабаларымыздың ерлігі мəңгілік мұра

бола бермек.



Мадина Даулетова

Əулетімізідің мəңгі

өшпес мұраты

Пайғамбар

жасын бағындырса да, Ықсан

Балтабайұлы қалжыңнан бір алшақтаған

емес. Үлкенмен де, кішімен де ебін тауып,

тігісін жатыстырып, отырған ортасын

күлкіге бөлеп отырғаны.  Өзі басқарып

о т ы р ғ а н

« П р ж е в а л ь -

ское»ЖШС-де

тура осы

қ а л п ы н д а

е к е н .

Жұмыскерлер

басшысының

осы қалпына

үйреніп те

алған. «Ықсан

Балтабайұлын

басқаша еле-

стете де ал-

маймыз», - деп

қояды. 

Мыңға


тарта халық

мекен еткен

а у ы л д ы

т о л ы ғ ы м е н

ж ұ м ы с п е н

қ а м т ы п

отырған серік-

тестік басшы-

сын əңгімеге

т а р т т ы қ .

Ұ ж ы м н ы ң

қазіргі таңда бағындырған жетістіктері мен

болашаққа қойған мақсатымен бөлісуін

сұрадық.


- 1999 жылдары серіктестік болып алғаш

құрылған жылдары 12 мың  гектар жерге

дəн сіңіруден бастаған едік. Енді, міне

қазір егіс алқабын 26 мың гектарға дейін

ұлғайттық. Бұл жерде мемлекеттің де

қолдауын айта кетпеске болмайды.

Елбасының жылдағы жолдауларында егіс

алқабының көлемін ұлғайтумен қатар, аз

жерден көп өнім алу технологияларын

кеңінен пайдалану керектігі айтылуда. Бұл

əдістің тиімділігіне көзіміз жетіп отыр.

Ылғал қорын сақтау жолымен жерге

сіңірілген дəн өткен жылғы

құрғақшылықтың өзінде 12-13 центнерден

айналды гектарына, сонда орта есеппен

10 центнерден шықтық.  Парктың бəрі

толығымен жаңа. Кейінгі бес жылда

алынған техникадан құралады. Астық

науқанында өнімнің сапасын жоғалтпай

оруда берері мол.

-    Сізді осы жер ананы баптап күте от-

ырып, өнім алуға, жалпы алғанда жермен

тығыз жұмыс істеуге не тартты?  

- Мүмкін, қанмен берілген шығар,-  деп,

əдетіне салып, бір күліп қойды. Ұлы Отан

соғысының ардагері, əкем Балтабай

марқұм соғыстан кейінгі бар ғұмырын осы

қасиеті мен киесі артқан жер анамен біте

қайнасып, халықпен бірге қызмет атқарған

жан. Біз ол кезде баламыз, таңертең ерте-

мен кетіп, біз ұйықтағанда бір-ақ келетін.

Анам Ақылсара үйдің бар тірлігін өзі ай-

налдырып жүре беретін. Əкем жай

жұмысшыдан колхоз басшысына дейін

көтерілген. Еңбегі еленіп, төсіне ІІІ

дəрежелі “Даңқ” орденін де таққан. Жалаң

аяқ жүрген бала кезімде əкем

«еңбектенген жан далада қалмайды» деп

отырушы еді, сол сөз құлағыма құйылып,

жүрегімнен орын алғандай. Жасымнан

еңбектен қашқан емеспін. Қатардағы

жұмыскерден бастағам еңбек жолымды.

- Қазіргі жетістігіңіздің тамыры тереңде

жатқанын білдірдіңіз. Сізбен  əңгімелесе

отырып, өміріңізді жер анамен тығыз

байланыстырмағанда, нағыз əртіс бола-

тын адам ба деген ой келді маған. Іліп-

шалып əр сөздің астарынан қалжың іздеп

отырасыз. Сізден үлкен сатирик шығар

еді. Əр күніңіз қызықты, əр таңыңыз тек

қуаныш əкеледі дедіңіз, сіздей оптимист

жанда басқаша болуы да мүмкін емес.

Сонда да, өміріңізде ұмытылмас ерекше

оқиға бар ма?

- Əрине, бар. Осы серіктестікті құрып, бі-

рігіп жұмыс атқарып, алғашқы мол өнімге

қол жеткізген 2001 жылы Елбасымен Ал-

маты қаласында арнайы кездесуге

барғанмын. Сол кездесу есімнен еш

шыққан емес. Елбасының көрегендігіне

əлі де таң қалам. Ол кісінің осыдан 10-15

жыл бұрын айтқан жоспарлары қазір іске

асуда, - деп Нұрсұлтан Əбішұлымен

түскен суретін əкеп көрсетті. 

Ықсан ағаның үйдегі бар жағдайын

жасап отырған өмірлік қосағы Төлеутай

Мұхамеджанқызы - ізгілікті өмірін шəкірт

баулуға арнаған ардақты ұстаз. Қазір екі

қыз, бір ұлдан  тараған алты немересінің

сүйікті əжесі.  Балаларының бəрі өмірден

өз жолдарын тапқан, елордамыз Астана

қаласының тұрғындары. 

Ордалы шаңырақтың тұтқасы, тірегі

болып отырған Ықсан Балтабайұлын ар-

найы барып, Қарағанды облысы

ауылшаруашылығы, қайта өңдеу

ұйымдары жəне мемлекеттік мекемелер

қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағы»

ҚБ-нің атынан Кəсіподақтағы белсенді

қоғамдық қызметі үшін, жаңа

Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке

еңбек қосқан үлестері үшін жəне 65 жас

мерейтойымен Нұра ауданы

«Ауылшаруашылығы, қайта өңдеу

ұйымдары жəне мемлекеттік мекемелер

қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағы»

төрағасы С.А.Құрманов марапаттады.

Негізінен, Ықсан аға марапаттан кенде

емес. Ауылшаруашылығы саласындағы

еңбегі  мемлекет тарапынан  «Құрмет» ор-

денімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен

бағаланып,  марапатталған.  Бұл - əрине,

Ықсан ағаның сөзімен айтқанда,

серіктестіктің жетістігі.



Тазагүл Пішенбаева

Еңбегімен елеулі 

Ауылымыздың  Құланөтпес деп ата-

луында терең бір мəн жатыр. Біздің бала

кезімізде өзеннің бір шетімен екінші

шетінің жалпақтығына көз жетпейтін

болған, сонда ар жақтан құландар келіп,

бері қарай жүзіп өте алмай кетеді екен, –

деп əкеміз айтып отыратын. Сол себепті

де ауылымыздың атын “Құланөтпес” деп

атаған екен. Жылдың көктемгі айларында

су тасқыны болып су тасығанда, көктем

сайын көпірді бұзып кетеді. Ауылда тех-

ника болып тұрғанда жылда уақытында

өткел жабылып, су тоқтатылатын. Кейінгі

жылдары техниканың жоқтығынан көпір

кеш тоқтатылып жүрді, тіпті, жабылмай

қалған жылдар да болып, өзеннің суы ша-

малы қалып жүрген жылдар да болды.

Өткен жылы да көпір жабылған жоқ.

Өзеннің жағасына барсаң, жүрегің қан жы-

лайтын. Кезіндегі дүркіреген өзеніміз

бұндай халге қалай жетті деп. Қолдан ке-

летін дəрмен жоқ еді.

Биылғы жылғы көктемнің қандай

болғаны баршамызға белгілі. Құлан

тасығанда, су қырдағы арнаға дейін жетті.

Судың көбейгенін көріп, қатты қуандық.

Шіркін-ай, енді көпіріміз уақытында жабы-

лып, өзеннің суы мол болып, осылай

қалса екен деп тіледік. Бүгінгі таңда Алла

тағала біздің тілегімізді қабыл алып,

“Нұраталдың” басшысы Искаков

Нүркеймен келісіп, техникасын сұрап

алып, ауылға алып келіп, өз үйінен

тамақтандырып, өзі солармен бірге жүріп,

төрт күннің ішінде көпірді толығынан

жапты. Біз үйде отырған қарттармыз,

қолымыздан не келеді,тек қана ақ бата-

мызды беріп, жақсы тілек тілегеннен

басқа.


Ауыл тұрғындарының атынан, өз атым-

нан ауылымыздың əкімі Өмірзақ

Сəрсенбайұлына, “Нұраталдың” басшысы

Искаков Нүркейге, Шведкой Николайға-

(Амкадор погрузчик), Аймағанбетов

Бекайдарға (МАЗ автомашинасы),Тока-

баев Мақатайға (басқарушы), машинист

Қоғабаев Жарылғасынға  шексіз

ризашылығымызды білдіріп, жемісті

еңбек, отбасыларына бақ-береке, мықты

денсаулық, бақытты өмір тілейміз.                                     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет