№3 2015 жыл Наурыз-Март


Барақтың  ұлы  Жәнібекті  өздерінің



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,01 Mb.
#6112
1   2   3

Барақтың  ұлы  Жәнібекті  өздерінің 

ханы  санайды.  Қалай  болғанда  да,  аңыз 

бойынша  Жәнібек  Жошы  ұрпағынан 

шыққан  қазақтардың  бірінші  ханы 

болған…  орданың  екі  жақыны,  ноғайлар 

мен қазақтардың тұрмыстары бірге болған. 

Жәнібектің билік құрған кезеңі қырғыздың 

(қазақтың)  поэмасында  «Алтын  ғасыр» 

ретінде 


жырланады. 

Далалықтар 

арасындағы  Жиренше  шешеннің  (дана), 

әз-Жәнібектің  және  ноғай  философы 

Асан  қайғының  адамгершілік  жөніндегі 

жыр-аңыздарының  басым  бөлігі  қазіргі 

кезеңге дейін қолданыста». Бұл жерде Ш. 

Уәлихановтың  кейінгі  тарихи  кезеңдегі 

бір-бірінен ажыраған туыс халықтар, қазақ 

және ноғайды бірге айтуы да бекер емес-ті.

Хандықтың  атауының  өзі,  тарихи 

аренаға  шыққан  ұлттық  және  бұрын-

соңды белгісіздеу жаңа мемлекеттің пайда 

болуы  туралы  айғақтады.  XV  ғасырдың 



ортасында  Орталық  Азияның  кең 

даласында  өздерін  «Қазақ»  деп  атаған 

қауымдастық  тарихи  аренада  пайда 

болып,  Қазақ  хандығы  құрылуымен 

Қазақстанның  (түрік  те  және  Алтын  орда 

дәуірі  де  емес)  жеке  тарихы  басталады. 

Қазақ  хандығының  құрылуы  Алтын 

Орда,  Ақ  Орда  және  Моғолстан  сияқты 

мемлекеттердің  даму  тарихы  мен  өмір 

сүруінің  жалғасы  болды.  Бірақ  Орталық 

Азияның  саяси  картасында  мықты 

Қазақ  хандығының  пайда  болуының 

өзі  Шыңғыс  ұрпағы  –  Әбілқайыр  хан 

және  оның  жақын  туысқандары  Жәнібек 

(басқа  нұсқа  бойынша  –  Абулсағит)  пен 

Керей  сұлтандардың  есімдерімен  тікелей 

байланысты болды.

XV  ғасырдың  бірінші  жартысында 

Әбілқайыр  хандығы  (Ақ  Орда,  Өзбек 

ұлысы) иелігіндегі Дешті-Қыпшақ даласы, 

қазіргі Орталық Қазақстан (Ұлытау), Батыс 

Қазақстанның бір бөлігі Орталық Азияның 

мықты  мемлекеттік  бірлестіктерінің  бірі 

болды. Билік құмарлығымен белгілі болған 

Әбілқайыр  ханның  өзінің  маңайындағы 

сұлтандарға 

қаталдығы 

олардың 

қарсылығын туғызады.

Осындай шиеленіс әсіресе Орда Ежен, 

Шейбани  және  Тоқа-Темір  ұрпақтары 

арасында  тереңдей  түсті.  Сол  кездің 

жылнамашысы 

жазып 

кеткендей, 



Әбілқайыр  билік  үшін  күрес  жолындағы 

бәсекелестеріне  қысым  жасап,  Орда-

Ежен  ұрпақтарын  мазалап  отырған. 

XV  ғасырдың  60-жылдарына  дейін 

Орда-Еженнің  бірбеткей  әрі  өркөкірек 

ұрпақтары  –  Жәнібек  пен  Керей, 

қолдаушыларының 

жеткіліксіздігінен 

әрі  билеушілеріне  тәуелді  болғандықтан 

Әбілқайырға тегеурінді қарсылық көрсете 

алған  жоқ.  Әбілқайыр  тарапынан  қауіп-

отанын  тастап  кетуді  ұйғарды.  Мұраға 

қалған  жерден  (ата-бабаларынан)  бас 

тартып,  бөтен  елге  апаратын  жолға  бағыт 

алды. Олар «өздерін мойындаған лайықты» 

адамдар тобымен Моғолстан бағытындағы 

жолды  таңдады».  «Лайықтылар»  құрамы 

мен сұлтандарға ергендер қатарында Асан 

қайғы,  Қодан  тайшы,  Жиренше  шешен 

және басқа да белгілі қайраткерлер болуы 

әбден мүмкін.

Белгілі  тарихшы  Тұрсын  Сұлтанов 

Әбілқайыр  мен  жас  сұлтандар  Керей 

мен  Жәнібектің  бөлінуі  жөніндегі 

өзіндік  көзқарасын  білдіреді.  Өзара 

жанама  немесе  тікелей  қатысы  болғаны-

болмағанына  қарамастан,  олардың  тағ-

дыры  шешіліп  қойылған  еді.  Демек, 

оларға одан әрі Әбілқайырдың маңайында 

қалудың мәні қалмаған.

Қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  аңыз-әңгіме-

лер бойынша, Шәкәрім Құдайбердіұлының 

хабарламасында,  сұлтандардың  көшіп 

кетуіне тікелей себеп болған Қара Қыпшақ 

Қобыланды  мен  арғын  руынан  шыққан 

танымал  Ақжол  бидің  өлтірілуі.  Бұл 

жағдай,  шындығында  орын  алған  болу 

керек.  Еңіреген  әке  –  Қодантайшының 

ұлын  жоқтауы  бүгінгі  күнге  дейін  келіп 

қатерлерді  сезінген  сайын  бұл  сұлтандар 

одан  бойларын  аулақ  ұстауға  тырысты. 

Көрегендігі 

таяздау, 

Әбілқайырдың 

жүргізген  саясаты  салдарынан  үзіліссіз 

соғыстар  болып  тұрды.  Шаруашылықтың 

тұрақсыздығы, 

билеушілердің 

өзара 

қырқысы 


мен 

қарамағындағыларды 

қорқыныш  пен  қысымда  ұстауы,  қалың 

бұқараны  қиыншылық  пен  материалдық 

игіліктерден  айыруы,  шексіз  қатал 

іс-әрекеттер, 

өлкенің 

экономикалық 

жағдайын  күйзеліске  ұшыратты.  Онымен 

қоса  Әбілқайыр  кезінде  көршілерімен 

соғыс жиі болып тұратын.

Әбілқайыр 

хандығының 

ішкі 


жағдайының осы кезеңдегі тұрақсыздығын 

жас  сұлтандар  дер  кезінде  пайдалана 

білді.  Олар  50-жылдың  ортасында 

Қазақстанның  батыс  бөлігінде  хан 

билігіне  қарсы  топтардың  өзіндік  одағын 

құра  алды.  Өжет,  тәкаппар  сұлтандар  өте 

сақтықпен  өздерінің  қолдарына  бірқатар 

ірі  қалалар,  сауда  орталықтары  және  су 

көздері  мен  жайылымдық  жерлерді  берік 

ұстай  білді.  Бұл  кезеңде  олар  өздерінің 

қарамағындағы  рулармен  Орталық  және 

Батыс  Қазақстанның  кең  далаларында 

көшіп-қонып  жүрді.  Кейде  олардың 

қонысына,  сансыз  қырқыстарға  және  хан 

саясатына  наразылық  білдіргендер  де, 

яғни  Әбілқайырдың  жақтастарының  бір 

бөлігінің  қосылып  отырған  кездері  де  аз 

болмады.


Мұхаммед Шейбани

(1451-1510 жж.)

Әбілқайыр  хан  бұған  жауап  ретінде 

Керей  мен  Жәнібек  сұлтандардың 

бөлектенуіне  қарсы  күрес  бастайды 

және  өзінің  әскери  күшін  олардың 

бақылауындағы 

өңірге 

жылжытады. 



Әбілқайырмен тікелей айқасудан бойларын 

аулақ  салған  сұлтандар  Жетісудың 

оңтүстігіне қоныс аударады. Осы кезеңдегі 

болған  оқиға  туралы  ортағасыр  авторы 

Махмұд  бен  Уали  былайша  хабарлайды: 

«Әбілқайыр  өзінің  жауларынан  Дешті-

Қыпшақ даласында үстем түскенде, Жошы 

ханның кейбір ұрпағы, мысалы Керай хан 

(мәтінде  осылай  –  авт.)  және  Жаныбек-

хан…бағыну мен бой ұсынудан бас тартып, 

қырқысу  және  билік  үшін  күрес  кезінде 

Әбілқайырдың баласы – Шах-Бұдақ сұлтан 

қайтыс  болады.  Оның  артында  ұлдары 

–  Мұхаммед  және  Махмұд  сұлтандар 

қалады.  (Кейінірек  Әбілқайырдың  бұл 

немерелері  өзбек-қазақ  қатынастарында 

маңызды  рөл  атқарады.  Т.  Сұлтановтың 

пайымдауынша, «Шах-Бұдақ сұлтан, әкесі 

–  Әбілқайырдың  тағына  таласушылармен 

болған  үш  шайқастың  бірінде,  оны 

қорғау  үстінде  қайтыс  болуы  мүмкін… 

Әбілқайыр  үлкен  ұлының  өлімі  үшін  кек 

қайтарған  болу  керек,  Жошы  тұқымынан 

шыққан  бірқатар  ханзадаларды  қырып 

салғандығын»  алға  тартады.  Сонымен 

қатар  Т.Сұлтанов  «Бахр  ал-асрар…»-ға 

сілтеме  жасайды.  Одан  әрі  зерттеушінің 

жорамалдауынша,  Шайбанилердің  саяси 

қарсыластарының ішінде бақытына қарай, 

тірі  қалғандар  –Ұрұс  (Орыс)-хан  ұрпағы, 

Керей  және  Жәнібек  сұлтандар.  Кейбір 

деректер бойынша Шах-Бұдақтың өліміне 

Керей  сұлтанның  қатысы  бар.  Біздің 

ойымызша, сол кезеңдегі дәстүр бойынша 

«қанға-қан»,  «кек  алу»  дәстүрі  болғанын 

ескерсек,  жоғарыдағы  болжамның  негізі 

бар.  Жәнібек  сұлтанның  қастандыққа, 

оның  ішінде  Шах-Бұдақ  сұлтан  өліміне 

жетті.  Баласының  өлімін  көрген  әкесі  – 

Қодантайшының ұлының сүйегін айналып 

жүріп жылағанда айтқан жыры:

Қара Қыпшақ Қобыландыда 

нең бар еді, құлыным!

Сексен асып, таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!

Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы

 ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ 

жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобыландыда 

нең бар еді, құлыным

Аңызда  айтылғандай,  жапа  шеккендер 

жағының 

көсемдері 

Қобыландының 

зұлымдығы  үшін  оны  жазалауды  талап 

етеді. Әбілқайыр хан болса, беделді қыпшақ 

бектері  арасындағы  тірегін  жоғалтқысы 

келмеді  және  оның  әділетті  шешімнің 

айтыс-тартысынан жалтаруы, басқа топтың 

ызасын  келтірді.  Ақжолдың  (Дайырқожа) 

Қобыланды  қолынан  өлгені  туралы 

нұсқасын қолдай отырып, автор Әбілқайыр 

Ақжол  бидің  өлімі  үшін  үш  жауынгердің 

төлемі  көлемінде  құн  төлеуді  ұсынғанын 

хабарлайды, яғни бидің құны үш адамның 

өмірімен теңестірілген. Жәбірленуші жағы 

бұл шешімге наразы болған.



5

БАСТАУ КӨЗІ

Есте  қалатыны  және  таңғаларлығы 

сол, Шәкәрімнің берген мәліметі бойынша 

Жәнібек  сұлтан  Ақжол  биді  қорғаушы 

және  арадағы  елдестіру  рөлін  атқарады. 

Бірақ  Жәнібек  сұлтанның  төрелігі,  оның 

Әбілқайырмен 

тікелей 

байланысын 

білдірмесе  керек.  Жәнібек  пен  Керей 

сұлтандар 

Әбілқайырмен 

келіссөзді 

арнаулы  шабармандар  арқылы  жүргізе 

алатын.  Үшінші  адам  арқылы  мұндай 

келіссөз  жүргізу  тәжірибесі  далалық 

дәстүрде  кең  тараған  еді.  Шәкәрімнің 

келіссөздегі  Жәнібек  сұлтанның  қатысы 

жөніндегі 

ақпараты 

көп 


нәрседен 

хабар  береді.  Біріншіден,  Жәнібек  пен 

Керей  сұлтандар  саяси  үдерістердің 

бақылаушылары  ғана  емес,  белсенді 

қатысушылары болған. Екіншіден, олардың 

өздеріне  тірек  болатын  қолдаушылары 

болды. 

Тайпалардың 



танымал 

басшысы 


Қодантайшы 

сұлтандарды 

қолдағандықтан,  олармен  бірге  Шуға, 

Моғолстанға  қарай  көшкен  болу  керек. 

ескерткенін  және  көрші  мемлекеттің  өсіп 

келе жатқан даму ауқымына мән бергенін 

пайымдайды.  Ірі  мырзалар  арасындағы 

алауыздықты,  сол  сияқты  Әбілқайырдың 

кертартпалығын асау мінезді сұлтандар дер 

кезінде  пайдалана  алды.  Дау-жанжалды 

қарама-қарсы  топтардың  арасындағы 

болған  жағдайлар  белгілі  жазушы 

Ілияс  Есенберлиннің  «Көшпенділер» 

эпопеясында көркем суреттелген.



Әбілқайырды хан тағына отырғызу 

рәсімі. Масуди Усмани Кухистани.

«Тарих-и Абулхаир-хани».

Мәуереннахр, 1541 ж.

ҚОНЫС АУДАРУ

Бөлінуге  бет  алған  сұлтандар  ат 

басын  оңтүстікке,  Моғолстанға  қарай 

бұрды.  Бұл  бөлініп  шыққан  топтың 

Әбілқайырдың 

қарамағындағылар 

мен  оны  жақтаушыларынан  ерекше 

міндеттерін  шеше  алды.  Ортағасырлық 

автор  Махмуд  ибн  Уали  Жәнібек  пен 

Керейдің  жауынгерлерінің  Моғолстан 

өңіріндегі  ойраттар  және  қырғыздармен 

бірнеше  жыл  шайқасқанын  және  оларды 

ығыстырғаны  жөнінде  хабарлайды.  Бұл 

оқиғалар  ғалымдар  М.Әбусейітова  және 

К.Пищулина тарапынан терең зерттелінген.

Әбілқайырдан  Керей  мен  Жәнібектің 

бөлінуі,  қазақ  мемлекеттігі  құрылуының 

алғашқы  қадамы  ғана  болған-ды.  Бес 

томдық  «Қазақстан  тарихының»  екінші 

томындағы  (1998ж.)  мәлімет  бойынша 

қоныс  аударған  тұста  Жәнібек  қырық 

жас  шамасында  болғандығы  берілген. 

Ал,  Керей  болса  одан  бірнеше  жас  үлкен 

болған-ды.  Бұл  тәжірибелі,  ақылды 

саясаткерлердің  алдын  ала  ойласа  және 

келісе  шешкен  қадамы  болды.  Екінші 

жағынан,  оларға  мұндай  қадам  жасауға, 

Әбілқайырмен қатынасын үзуге түпкілікті 

шешім  қабылдаған  көшпелі  тайпалардың 

жаппай  көңіл  күйі  мен  олардың  ниеттері 

де  әсер  етті.  Жәнібек  пен  Керейді 

қолдаушылардың  жылдам  қарқынмен 

өсе  түсуі,  осы  нұсқаны  бекіте  түседі. 

Бірақ,  Есенбұғаның  1462  жылы  қайтыс 

болуымен  Жетісуда  қазақ  билеушілеріне 

қарсы тұра алатын нақты күш болған жоқ. 

Есенбұғаның бауыры Жүніс хан бұл кезде 

Ташкентте  жүрген.  Моғолстандағы  өзара 

қырқыстардың  басталуы  –  Жәнібек  пен 

Керейдің саяси бағытының алмасуына негіз 

жасады. Көп уақыт өтпей-ақ, табанды қазақ 

сұлтандары  Моғолстан  билеушілеріне 

бағынудан бас тартып қана қоймай, Жетісу 

аумағын  өздеріне  бағындырып,  патшалық 

таққа  отырды.  Осы  кезеңнен  сұлтандар 

лауазымы  өзгереді,  оларды  сенімді  түрде 

хандар деп атай бастайды.

Ортағасыр  авторларының  жазба-

ларына  қарағанда,  1465  жылға 

қарай,  қазақтардың  мемлекеті  жан-

жақтағы  елдерге  танымал  болған. 

Кейбір  зерттеушілер  Керейді  көбіне 

«Гирей»  деп  те  атайды.  Бірақ,  қазақша 

дыбысталуының дәл бейнелеп жазылуына 

сәйкес қазақ әдебиетінде оны «Керей» деп 

атайды. Біздің ойымызша, қазақ тіліндегі 

дыбысталуына  сәйкес  «Керей»  деп 

аталғаны жөн.

Болашақ сұлтандар және жасы жағынан 

кіші  Жәнібек  пен  Керей  Әбілқайыр 

ордасынан алыс аймақта, батысы – Еділдің 

(Волга)  теріскей  бетінде,  шығысы  – 

Ұлытау,  солтүстігі  –  Атбасар,  Көкшетау 

өңіріне  көшіп-қонып  жүре  алатын  еді. 

Бұл  мекеннің  атаулары  сол  кезеңнің 

деректерінде жиі кездеседі.

Жоғарыдағы  себептерге  байланысты 

Әбілқайырмен  ешқандай  одақтасуды 

қаламаған  сұлтандардың  соңғы  қоныс 

аударуы,  ақыр  соңында  шығысқа  қарай, 

Шу мен Балқаш көліне бағытталды. Айта 

кететін жайт, XV ғасырдың 40-60 жылдары 

аралығында  Еділдің  арғы  жағында 

Астраханда  (Қажы-Тарханда),  Қырымда, 

Қазанда  тақ  үшін  толассыз  соғыстар  мен 

күрестер  жүріп  жатты,  оны  сол  оқиғаға 

қатысушылар да жақсы білді. XV ғасырдың 

басында  сол  өлкелерде  Тоқтамыстың 

да,  Едігенің  де  және  сұлтандардың  ата-

бабалары  –  Ұрыс  хан  мен  Барақ  ханның 

опат болған жерлері болатын. Сол аймаққа 

Жәнібек  пен  Керейдің  барғысы  да  келген 

жоқ.  Сонымен  қатар  оларды  қолдайтын 

ел де Дешті-Қыпшақтың кең-байтақ және 

шүйгінді шөбі бар даласында еді.

ӘБІЛҚАЙЫР

Осы  еңбегімді  дайындаған  кезде  мен 

арнайы  әрі  қазақ,  әрі  ноғай,  әрі  өзбек 

Сол кезеңнің деректері (аңыз, өлең-толғау, 

ауызша  әңгімелер)  Керей  және  Жәнібек 

сұлтандар Жайық (Орал), Арал және Еділ 

(Волга) жағалауынан, яғни Ноғай Ордасы 

жағынан  Жетісуға  көш  түзегені  туралы 

айтады.  Бұл  көш  1450-1460  жылдары 

болғанын  біршама  ғалымдар  (Мұхаммед 

Хайдар Дулати) айтып кеткен.

Айрықша 


мән 

берілетін 

тұсы, 

оқиғалардың  Ұлытау  тауы  бөктерінде 



болуы.  Халық  игілігі,  бүкіл  қазақтың 

аңызға айналған ата-бабалары – Жошы хан 

мен Алаша хан мавзолейі сонда орналасуы. 

Шалкиіз,  Асан  қайғының  жырлары  Қазақ 

хандығының  құрылуы  мен  нығаюының 

куәсі  және  солай  болып  қалады.  Бірақ, 

қазақтың  ежелгі  және  ортағасырлық 

деректеріне  көңіл  бөлінбеу  және  кеңес 

кезеңіндегі  идеологиялық  кедергілер 

салдарынан  ескерілмеді  және  айтылмады, 

күшпен  алынып  тасталды,  қазақтың 

ауызша тарихи деректерін білмегендіктен, 

зерттеушілерге  белгісіз  күйінде  қалды. 

Айта кету керек, қазіргі кезеңде де зерттеу 

жұмыстарында  ауыз  әдебиеті  деректерін 

пайдалану өзекті болып тұр.

Асан қайғы жырларында айтылғандай, 

Керей  мен  Жәнібектің  қоныс  аударуы 

Әбілқайыр 

ұлысының 

ыдырауын 

жеделдеткен  толассыз  текетірес,  өзара 

қырқыс  салдарынан  болды.  Оның  үстіне 

алыс  өлкедегі  «жаңа  қазақтарға»  қоныс 

аудару  да  оңайға  соқпады.  Қонысынан, 

туғандарынан  айырылу  адамдар  бойында 

ашу мен ызаны туғызды, мұндай реніштер 

Асан  қайғының  өлеңдерінде  «Жәнібек 

ханға  Асан  қайғы  айтты»  жырында 

нақтылап көрсетіледі.

Бұл  арнауда  кезінде  батыс  өңірінен 

оңтүстікке  қоныс  аударған  Жәнібек 

сұлтанды жазғыру сезіледі. Ақылгөй ақын, 

Жәнібек  саясатын  сынға  алушылардың 

бірі  болды.  Асан  қайғының  сұлтанға 

арнауы 


мемлекеттік 

басқарудың 

кемшілігін  көрсете,  көсемнің  уайым-

қайғысыз  және  мамыражай  әрекеттеріне 

соққы  береді.  Жазушы-ғалым  Мұхтар 

Мағауин  Асан  қайғының  құлдыраған 

Алтын Ордадағы жер иеліктері үлесі үшін 

болған  өзара  қырқысуды  ғана  уайым-

даумен  қоса,  ол  хандықтың  әлсіреуінің, 

өзара талас-тартыстың қауіптілігі жөнінде 

айырмашылығы  болған  еді.  Жәнібек 

пен 


Керейді 

қолдаушылардың 

бір 

бөлігі,  өздерін  «қазақтармыз»  деп  атай 



бастады.  Моғолстан  халқының  өмір  сүру 

салты,  тілі  және  мәдениеті  бойынша 

Әбілқайыр  хандығындағы  тұрғындардың 

айырмашылығы алшақ емес еді. Мұхаммед 

Хайдар  Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди» 

еңбегінде,  негізгі  оқиғалар  былайша 

беріледі:  «…Сол  заманда  Әбілқайыр 

ханның Дешті-Қыпшақ даласына түгелдей 

билік  жүргізіп  отырған  кезі  еді.  Жошы 

ұрпағының  сұлтандары  жорық  жасап, 

Жәнібек  хан  мен  Керей  хан  одан  қашып, 

Моғолстанға  кетіп  қалған  еді.  Есенбұға 

хан  оларды  құрметтеп  қарсы  алып, 

қоныстануға 

Моғолстанның 

(қазіргі 

кезеңде бұл мекен – Хантау, с.с. Хан тауы 

(төбесі) деп аталынады) батыс жағындағы 

Шу  өзені  алабындағы  Қозыбасыны  берді. 

Олар  бұл  аймақта  тыныш  өмір  сүрген. 

Әбілқайыр  хан  қайтыс  болған  соң  өзбек 

ұлысы  бір-бірімен  шайқасып,  араларында 

үлкен  келіспеушілік  туды.  Жұрттың 

көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның 

жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз 

мың адамға жетті, оларды өзбек-қазақ деп 

атай бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш 

билік  жүргізуінің  басы  870  (1465-1466) 

жылдан  басталады.  <Алла  жақсы  біледі>. 

940  (1533-1534)  жылға  дейін  қазақтар 

Өзбекстанның  көп  бөлігіне  өз  биліктерін 

толық  жүргізген  еді».  Мұндағы  ақпарат 

бойынша  мұсылман  жыл  санауындағы 

(хижра) 870 жыл, қазіргі күнтізбе бойынша 

1456 жылға сәйкес келеді.

Сонымен  қатар  әртүрлі  мәліметтер 

негізінде  Мұхаммед  Хайдар  Дулати: 

«тамызда  келген  ханзадаларды  құрметпен 

және  ризалықпен  «күтіп  алды»,  яғни 

қуғындалушылар  емес,  сарай  өкілдері 

ретінде» деп көрсетеді. Себебі, ол кезеңде 

Әбілқайыр хан жағынан да, ойрат-жоңғар 

билеушілері  тарапынан  да  мықты  қысым 

көргендіктен, 

Моғолстан 

билеушісі 

Есенбұға ханға қазақтардың көшіп келгені 

және олармен одақ жасау пайдалы еді. Бұл 

Жәнібек пен Керей үшін де тиімді болды. 

Қазақ  сұлтандарына  сүйене  отырып, 

Есенбұға негізгі қарсыластары жоңғарларға 

қарсы  жаңа  одақтастарын  бағыттау 

арқылы  өзінің  кейбір  сыртқы  саяси 

(Соңы келесі санда)


6

Жиембеттен  қалған  ең  елеулі  мұра 

–  Есім  ханға  айтқан  толғауы.  Оның  туу 

себебі мынандай екен.

Қалмақ  тайшыларың  бірі    Есім  ханға 

сый  ретінде  бір  сұлу  қызды  жібертеді. 

Оған  Жиембеттің  батыр  інісі  Жолымбет 

қызығып,  қызды  ханға  жеткізбей,  жол-

дан тартып әкетеді. Содан кейін Есім хан  

ағайынды екі батырға да қысым көрсетуді 

ойлайды.  Мұны  білген  Жиембет  бір 

реті  келген  жерде  ханға  арнап  толғауын 

жасқанбай батыл айтады:

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім!

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін!

Есім қазақ тарихындағы  ең жауынгер, 

ең  әділетті  хандардың  бірі  еді.  Әмірші 

Есім ханның алдында мұндай батыл сөздер 

айту  хан  алдында  үлкен  еңбегі,  беделі 

бар  адамның  ғана  қолынан  келер  іс  еді. 

Өйткені, Жиембет  Есімді ақ киізге салып, 

хан  көтерушілерінің  бірі,  оның  барлық 

жеңіс жорықтарының қаһарманы болған. 

Жиембет  өмір  сүрген  дәуір  – 

қазақтардың  сыртқы  жауларға  қарсы 

қаһармандық 

күресінің 

дәуірі-тін. 

Сондықтан,  сол  кезеңдегі  жыраулар  елді 

бірлікке, ерлерді батырлыққа, елді қорғауға 

шақыра білді. 

ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім!

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін!

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға

Есіктегі ебесін,

Сонда ханым не десін?

Мен жоқ болмсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде,

Не деп жауап бересің?

Бортоғашұлы Жиембет жырау – Есім ханның әскербасы 

батырларының бірі әрі  жорықшы жырауы.  Сонымен бірге 

Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және өз 

шығармаларына қарағанд, мемлекет істерінде үлкен рөль 

атқарған қабырғалы би. 

ЖиЕМБЕТ ЖЫРАУ

(хҮп ғасыр)

Аталар 


айтқан 

асыл сөз


Меніменен, ханым, ойнаспа

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқының асау тайындай.

Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай.

Көруші едім, Есім хан,

Ханымды күнім, сізді айымдай.

Сырым саған түзді

Садаққа салған бұлыңдай.

Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда

Өзіңнің інің, ұлыңдай.

Есімде менің сүймеуің,

Істетпеске қойған тіліңдей.

Мен өлсем, құнсыз деме сен,

Кешегі өзің ұрып өлтірген

Тілеуберді құлыңдай,

Тілеуберді құлын мен емес,

Мұның, ханым, жөн емес.

Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді қылғансың,

Қайратымды білгенсің,

Ағбытпа, ханым, күннен соң

Сіздің естен кеткенмен,

Біздің естен кеткен жоқ:

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Соқыр бурыл байталға

Сонда  бір жайдақ мінгенсің...

Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,

Қаланың қасы бүлгенде,

Хандар қалаға құлаған,

Сұлтандар сауға сұраған.

Қаз мойынды ханымша

Қалада тұрып жылаған...

Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Қайырлып қайыр қылуға,

Қылғанаң жоқ ұнаған.

Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа, ханым, шыдаман!

Арғаға қрай көшермін,

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін.

Ат сауырын берермін,

Алыста дәурен сүрермін.

Қарамасаң, ханым, қарама,

Сенсіз де күнімді көрермін!

* * * 

 Әмірің қатты, Есім хан,



Бүлік салып бұйырдың,

Бсаын бер деп батырдың,

Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа.

Атадан жалғыз мен емес,

Хан ие, ісің жол емес.

Жолбарыстай Жолымбет

Құрбандыққа қол емес.

Жол тосып алып кетіпті

Қалмақтан алмақ сыйыңды.

Қаһарыңды басқалы,

Қалың елім жиылды.

Бастап келген өзге емес,

Жиембет сында биің-ді.

Малын салып алдына,

Әр садладан құйылды.

Он екі ата Байұлы

Бір Аллаға сыйынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет