25-ші қазан -Ұлттық мереке Қазақстан Республикасының күні: тарихы және маңызы Әжіғалиева Назерке Еркінқызы тперП 22-12



Дата24.11.2022
өлшемі16,65 Kb.
#52284
Байланысты:
25 казан (копия)


25-ші қазан -Ұлттық мереке Қазақстан Республикасының күні:тарихы және маңызы
Әжіғалиева Назерке Еркінқызы
ТПерП 22-12
25-ші қазан – барша қазақ елінің Республика күні! Бұл күннің Қазақстан үшін алар орны да, маңызы да өте зор.
Алғаш рет Республика күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюымен 1995 жылдың 25 қазанында жарияланған болатын. Бұд мерекенің неліктен 25 қазан аталуының да өзіндік тарихы бар. Сонау 1990 жылы дәл осы күнде «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы» туралы жарлық шыққан болатын. Осы сәттен бастап Қазақ КСР Қазақстан болып басқа елдерге «мемлекет» ретінде таныла бастады. Бұл қабылданған декларация Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы кірпішінің бірі болды. Декларация қабылдануымен, Қазақстанның рәміздері, жеке мемлекеттік территориясы, жеке бюджет, азаматтығы, халықаралық қатынастардағы еркіндігі бірге бекітілген еді.
Алайда 2009 жылы заңға енгізілген өзгертулер бойынша, 30-тамыз – Қазақстанның Конституция күні деп бекітіліп, 25-қазан – Республика күні мерекелер тізімінен алып тасталынды. 25-қазан жай жұмыс күніне айналды.
Бірақ, 2022 жылдың 16-шілдесіндегі жиында қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнінің мереке ретінде қайта қайтаруды ұсынды. «Республика күні Қазақстанның мемлекет болып қалыптасу жолындағы бастаулардың бірі, символы. Сондықтан да бұл мереке масштабты түрде аталып, еліміздің басты мерекесіне айналуы тиіс» - деген сөздерімен Президентіміз Республика күнін қайта жариялады. Құжаттарға сүйенер болсақ, «Тәуелсіздік күні 16-желтоқсан»- мемлекеттік мереке болса, «Республика күні»- ұлттық мереке болып бекітілді.
Республика күнінің мереке ретінде аталып өтілуы тарихи маңызды шешім. Неге десек, Қазақстанның тәуелсіз болуы осы күннен бастау алады. Ал келешекте бұл мереке тәуелсіздікті нығайту жұмыстарында және оны насихаттауда үлкен ықпалын тигізеді.
Осындай мәртебеге ие болған күнді Қазақстанның әр азаматы еш ұмытпау керек. Қазақ елінің біртұтастығын сақтау, ынтымағы мен бірлігін арттыру , осы күнді ұлықтау әр азаматтың парызы, борышы деп білемін. Түрлі қиындықтарды жеңіп, қаншама еңбек, термен, қаншама батыр, қайраткерлеріміздің қанымен қолымыз жеткен, қазақ елінің құқығы бар, зайырлы, тәуелсіз мемлекет болып жарияланған Республика күні құтты болсын! Елтаңбамыз төрімізде жарқырап, Әнұранымыз әуемізде шырқалып, Көкпеңбек туымыз көгімізде желбіреп тұра берсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет