Өзара қарым-қатынас бойынша:
Үйлесімді;
Ымырашыл (компромистік)
Тұрақсыз;
Кикілжіңді;
өте кикілжіңді;
тұтынушы;
Бағытталуы бойынша:
Іс-әрекетке;
Қарым- қатынасқа;
өзін-өзі қанағаттандыруға (эгоистік) бағытталған отбасылар
Әлеуметтік – құқықтық бағытталуы боыйнша:
әлеуметтік тұрақты;
әлеуметтік тұрақсыз;
әлеуметсізденген;
криминогенді;
VI. отбасын зерттеудің психологиялық – педагогикалық
диагностика түрлері:
Тәжірибеде қолданып жүрген отбасын зерттеу мен ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық ағарту ісі. Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек: бақылау, баланың үйіне бару, мінездеме жүйесі, сұхбаттасу, сауалнама, баланың шығармашылық жұмысы, т.б. Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады.
Қазіргі таңда өмірбаянды талдау (анализдеу) әдісі кеңінен қолданылуда. Оның мәні оқушылар мына тақырыпта шығарма жазады: «өткен шақтағы, бүгінгі және ертенгі Мен және менің Жанұям», «Мен», «Менің шежірем», «Менің жанұямның портреті». Бұл шығарманы сыныпта талқылауға немесе ата-аналар жиналысында талқылауға болмайды. Бұл әдіс педагогикалық әдепті сақтауда және ізгі ниеттілікті қажет етеді. Отбасы туралы мағлұматты сонымен қатар мұғалім сауалнама арқылы алынуына да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |