1643 жылы Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне баса-көктеп кірді:
Жәңгір 600 жауынгермен 50 мыңдық Жоңғар әскеріне қарсы шықты;
Жер жағдайын пайдаланып, ескі Жаркент қаласынан күншілік жердегі Қосқолаң тауының арасындағы Орбұлаққа бекінген;
Шайқаста Жоңғарлар 10 мың адамнан айырылды;
Осы кезде Алшын Жалаңтөс батыр 20 мың қолмен жоңғар әскерінің ту сыртынан шабуыл жасайды.
Жоңғарлар өздеріне тәуелді қырғыздардан ат-көлік жинады. 1652 жылы Қазақ хандығының жеріне баса-көктеп кірді.
1665 жылы Жоңғар басшылары Шығыс Түркістанға аттанып, Шалыш, Ақсу, Қашқарды басып алды
1670жылы Жаркентті өзіне қаратып, Шағатай әулетінен шыққан Жолбарыс, Ысмайыл деген қуыршақ хандарға билетеді.
Түркістан Жоңғар хандығы құрамына кіргеннен кейін оның экономикалық қуатын арттырып жіберді.Қашқардағы кен орындарынан мылтық оқ-дәрісі өндірілді.
1681 – 1685 жылдары Жоңғар әскерлері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса-көктеп кірді:
Бірнеше қазақ ұлыстарын талқандап, тоғыз қаланы басып алды;
Олар: Сайрам, Манкент, Шымкент, Қараспан, Ташкент т.б. қалалар еді.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (1680-1715ж.ж.)
Ішкі саясаты; Сыртқы саясаты; Тәукенің ''Жеті жарғысы'‘ 1. Хан туралы 2. Құрылтай туралы 3. Үйлену туралы 4. Қылмыс туралы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Ішкі саясаты
Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, феодалдар тобының басым көпшілігін билерге арқа сүйеуге, сонымен қатар сұлтандардың билігін шектеуге тырысты.
Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған “хандық кеңестің” және “билік кеңестің” рөлін арттырды.
Тәукенің орнатқан тәртібі бойынша , хан мен ру басы билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды.
Ханның қасындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады.