Мамандық бойынша тест
1
Мамандық
бойынша тест: 1-пән
1. Теріде әртүрлі пішінді, өлшемі 1-4 см келген, қатты, қара қызыл түсті,
тері бетінен 3-4 мм-ге көтеріліп тұратын зақымдану ошақтары бар. Терінің
кейбір аумақтарында сарысулы көпіршіктер, күлдіреуіктер түзілген.
Кейбір аумақтарында сұрғылт-қошқыл қабыршықтар пайда болған.
Аурудың түрлері:
A) карбункулездік топалаң
B) некробактериоз
C) жітілеу тілме
D) қатерсіз аусыл
E) тұтасқан шешек
2. Гистологиялық зерттеу нәтижесінде аш ішектің кілегейлі қабығында
гиперемия, қанталаулар, энтероциттер дистрофияланған,
десквамацияланған, бүрлер жалаңаштанған. Кілегейлі қабықтар ошақты
некроздалған, тірі ұлпамен шектескен жерде демаркациялық белдеу
түзілген. Арнайы бояу арқылы торша сынықтарының арасынан
микробтарды көруге болады. Аурудың түрлері:
A) брадзот
B) қатерлі домбығу
C) қарасан
D) инфекциялық энтеротоксемия
E) топалаң
3. Ішек қарын жіті катарлы –геморрагиялық қабынған, геморрагиялық
диатез, өкпенің домбығуы, бауырдың дистрофиялануы және сарғаюы
байқалады. Қарын ішіндегісі қараңғыда жарқырайды және сарымсақ иісті
белгілермен сипатталатын улану:
A) фосформен
B) хлорорганикалық қосылыстармен
C) сынап қосылыстарымен
D) мышьякпен
E) фосфорорганикалық қосылыстармен
Мамандық бойынша тест
2
4. Диагноз қойыңыз: Ересек жұмыр құрттар ішекте күнелтеді. Олар
кілегейлі қабықтарды жарақаттап, майда ойдымдар, қанталаулар, катарлы
қабыну тудырады. Ішектегі құрттар саны тым мол болған жағдайда мүше
түтігі олармен бітеліп қалады, мүше қабырғасы жыртылуы мүмкін.
A) габронематоз
B) делафондиоз
C) драшеиоз
D) альфортиоз
E) аскаридиоз
5. Хаттаманың бұл бөлімінде малдың айырықша белгілері, ішкі
мүшелердегі өзгерістер қарапайым, өлекселік өзгерістер толық қамтылып,
анық, ықшам және кімге де болса түсінікті жазылуы қажет:
A) қорытынды
B) өлім себебі туралы қорытынды
C) кіріспе
D) патологиялық-анатомиялық балаулар
E) сипаттама
6. Алдыңғы және артқы аяқтардың бір жақты орталық параличке
шалдығуы:
A) гиперкинез
B) гемиплегия
C) астазия
D) тетраплегия
E) параплегия
7. Жүрек артериясының ұзақ уақыт түйілуінен немесе бітелуінен пайда
болатын ишемия ошағы немесе жүрек бұлшық етінің некрозы:
A) миокард инфаркті
B) гидроперикардиум
C) гемоперикард
D) миокардиосклероз
E) миокардиодистрофия
Мамандық бойынша тест
3
8. Келесі жағдайда систолалық қысым артып, систола шуылы пайда
болып, жүректің сол жақ бөлігі мен оң жақ қарыншасына күш түсуінен
және қанмен жеткілікті қамтамасыз етілмеуінен бұлшық еттер ұлғаяды.
Қан айналысы декомпенсацияланады:
A) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы
B) екі жарналы қақапақтың жетімсіздігі
C) өкпе артериясының айшықты қақпақшасының жетімсіздігі
D) қолқа тесігінің тарылуы
E) оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы
9. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі:
A) цилиндрурия
B) никтурия
C) гипостенурия
D) гиперстенурия
E) изостенурия
10. Диагноз қойыңыз: кахексия, май шелі жойылған, қаңқа бұлшық еттері
мен ішкі мүшелер атрофияланған. Терінің май шелі, шарбы, шажырқай,
бүйрек маңы ұлпасы, эпикард серозды атрофияланған. Бауыр, миокард,
қаңқа бұлшық еттері қоңыр атрофияланған, жалпы анемия, асцит,
гидроторакс, өкпе домбыққан.
A) кетоз
B) алиментарлы анемия
C) фиброзды остеодистрофия
D) алиментарлы остеодистрофия
E) алиментарлы дистрофия
Достарыңызбен бөлісу: |