25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет27/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы
Тәуелсіздіктің жалғыз тірегі – бірлік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен. 15 желтоқсан, 2011 жыл

25 байыптама
25 БЕЛЕС
244
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарт  өзінің  міндеттерін  орындай 
алмай отыр. Ажал себетін қару мен оны дайындау технологиялары ірі 
державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге 
тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі – уақыт өте келе әбден 
болуы мүмкін нәрсе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінен. 
АҚШ, Вашингтон қаласы, 4 сәуір, 2016 жыл
Ә
лем  саясатындағы  зорлық-зомбылық  жасамау  қағидаттары  тек  адам  мен 
оның өмірі құндылық болып есептеліп, адамның ар-намысы мен жеке тұлғасы 
экономикалық мүдде, қару-жарақ жасау бәсекесі секілді бүгінгі ғаламдық деңгейдегі 
маңызды мәселелерден жоғары болып танылған кезде ғана жүзеге асатыны ақиқат. 
Ал осы бейбітшілікті сақтап қалудың бүгінгі таңдағы басты шарттарының бірі – Ядролық 
қаруды таратпау жөніндегі шарттың өз дәрежесінде орындалмай жатқан заманында зорлық-
зомбылықсыз әлем орнату жөніндегі идеяның іс жүзіне асуы мүмкін емес жайт. Қазақстан 
Президентінің мәселені тап бұлай төтесінен қойып, алаңдап отырғаны да сондықтан. 
Өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты әйгілі манифесінде Нұрсұлтан Назарбаев: «Ядролық 
қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ажал себетін қару 
мен  оны  дайындау  технологиялары  ірі  державалардың  қосарланған  стандарттарының 
салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі – уақыт өте 
келе әбден болуы мүмкін нәрсе», – дегенді асқан көрегенділікпен ашып айтты дер едік. 
Міне, қауіптің үлкені де сонда, егер күндердің күнінде жаппай қырып-жоятын ядролық 
қарулар лаңкестер тобырларының қолдарына жазатайым түсе қалса, адамзат баласының 
ішкені – ірің, жегені желім болатын шағы сол кезде орын алады. Ал Нұрсұлтан Әбішұлының 
бұдан  тура  25  жыл  бұрын  Семей  полигонын  жауып,  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас 
тартқан Мемлекет басшысы ретінде бұл өзекті мәселені тап осылай қабырғадан қойып, 
төтесінен тартуына толық құқы бар. Адамзат ертеңіне алаңдау – бүгінгі әлемдегі ең үлкен 
жауапкершілік. Сол себепті де Қазақстан Президентінің саммитте айтқан: «Жері ядролық 
қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған, 500 ядролық сынақтың нәтижесінде 1,5 
миллионнан  астам  азаматы  мен  ауқымды  территориясы  радиация  зардабына  ұшыраған 
еліміздің тарихи тәжірибесі бізді қауіпсіздіктің сипатын басқаша түсінуге алып келді», – 
деген мәлімдемесі өз тың-даушыларын кәміл иландырды. 
Осында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқының қолдауы арқасында 
кеңес  заманынан  бері  келе  жатқан  Семей  ядролық  полигоны  жабылғанын,  содан  кейін 
еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартқанын тілге тиек етті.
Еркін ҚЫДЫР,
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» 
АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 
Президент сыйлығының лауреаты, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

25 байыптама
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
245
25 тұжырым

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
246
Жаһандық құрылымның сәтті жаңғыруы XXI ғасырда тек эволюциялық 
жаңғыру ғана болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
V Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзі. 23 мамыр, 2012 жыл
А
дамзат қоғамының тарихы мен табиғат нысандары дамуының ортақ сипаты – 
эволюциялық даму. Оның қадір-қасиетін түсініп, бағалау үшін қоғам дамуында 
революциялық жолдың да бар екенін ескерген жөн. 
Бірақ революциялық дамудың құрбаны болатын, біріншіден, ең құнды феномен – жеке 
адамның өмірі, екіншіден, материалдық дүние, үшіншіден, жойылатын дәстүрлер мен 
құндылықтар. Адамзат қоғамында абсолютті теңдік пен шынайы әлеуметтік әділеттілік 
толықтай салтанат құруы мүмкін емес. Бірақ, сол идеалдарға барынша жақын болуға 
кез келген өркениетті қоғам мүдделі. Оған жетудің екі жол бар. Біреуі – қиын жағдайды, 
қоғам қалпын, рет-ретімен, кезегімен өзгерту, сатылы механизм іздеу, келісіп жол табу. 
