Оқушылар бойындағы девианттық мінез-құлықтың алдын-алу шаралары
Тұлғаның дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын-алу, әлеуметтік құзырлы тұлға болып қалыптасу үшін оқушы жағымды мінез – құлық дағдыларын үйренуге, дұрыс шешім қабылдай алуға үйренуі тиіс.
Бұл міндетті шешу оқушыға әсер ететін ортасының жағымсыз әсерінен сақтандыру, түзету қызметін атқаратын қызметтік атқаратын әлеуметтік-педагогикалық жағдай құруға бағытталған тұтас мектеп саясатын құруды талап етеді. Ол өзіне келесі бағыттарды біріктіреді.:
оқушының мінезіндегі ауытқушылық түрлерін, оған әсер ететін факторларды диагностикалау;
оқушы мен оның ата-анаының қосымша педагогикалық және психологиялық ақпаратқа деген қажеттілігін зерттеу.
Оқушылардың, ата-аналардың мұғалімдердің пікірін зерттеу қорытындысы негізінде, анықталған ерекшеліктеріне қарай оқушының тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзетуге бағытталған бағдарламаны жасақтау;
Тұлғаның дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзету әдістемесін меңгерген бала бойында жағымды қарым-қатынас жауапты шешім қабылдау, жағымды «Мен -концепциясын» дамыту, сауатты өмір салтын тандауды қалыптастырудың психотехникалық әдіс-тәсілдерін меңгерген педагогикалық кадрларды дайындау;
Мектепте қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайды құру;
Отбасымен тиімді қарым-қатынас байланысын дамытуға бағытталған құзырлы әкімшілік шешім қабылдау, тегін қосымша білім беруді ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |