27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз



бет1/7
Дата16.05.2022
өлшемі25,53 Kb.
#34675
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
27-34


27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз.

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.

Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекетер берілген. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың 10 оқу мақсаты іріктелінген. Осы оқу мақсаты мұғалім мен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұсынылған оқу жоспарындағы жұмыс оқуға қалай мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда, мұғалім оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу конмәтінісін ескере отырып өз тапсырмаларын дайындауына болады. Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушымен оқу мақсатына қашан жеткенін көрсете отырып, оның прогресін белгілейді. Және де келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсаты «жетті» және «талпынады» бойынша рефлексия жүргізуіне болады және сабақ беру үдерісінде оқу мақсатына әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету мүмкіндігін қарастырып бейіндеуі қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға кері байланысты беру аса маңызды. Оқу мақсатына сүйеніп, оқушылар қай жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға болады. Жетістік критерийлерімен және оқу мақсатымен оқушыларды таныстыру аса маңызды. Әр тоқсан басында мұғалім оқушыларға пән бойынша тоқсандағы оқу мақсаттарын таныстырады. Осы ақпарат ақпараттық парақшалар және брошюралар шығару арқылы дайындалады. Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркеу журналында белгілеуі тиіс. Мұғалім оқушының аты жазылған әр жұмыстың бағалау нәтижесін жазатын дәптер жүргізуі мүмкін. Бұл мұғалімге оқушының сыныпта және тапсырма орындағанда бақылау жүргізуіне мүмкіндік береді. Осы дәптердегі ақпараттар бағалау өткеннен кейін тіркеу журналына нәтижелері көшірілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет