26 Алкендердің химиялық қасиеттері



Дата01.03.2023
өлшемі15,08 Kb.
#70719
Байланысты:
26) Алкендердің химиялық қасиеттері


26) Алкендердің химиялық қасиеттері

Этилендегі қос байланыстың пи-байланысы осал болғандықтан, химиялық реакциялар кезінде оңай үзіледі. Сондықтан этилен қосып алу реакцияларына бейім келеді.


1)Гидрлеу реакциясы
Этилен қыздырғанда және катализатор (Ni, Pb) қатысында сутек атомдарын қосып алып этанға айналады:

H2C = CH2 + H2 -> H3C – CH3


2)Галогендерді қосып алу реакциясы


Галогендер этилен көмірсутектеріне радикалдық немесе иондық механизмдермен қосылады. Кәдімгі температурада этилен галогендермен әрекеттеседі. Этиленді бром суы арқылы өткізсе ерітіндінің қызыл қоңыр түсі түссізденеді, өйткені этилен бромды өзіне қосып алады:

H2C = CH2 + Br2 -> BrH2C - CH2Br


1,2-диброметан
Осы реакцияны қанықпаған көмірсутектерді қаныққан көмірсутектерден ажырату үшін алынады.

3)Галогенсутектегін қосып алу реакциясы Галогенсутектегін қосып алу реакциясы Марковников ережесімен жүреді.


CH3-CH=CH2+HBr -> CH3-CHBr-CH3


H2C=CH-CH3 + HCl -> CH3- CH2Cl


хлорэтан
Бұл құбылыста қос байланысты көміртегі атомдарының ондағы радикалдар электрон бұлтын өздерінен ығыстыратын қасиеті бар. Мұны индуктивті эффект деп атайды. Этилен галогенсутектерді оңай қосып алады

4)Суды қосып алу реакциясы


Катализатор қатысында, жоғары қысымда және қыздырғанда, этилен сумен әрекеттесіп этил спиртіне айналады:
H2C=CH2 + НOН -> H3C-CH2OH
этилен этил спирті

Бұл реакцияның өнеркәсіпте этил спиртін өндірудегі маңызы зор. Этиленді сұйытылған калий перманганатының ертіндісінен өткізгенде, оның күлгін түсі тез жойылады, яғни этиленнің тотыққандығын көрсетеді.


H2C= CH2 + O + H2O -> C2H4(OH)2


этилен этиленгликоль

5)Тотығу реакциясы


Этиленді сұйытылған калий перманганатының ертіндісінен өткізгенде, оның күлгін түсі тез жойылады, яғни этиленнің тотыққандығын көрсетеді.
H2C= CH2 + O + H2O -> C2H4(OH)2
этилен этиленгликоль
Этилен ауада жанып көміртек (IV) оксидін және су түзеді:
C2H4 + 3 O2 -> 2 CO2 + 2 H2O


Этилен молекулалары өзара әрекеттесіп полимерленеді, яғни күрделі затқа айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет