2бет деген пікір білдіріп, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматикалық мағыналардан айырмашылығын талдап, сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық тұлғалардың қызметіне сипаттама берген



Дата13.04.2023
өлшемі14,59 Kb.
#82596
Байланысты:
Сөзжасам Айжан1


2бет. деген пікір білдіріп, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматикалық мағыналардан айырмашылығын талдап, сөзжасамдық мағына туғызудағы сөзжасамдық тұлғалардың қызметіне сипаттама берген.


3бет.Осы туынды сөздердің бәрінің мағынасы негіз сөздердің мағынасымен байланысты: балтала – балта арқылы жасалатын қимылдың аты, қарала – қараға айналдыру қимылының аты, жақсыла - жақсыға айналдыру қимылының аты, тазала - тазаға айналдыру қимылының аты. Бұлар – бір сөзжасамдық тип арқылы жасалған туынды сөздер. Сондықтан мұндағы жұрнақ -ла есім сөздерге қимыл мағынасын қосып, есім сөздерден етістік жасаған, яғни, туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табының сөзіне айналған, олардың сөз табы категориясы өзгерген» 


4бет.Мәселен, көлшік, қалақша, ағай, ботақан туынды сөздеріндегі -шік, -ша, -й, -қан жұрнақтары көл, қалақ, аға, бота деген негіздерге кішірейту, еркелету, сыйлау мағыналарын қосқан. Дегенмен, бұл туынды сөздердің мағыналарының түрленуіне негіздердің лексикалық мағынасы негіз болып тұр.


5бет.Келтірілген гүрсіл, тарсыл туынды сөздерінің сөз табы ауысқаны рас, бірақ бұл туынды сөздердің жасалуына гүрс, тарс  дыбыстық еліктеу мағыналы сөздері негіз болып тұр. Мағынаның көшірілуінде де туынды сөздердің мағынасына негіздер арқау болып тұр.


6бет. деп туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасын сөзформаларының мағынасымен аражігін көрсеткен. 
Мысалы, балалық, сұлулық, көркемдік, әдемілік, кербездік, достық, сандық деген сөздерді алып қарасақ, олардың әрқайсысы екі морфемадан тұрады. Ол морфемалардың алғашқыларының лексикалық мағыналары бар: бала, сұлу, көркем, әдемі, кербез, дос, сан. Бұлар туынды сөздердің мағыналы бөлігі болғандықтан, олардың негіздері болып есептеледі. Енді осы негіздерге -лық, -лік, -дық, -дік, -тық сөзжасам жұрнақтарын жалғағанда олардың лексикалық мағыналары өзгеріп, жаңа мағыналы туынды сөз жасалады.


7бет. Мұнда Жетіқарақшы, қарақұрт, еңбекақы, Көкшетау, тілтаным деген туынды сөздер екі негіздің бірігуі негізінде жасалған. Әр туынды сөздің жасалуына толық мағыналы екі сөз қатысқан: Жеті+қарақшы, қара+құрт, еңбек+ақы, Көкше+тау, тіл+таным. Біріккен туынды сөздің әр сыңары жаңа мағыналы туынды сөзге негіз болып тұр. Ал бал қаймақ, жиырма екі, екі мың он төрт, ізет ет, сәлем бер, ауыз әдебиеті, сары ала, қызыл күрең, ақ құба деген туынды сөздер толық мағыналы сөздердің тіркесуі арқылы жасалған. Күрделі туынды сөздердің әр сыңары (бал және қаймақ, жиырма және екі, екі,мың, он және төрт, ізет және ету, сәлем және беру, ауыз және әдебиет, сары және ала, қызыл және күрең, ақ және құба) негіз болып, негізді сөз жасауға тірек болып тұр. Бұл – аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық мағыналарының негізділігі.


8бет. Сондай-ақ, тіліміздегі көк деген сөз түсті білдіретін сын есім екені белгілі. Осы көк сөзінің тілде қалыптасқан басқа да мағыналары бар: 1) Көк – түпсіз тұңғиық аспан әлемі. 2) Көк – көгеріп шыққан өсімдік, өскен шөп. 3) Көк – жеміс-жидек, көкөніс. Мұнда түс мағынасындағы көк сөзі негізгі мағынасы, осы мағынаның негізі басқа мағыналардың тууына себеп болып тұр.


9бет. Тағы бір мысал: қоңыр сөзі тілімізде қара мен қызыл аралығындағы қою күрең түс мағынасында жұмсалады. Енді осы мағынаның негізінде туындаған қоңыр сөзінің, біріншіден, жұтаң жадау, екіншіден, ықылассыз, көңілсіз, салқын деген мағыналары бар. Бұл мағыналар қоңыр сөзінің түстік мағынасы негізінде қалыптасқан. Яғни, бұл мысалдардан байқайтынымыз, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерде де сөздің негізі мағынасы туынды мағынаға себеп болады.
Сондықтан, туынды сөз лексика-семантикалық тәсіл, синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл арқылы жасалса да, онда мағына негізділігі сақталады. Сөзжасамдық мағынаның көшірілуінде де, мағынаның түрлендірілуінде де мағынаның негізділігі айқын көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет