1) Жиын барысында ЖОО-ның білім беру сапасы және ЖОО-ын лицензиялау моделін қайта қарау, оларды қаржыландыру және гранттар бөлу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі, өскелең ұрпақтың адами капиталы мен зияткерлік қабілетін арттыру
2) Асхат Аймағамбетов министрліктің өңірлердегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитет басшыларымен орталықтандырылған сапа жүйесіне көшу бойынша жүргізген жұмыстарын атап өтіп, аталған құрылымдардың қызметіндегі өзгерістер туралы баяндады.
3) Министрдің айтуынша, олардың жұмысын неғұрлым жүйелі ету, проблемалар мен оларды шешу жолдарын нақты анықтау,жоғары оқу орындары мен колледждердің қызметін бақылау жөніндегі шараларды күшейту, лицензиялар беру талаптарын қатаңдату қажет.
4)Лига мүшелеріне қойылатын негізгі көрсеткіштер мен талаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының ректорларымен бірлесіп әзірлейді.
5) Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов еліміздің жоғары білім беру жүйесін жақсарту жолындағы ауқымды жұмыстар туралы атап көрсетті.
6) Бұл экономиканың барлық салаларында мамандарды даярлау сапасының артуына әкеліп,жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
7) Кездесу соңында ректорлар жоғары оқу орындарын лицензиялау және аккредиттеу, университеттер мен аккредиттеу органдарын ранжирлеу шетелдік жоғары оқу орындары мен сарапшыларды тарту, студенттердің кәсіби дайындық үдерістерін бақылау бойынша жұмыс тобын құру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
4-тапсырма
1)Министр Асхат Аймағанбетов қандай шараларды күшейтуді талап етті?
2) Диссертациялық кеңес құру, ғылыми журналдар мен докторанттардың ғылыми жұмысына және олардың ғылыми дәрежелер алуына қойылатын талаптарды күшейту мәселелерін кім қозғады?
3) Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләловтің пікірнше лицензиялауды күшейту өте маңызды ма?
4) Кездесу соңында ректорлар қандай жұмыс тобын құру жөнінде пікірін білдірді?
5) еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орны ненің құрамына кіруге ұмтылған?