Басқа жол – революция. Өзгерістер бір ұрпақ кезінде іске асып, келесі буын жаңа салт, 
жаңа заң, жаңа идея аясында өмір сүреді. Ол үшін мыңдаған, миллиондаған адамдардың 
өмірі қиылып, саяси өмір мен экономикалық жүйе орталықтандырылып, тұлға дамуы 
шектеледі. Өзгерістер тез болғандықтан оны жан-жақты оңтайландыру, салдарын болжау 
мүмкін болмайды. Санаға, жүріс-тұрысқа жаңа құбылыстар бірден сіңбейді, қоғамның 
бір бөлігі жатсынып, бір бөлігі қарсы шығып әлек болады. Нәтижесінде оларды күштеп 
бағындыру  немесе  жою  жіберу  амалдары  іске  асырылады.  Күндердің  күнінде  қоғам 
дамуының  жалғыз  прогрестік  жолы  –  эволюция  екеніне  көз  жетеді.  Бірақ  ол  кезде 
атылған, жер аударылған, бас, жан сақтау мақсатымен шетел асып кеткен туыс, ауылдас 
ағайындарды өз қатарыңа қоса алмайсың.
Бүгінде  басқа  түркі  тілдес,  қазақпен  тектес  ұлттардың  саны,  мысалы:  шамамен 
ұйғыр – 9 миллион, татар – 6,5 миллион, қыр ғыз – 4,5 миллион, башқұрт – 2,2 миллион 
болса,  алаштың  ұрпағы  12  миллион  төңірегінде.  Ал  1917  жылғы  Қазан  төңкерісінің, 
содан кейін орнаған қоғамда саяси режимнің кесірінен миллиондаған ата-ағаларымыз 
құрбан болмаса, қазақ саны қаншаға жетуші еді?
Тарихтан дерек келтірсек, Францияның өзінде 81 жыл ішінде, яғни, 1789 жыл мен 1870 
жыл арасында 4 революция болып, ел қанға батты, жалпы қоғам революцияшылдық дертіне 
шалдықты. Бұл мысал тым әріден десеңіз, соңғы 3-4 жылдағы араб мемлекеттеріндегі 
төңкерістерді, айтуға болады. Ливия, Тунис, Египет және де басқалары осы күнге дейін 
тәп-тәуір  өмір  сүріп  жатты.  Бірақ  ауызбіршілік,  ортақ  мүдде  мен  идея,  жанашырлық 
пен шыдамдылық жоқ болғандықтан қоғам орасан зор шығынға батты. Құрбан болған 
адамдар, құлдыраған экономика, жоқтың қасы болған саяси бедел – осының бәрі заманауи 
революцияның салдары. Соның бәрін ой елегінен өткізсең, түйін біреу: кез келген қоғам 
өзгермей өмір сүрмейді. Бірақ өзгерістер ақыл, сабыр және тиянақтылықты талап етеді.
Рамазан САЛЫҚЖАНОВ,
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
247
Т
олеранттылық  латын  тілінен  аударғанда  «төзімділік,  көнбістік»  деген  мағына 
береді.  Ал  қазіргі  тілімізде  «Басқа  ойға,  көзқарасқа,  наным-сенімге,  іс-әрекетке, 
әдет-ғұрыпқа,  сезім-күйге,  идеяларға  төзімділік,  жұмсақтық  көрсете  білу  қасиеті» 
немесе  «Жергілікті  халықтың  басқа  ұлт  өкілдеріне  және  басқа  діндегі  адамдарға 
түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. 
Жалпы, толеранттылық – өркениетті қоғамға тән құбылыс» секілді түсініктер беріліп 
жүр. Аталған пікірлер арасында кейбір ерекшеліктер болғанмен, қайшылық жоқ, бірін-
бірі  толықтырып  отырады.  Бұл  түсініктер  осы  сөз  алғаш  Елбасы  қолданысы  арқылы 
тілімізге  енгеннен  ке йін  ғана  беріле  бастады.  Ал  Нұрсұлтан   Назарбаевтың  өз  сөзінде 
бұл мағына тереңдей түседі. Ол: «Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты 
болып  келді.  Бұл  ретте  мен  толеранттылықтың  бассыздық  емес  екендігін  атап  өткім 
келеді.  Толеранттылық  –  қоғамның  адамгершілік  нормалары.  Оларды  біз  нығайтып, 
қорғап,  барлық  буындарды  тәрбиелейтін  боламыз»,  –  деп  атап  көрсетті  және  әсіресе 
қазіргі заман үшін аса маңызды, қанымыздағы осы қасиетті ең бірінші «толеранттылық» 
деген сөзбен атап, нақты баламасын берді.
Біздің  өткеніміз  бен  бүгініміз  өз  мәңгілігінің  басты  қағидасы  ретінде  осы  ұғымды 
ұстанып келді, демек, ол – болашағымыздың да негізгі тұғыры, сондықтан ата-бабадан 
қалған осы жолды рухани мұра ретінде сақтап, жаңа ғасыр талаптарына сай жетілдіріп 
отыру – басты міндеттің бірі.
Бүгіне  толеранттылық  «сабыр  ету»  ұғымымен  толықты.  Санамызға  сіңген  үстем 
идеология ықпалынан шыға алмай, жаңасының бағытын айқындай алмай жатқан қиын 
шақтарда біз аяқ басқан сайын кездесетін түрлі қайшылықтың бәріне сабыр ете алдық. 
Мемлекет  құраушы  ұлт  ретінде  өзгелердің  құндылықтарын  бағалай  білдік.  Соның 
арқасында  тұрақтылықтың,  этносаралық  және  конфессияаралық  үйлесімнің  шынайы 
үлгісін орнықтырдық. Бұл – қоғамды біртұтастыққа ұйыстырып, барлық күшімізді негізгі 
мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік берді. Қол жеткізген жетістіктеріміз қоғамдық санаға 
сенім ұялатып, барымызды бүлдіріп алмай, бағалай білу қабілетін қалыптастырды. 
Қазақ  халқының  тарихи  тағдыры  мен  өмір  тәжірибесінің  сабақтары,  ұлттық 
менталитетіміздегі әлемге үлгі боларлық осы бір ерекше қасиет – Қазақстанды ғана емес, 
адамзат  баласын  сақтап  қалудың  бірден-бір  жолы.  Мемлекеттер  арасында  төзім  мен 
сабыр, үйлесім мен келісім орнамай тұрып, сенімнің де болуы мүмкін емес. Осыны терең 
сезінген  Елбасы  Н.  Назарбаев  V  Астана  экономикалық  форумында  сөйлеген  сөзінде, 
әлем  елдеріне  қазақы  пейілдің  қазанында  қайнап,  өзіндік  болмысы  жаңаша  сомдалған 
толеранттылықтың қазақстандық үлгісін ұсынды.
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ, 
филология ғылымдарының докторы
Толеранттылықсыз жаһандық өзара сенімнің болуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
V Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзінен. 23 мамыр, 2012 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
248
Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  –  азаттығымыздың 
алдаспаны.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінен. 
5 қыркүйек, 2012 жыл
А
дам баласы көне замандардан білімге мұқтаж. Ежелгі жазбаларда терең білімді 
меңгеру адамдықтың шыңы ретінде бағаланады. 
Уақыт  доңғалағы  алға  жылжыған  сайын  ғылым  мен  білім  тереңдеп,  енді  ол  рухани 
әлемнің азығы ғана емес, өмірдің бар саласынан орын алып, негізгі қажеттілікке айналып 
отыр.  Сондықтан  жеке  өмірін  біліммен  көркемдеу,  біліммен  қарулану  –  қазір  әрбір 
мемлекеттің және оның әрбір саналы азаматының басты мақсаты.
Тәуелсіздіктің  дәрежесі  бодандықта  болмау  немесе  бодандықтан  құтылу  ұғымымен 
ғана өлшенбейді. Жер бетінде дербес саясат жүргізе алмайтын «тәуелсіз елдер» аз емес. 
Жер шарының әр түкпірі және ондағы жағдайлар алақандағыдай айқын көрінетін қазіргі 
таңда әлемдік дамудан шет қалу – мемлекеттің тәуелсіздігі үшін қауіпті. 
ХХІ ғасырда адамзат баласы бұрын болмаған жедел қарқынмен дамуға бет бұрды. Білім 
мен ғылым жетістіктерінің нәтижесінде жердің асты мен үстіндегі, ғарыш кеңістігіндегі 
құпия болып келген көптеген жайттардың сырлары ашылды. Бұл тек табиғаттың сырларын 
танып қою ғана емес, осы жаңалықтардың әрқайсысында адам игілігі үшін аса маңызды 
нәтижелер бар. Оны қазіргі заманға сай білім арқылы ғана игеруге болады. Қай елдің тың 
жаңалықтар ашуға немесе ашылған жаңалықтарды меңгеріп, ары қарай дамытуға мүмкіндігі 
жетсе, сол елдің мерейі үстем болмақ. «Білімсіздің білімдіден жоғары тұра алмайтыны» 
жеке  адамдарға  ғана  емес,  мемлекетке  де  қатысты  қағида,  демек  білім  –  тәуелсіздіктің 
тірегі. Екінші ұстаз атанған ұлы ғалым әл-Фарабидің: «Білімді болу дегеніміз – белгісіз 
нәрсені ашуға қабілеті болу» деген сөзінде де біз үшін үлкен тағылым жатыр.
Ұлы Абай «Өз бетіңмен түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» – 
деп  күйзелгенде  тәуелділіктің  ең  бірінші  ақыл-ойға  зиянын  еске  алса  керек.  Ақыл-ойы 
тұсаулы адамның өзін-өзі басқару қабілеті төмендейді, ал ойлау қабілеті жоғары жанның 
қапаста қалуы мүмкін емес. Мысалы, қыпшақ даласының перзенті Бейбарыс сұлтан қанша 
жыл  құлдықта  болса  да,  ақыл-парасатының  арқасында  құлдардың  қатарында  қалмай, 
бүкіл  Мысыр  елін  билеген  сұлтандық  дәрежесіне  көтерілді.  «Асыл  пышақ  қап  түбінде 
жатпайды» – деген секілді өмірден алынған тұжырым айтылғанда, адам үшін аса қымбат 
азаттықтың негізгі тұғыры – ақыл-ойдың орны назарға алынса керек.
Терең білім мен ақыл-ой тәуелсіздікке тірек, азаттыққа алдаспан болып қана қоймайды, 
оны ілгері дамытады, тұғырын бекіте түседі. Мемлекет басшысының бұл сөзі ілім-білім 
мен ақыл-парасатты еліміздің абырой-беделін арттыру үшін пайдалануға шақырады. 
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ, 
филология ғылымдарының докторы

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
249
О
йы ұшқыр, білімі терең, Құдай берген таланты бар жандар қашан да өз ортасына 
үлгі.  «Жүзден  –  жүйрік,  мыңнан  –  тұлпар»  деген  бабаларымыз  өзгеге  үлгі 
боларлықтай  өмір  сүруді  өнеге  етсе,  Елбасының  ұлт  руханиятын  терең  түйсініп, 
қырағылықпен пайымдап, тереңдікпен аңғарып айтқан бұл қанатты сөзі – ертең ел 
тұтқасына айналар жастар үшін тағылымды нақыл. 
«Ер қанаты – ат», «Түбіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деген ата-бабаларымыз ел қорғайтын 
ердің ең жақын серігі деп жылқыны ерекше бағалаған. Ер-азаматтың адамдық болмысына, 
ойының  озықтығына  айтар  мадақ  сөзін  жылқы  малымен  салыстыра  көрсетіп,  айтарын 
айқындаған.  Сондықтан  да  болар,  біздің  әрқайсымыз  қырағылықты,  білгірлікті,  ерекше 
қабілеттілікті  жылқыға  қатысты  «жүйрік»,  «тұлпар»,  «дүлдүл»  сөздерімен  қатарластыра 
айтуға бейімбіз. Елбасының тұлпардың дүлдүлі мен адамның білгірі» синтаксистік егіздеуінің 
мәні мен мағынасының тереңдігін біз ұлттық танымнан іздесек болар.
Қазіргі жаһандану жағдайында тәуелсіз ел азаматтары білімімен, білігімен мәртебесін 
биіктете алады. Азаматының мәртебесі биік болса, елдің де мәртебесі биік. Ел мәртебесінің 
биіктігі  оның  экономикасымен  қатар  руханиятымен  де  өлшенеді.  Ендеше,  топтан  ой 
оздырған білгірлік елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің бір дәлелі болмақ. 
«Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» 
деген нақылдың мәніне терең үңіліп, кең түрде пайымдасақ, қазанат болар дүлдүлді, азамат 
болар білгірді тани түскендей боламыз. Ел боламыз десек, бесігімізді түзеумен қатар, сол 
елдің  еңсесін  тіктейтін,  рухын  асқақтататын  ұрпақты  ақылымен,  өнерімен,  білімімен, 
көрген өнегесімен бағалай білу қажет-ақ. 
Білгірлік  –  сананың  сәулелі  болуы,  көңілдің  ояу,  көкіректің  сергек  болуы,  Абай 
атамызша айтсақ, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» адам болмысында тоғысуы. 
Білгірлік – елдің өткенін қастерлеп, салты мен ғұрпын ардақтау, үлкеннен ақыл тыңдап, 
кішіге  өнеге  көрсету.  Білгірлік  –  заман  тынысын  сезініп,  жаһандық  өзекті  мәселелерді 
сарапқа сала білу. Білгірлік – рух дүниесінің тереңдігі әрі асқақтығы, биік адамгершілік, 
 ар-ождан, ел тағдырын ойлай білу, ел мүддесі үшін күресе білу, ел алдындағы парызы мен 
жауапкершілігін түсіне білу.
Ендеше, тұлпардың дүлдүлінің тұяғы даламыздың төсінде дүбірлеп, адамның білгірі 
тәуелсіз еліміздің арқа сүйер тірегі, қорғанышы, мақтаны болса, бізді дау да, жау да ала 
алмайды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастар 
өкілдері  алдында  сөйлеген  жоғарыдағы  сөзінде  тілге  тиек  еткен  нақылының  мегзеген 
нысанасы да осы болса керек, сірә.
Жанат АЙМҰХАМБЕТ,
ақын, 
филология ғылымдарының докторы
Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінен. 
5 қыркүйек, 2012 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
250
Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл
М
емлекет басшысы тіл дегенде, әрине, мемлекеттік тіл жөнінде айтып отыр ғаны 
белгілі. «Батпандап кірген  аурудың мысқалдап шығады» дегендей, мемлекеттің 
тілді жаппай қолдану мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. 
Кейінгі  кездері  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясына  көңілі  толмайтындардың 
ойындағысы орындалмай жатқанына мазасызданатынын көреміз. Жетпіс жыл шамасында 
қазақ  тілі  қолданыстан  шеттетіліп,  орыс  тілінің  үстемдік  құрғанын  біле  тұра,  қысқа 
мерзім ішінде қазақ тілі өз тұғырына қонбай отыр деп көңілдері алаң болады. Елбасы 
бұл мәселені байыппен саралау, асығыстыққа жол бермей, орын-орнымен шешу жөнінде 
үнемі  айтып  келеді.  Өйткені  тіл  мәселесі  мен  ұлтаралық  мәселе  бір-бірімен  ұдайы 
сабақтасып жатады.
Мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін меңгеру – қазақтардың ғана міндеті емес, барша 
қазақстандықтың басты парызы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының айтқанынан осындай 
ой түйдік. Себебі, елге деген көзқарас қазақстандықтардың барлығына ортақ ұғым болуға 
тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, қазақстандықтардың елге деген көзқарасы жоғары екендігін 
байқауға  болады.  Өйткені,  соңғы  кезде  мемлекеттік  тілді  үйренуге  деген  құлшыныс 
осыны  аңғартады.  Өзге  ұлт  өкілдерінің  мемлекеттік  тілді  игеріп,  оны  өмірде  қалай 
қолданып жүргенінің мысалдарын көріп отыр мыз. Тіпті олардың бірқатары мемлекетті 
тілді оқытумен де айналысады.
Осыдан  екі  жыл  бұрын  Астана  қаласындағы  бір  мектепте  әліппені  оқуға  15  сынып 
балдырғандары кіріскен еді. Бір мектепте, бірінші сыныпта. Әр сыныпта орташа есеппен 25 
баладан деп есептегенде, 375 оқушы. Жыл сайын мектеп босағасынан аттаған оқушылардың 
мемлекеттік тілде білім алу көрсеткіші осылайша ұлғая беретін болса, мемлекеттіліктің де 
іргетасы берік болатындығы айқын. Өйткені, бұл да – елдіктің бір белгісі.
Сондай-ақ  соңғы  жылдары  мектеп  бітірушілердің  көпшілігінің  қазақ  сыныптарында 
білім алғандықтарын көруге болады. Яғни, бұл – соңғы кездері мемлекеттік тілге деген 
көзқарастың өскендігінің нышаны. 
Елбасы айтқандай, елдікке көзқарас тілге деген көзқараспен астасып жатыр. Балабақшада 
мемлекеттік  тілде  тәрбие  алған  балдырған  мектепте  мемлекеттік  тілде  білім  нәрінен 
сусындаса, жоғары оқу орнында мамандығының қыр-сырын мемлекеттік тілде меңгереді. 
Мемлекеттік тілде оқумен қатар мемлекеттіліктің де мәңгілік нығаюына өз үлесін қосады. 
Себебі, мемлекеттік тіл – мемлекеттіліктің негізгі рәміздерінің бірі. Ол – бірліктің тілі. 
Ендеше, елдіктің ертеңі бүгінгі балдырғанның мемлекеттік тілді меңгеруінен басталады 
деп сеніммен айтуға болады.
Перизат СЕЙІТҚАЗЫ, 
педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор

25 тұжырым
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
251
Қ
азақ шежірелері генеалогиялық ақпа ратты, дәстүрлі тарихи сана мен тарихи таным 
кешенін құрайды. Шежіре – генеалогиялық әрі тарихи жады, халықтың жинаған 
тәжірибесі,  білімі.  Онда  көне  аңыздар,  жер-су  аты  туралы,  халықтың  шығу  тегі, 
рулардың қалыптасу тарихы туралы мәліметтер бар. Халықтың әйгілі тұлғалары – 
билер, хан, сұлтандар, мырзалар, батырлар, атақты ақындар туралы деректі де тек 
шежіре арқылы табуға болады.
Шежіреде қазақтың қалыптасуы, елді мекендері, көш жолдары, ата-жұрты, есімі әйгілі 
тарихи тұлғалары, қожа, төре кірмелері, ру-туыстық байланыстары, өткерген оқиғалары 
туралы  баяндалады.  Халық  шежірелері  –  қазақ  қауымының  рухани  өмірі  мен  тұрмыс-
тіршілігі туралы шындықты айтатын маңызды дерек көзі. Шежіре асыл бабалардың өмір 
тәжірибесін ұрпаққа жеткізу үшін жасалған. Сол арқылы ұлттық сана, дәстүрлі көзқарас, 
дүниетаным,  этностық  «әлем  бейнесі»,  көшпелілер  менталитеті  сияқты  өркениеттік 
категориялардың мәні ашылады. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақ стан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, 
алып  дарақтың  бұтақтары  сияқты  күллі  рулардың  түбін  қуа  келгенде,  барлығы  бір 
ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз 
да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, 
керісінше,  біріктіретін  ұғым.  Барша  адамзаттың  Адам  атадан  басталатыны  сияқты, 
бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің 
төрінде  ұстауға  тиіс»,  –  деп  атап  өтті.  Расында,  шежіре  дәстүрлі  дәуірдің  тарихи 
білім жүйесін, көшпелі қоғамда орын алған барлық әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани 
құбылыстарға  қатысты  тарихи  оқиғаларды  ру,  ру  аралық  қатынастар  тұрғысынан 
түсіндіреді. Шежіреде ұрандардың шығуы, таңбалардың мәні, рудың аталу себептері 
түсіндіру  және  тәпсірлеу  түрінде  айтылады.  Шежіре  мазмұнында  халықтың  тарихи 
ой  мәдениетін  мұра,  тарихи  сана  тәлім-тәжірибесін  жинаған  рухани  қазына  екенін 
көрсетеді, халықтың ынтымағына қызмет етеді. 
Шежіре табиғи түрде қалыптасып, сан ғасырлар бойы әлеуметтік ұжымдық, жалпылық 
түрінде  жалғасып,  халықтың  рухани  құндылығы  мен  біртұтас  этностық  өмірбаянының 
сабақтастығын қамтамасыз етті. Шежіре өзінің негізгі мазмұнында, түп мәнінде халықтың 
тарихи-генеалогиялық білім жүйесі болғанымен, оның қасиетін арттыратын және нақты 
қоғамның  қауымдық  мүдделеріне  қызмет  ететін  сан-салалы  әлеуметтік  мағынасына 
байланысты дала мәдениетінің жалпы білім жиынтығы жүйесіне айналған.
Тілеген САДЫҚОВ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор
Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы – 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан. 
14 желтоқсан, 2012 жыл

25 тұжырым
25 БЕЛЕС
252
Біз  мұсылман  үмбетінің  бір  бөлігі  екенімізді  мақтан  тұтамыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет