№3 (211) 17 ақпан 2015 жыл Құттықтаймыз! «Таңғажайып сәт»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#9115
1   2   3   4   5   6

нұржанар жаҚсығали

Приурал МБК-нің 3 «а» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі де таяп қалды. Соғыс жылдарында 

кеңес  үкіметінен  миллиондаған  сарбаздар  қару  асынып  елімізді  қорғау 

үшін соғысқа аттанды. Қаншама ана баласынан айырылды,қаншама жар 

көз  жасын  төкті,қаншама  бала  әкені  сағынумен  күн  кешті.  Қиындыққа 

мойымай  аналар  мен  жасөспірім  балалар  да  еңбекке  араласып  күн 

кешкен екен. Менің де үлкен әжем Тәттіқара соғыс жылдарында Бөкей 

Ордасының  Нарын  құмында  тұрған.  Бұл  жерде  шойын  жол  болыпты. 

Шойын жолмен соғыстағы солдаттарға шұлық,қолғап,тамақ жеткізілген. 

Әлсін-әлсін әуеден неміс ұшақтары оқ жаудырыпты. Әжемнің үлкен ұлы 

Елемес  те  соғысқа  жас  бозбала  шағында  аттанған.  Ол  кісі  Ленинград 

түбіндегі шайқаста пулеметші болыпты.1943 жылы ерлікпен қаза болған 

деген хат келген.Үлкен әжем немере,шөберелерінің қызығын көріп 102 

жасында дүниеден озды. Үлкен әжемнің әңгімелерінен соғыс зардаптарын 

көп көргенін естігенде жанымыз түршігеді. Әлемде соғыс болмаса екен. 

Біз  бейбіт  заманда,тәуелсіз  еліміз  Қазақстанда  бақытты  өмір  сүріп 

жатырмыз.  Бейбіт  аспан  аясында  барлық  адамзат  бірлікте,достықта 

бақытты өмір сүрсе екен деп тілек айтқым келеді!

айбике орынбаеВа

Чапаев бастауыш сыныбының

4-сынып оқушысы Құтсиық ауылы  Теректі ауданы

Менің атам 

майдангер

                Атам  Құбай 

Аманшын  –  Ұлы  Отан 

соғысының  ардагері, 

қазіргі Ақжайық ауданы 

Өлеңті 


ауданында 

дүниеге 


келген. 

Үлкенге  іні,  кішіге  аға, 

пана  бола  білген, 

халқына  сыйлы  бас 

есепші 

қызметін 



атқарған. 

            Орысшаға 

жақсы,  ширақ  қазақ 

жігіті 


барлаушылар 

тобында  жүріп    қиын 

т а п с ы р м а л а р д ы  

орындаған. 

Елге 

оралғанда,  атам  бір  аяғынан  айырылып 



келіпті. Бірақ атам ол үшін  еш моймаған 

«татар  дәмін,  көрер  жарығым  бар»  деп 

немерелеріне    еміреніп  отырушы  еді  - 

дейді үлкендер. 

        Қазіргі  бізге  жарықты  сыйлап,  бар 

ғұмырларын  арнаған  аталарымыздың  

ерліктеріне мәңгі тағзым етемін!!!

 Гүлназ жҰмағалиеВа

№4 жалпы орта білім беретін 

мектептің 3 «б» сынып оқушысы.

Ақсай қаласы,Бөрлі ауданы



№3 (211)    17.02.2015 ж.

4

«Тәуелсіздік - 

елдік  мұратым!»

сыныптан  тыс  шара. 

тақырыбы:  “тәуелсіздік - елдік  

мұратым!”

мақсаты: 

Ата-бабаларымыз  

ежелден  аңсаған, бүгінде  жиырма үш  

жыл  толып  отырған    тәуелсіздікке  

жету  жолындағы   тарихи  оқиғаларды, 

тәуелсіздіктің   маңызын  оқушыларға  

түсіндіру.Ұлы    адамдардың    өмірінен  

үлгі  алуға,Қазақстан  Республикасының  

Мемлекеттік  Рәміздерін  құрметтеуге  

тәрбиелеу.”Біз    тәуелсіздікті    аңсап,  

зарығып  жеттік. Енді  сол  тәуелсіздіктің  

белгілерін    де    ерекше    қадірлеуіміз  

керек,әрбір    азамат    Қазақстанның 

Туын,  Елтаңбасын,Әнұранын тұмардай  қасиет   тұтуы  қажет. 

Елдігіміздің  сыналатын  бір  тұсы  осы”.

Н.Ә.Назарбаев.  Ашылуы.  Амандасу.  Азаттық    қазақ  

халқының  ұлы  арманы  еді. Азаттық  үшін  күресте  ерекше  

ерлік    көрсетті,  талай    қиын    кезеңдерді    бастан    кешірді,  

Бірақ  так  ешқашан  мойымады,  күресе  білді, азаттық  таңы  

ататынына  кәміл сенді.Енді  кейбір  тарихи  оқиғаларды  еске  

түсірейік.

“Тарих-  ғасырлар куәсі”.

Аты  шулы  “Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл   сұлама”  -Аты  

шулы  “Ақтабан  шұбырынды, Алқакөл   сұлама”  атты  қаралы  

атқа  ие  болған  1723 жылғы  жоңғар  шапқыншылығы  қазақ  

жерін    ойсыратып,      кетті.Қалың    халық    оңтүстікке    қарай  

босты.Халықтың  қайғы  қасіретінен  “Елім -ай” әні шықты.

1937 жылғы  Сталиндік  қуғын  сүргін  құрбандары.1937 

жылғы    асыра    сілтеудің    кесірі    біздің    қазақ    әдебиетінде  

жайқалып    келе    жатқан    жас    теректердің  тамырын    қиды.

Олар:  Шәкәрім,  Ахмет,  Мағжан,  Міржақып,Жүсіпбек  , 

Бейімбет,Илияс,  Сәкен.Өздері    өлсе  де,    аттары  өлмеген 

ағалар    рухына  кейінгі    ұрпақ    бас    иіп,  олардың    жолын  

жалғастыруда.

1941-1945  жылдар  Ұлы    Отан    соғысы  жылдары.1941-

1945 жылдар Ұлы  Отан  соғысы жылдары   қазақ  батырлары  

бүкіл    адамзатты    фашизмнен    қорғау    жолында    ерекше  

ерлік  көрсетті.Жүзге  тарта  қаһармандарға  Кеңес  Одағының  

Батыры  деген  абыройлы  атақ  берілді.Ұлы  Жеңіске  70жыл.

Біздің  ауылымызда     Кеңес  Одағының  Батыры   атағын  

алған   В.Ф. Тарасенко, ауылымызда     В.Ф. Тарасенко атында  

көше  берілді.

1986  жылғы   Желтоқсан  оқиғасы.1986  жылы   Атыраудан  

Алтайға, Сарыарқадан  Алатауға  дейінгі  байтақ  жерімізде  

Желтоқсанның  суық  дауылы  үдей  түсіп,дүрбелең  жайлады.

Әділдік  үшін   бой    көтерген  жас  боздақтардың маңдайы  

тасқа    соғылды.    Бастарына  қара    бұлт    үйірілді.Еліміздің  

тәуелсіздігін  аңсаған  жастар  алаңға  алдарына  мақсат қойып  

шықты. Қазақ  “ұлтшыл  халық”  деген  атқа  ие болды.

-Шын  ерлігі  жиырмасыншы  ғасырдың,

Желтоқсаным  абыройды  асырдың.

Намысы  үшін, азаттығы  ары  үшін,



1-бекет.«Тәуелсіз  елім  – Қазақстан»

Халқымның    мақтанышы-  алып    тұлға,Әлемнің  

назары    ауды    Ақ  Ордаға,  Бәйтерек    -  көкке    қолын    созып  

тұрған,Ұқсайды  менің  асқақ  арманыма!

Қазақстан  халқы  өзінің  Президентін  қашан 

 

сайлады?



Қазақстан  Республикасы  өз  Тәуелсіздігін  қашан 

 

алды?



Астана Қазақстанның нешінші астанасы?

 

Елорда   ажарын   асқақтатар орындар.



 

 2-бекет

 

.“Ұлттық рәміздер”.

Тәуелсіздік – тірегім  алмас  үнді,Тәтті   үміті  халқымның   

сан  ғасыры. Көк  байрақты, кемеңгер  кемел  ойлы, Келбетіңнен  

көремін  жалғасымды.

Қазақстан Республикасы:

Туымен  тұғырлы,

Елтаңбасымен  еңселі,

Әнұранымен айбынды!

          3- бекет.“Салт – дәстүр”

1)Қазақстанның  ертеден  келе  жатқан  мейрамдарын 

ата.2)Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?3)

Қазақтың  ұлттық  салт  –  дәстүрлерін  атап  шық.4)Қазақтың 

ұлттық киімдерін ата?

-Сан  ғасыр сағы сынбас  құла  дүзде.Тоныкөк  рухынан  

шырақ  ізде.Қазақтың  мәңгі  өлмес  жәдігеріСалт  дәстүр мен 

ескерткіштер  мұра  бізге.

Тарихтан    сыр    шертемін.  Кім?    Не?    Қашан  ?  Қайда? 

ойыны.1)Жас    Астананың    символын  ата  және    биіктігі  

қанша, салмағы  қанша, авторы  кім?2)Тәуелсіздік  монументі   

биіктігі    қанша  және    авторы    кім?3)Үш    би    ескеркіші    қай  

қалада  орналасқан?4)Қазақ  халқының    азаттығы  туралы  

жырлаған  ақын  кім?5) “Көзіңді  аш,оян  қазақ, көтер  басты  

шығармасының    авторы?  6)Шу    Талас    аңғарындағы  XV  ғ. 

қалыптасқан? 7) XVІІІ ғ.бас.  соғыс  қасіреті   кезінде  туған ән? 

8)Қасиетті  мұсылман  санына  байланысты  заңның атауы?9) 

Қазақтың  ұлт-азаттық  күрестердің  ретін  тап?10) Қай  хан  

кезінде   қазақтың саны  1 млн  -ға  жетті? 

Тәуелсіздік  айналайын  құныңнан,

Түсе  көрме  тұғырдан,

Тәуелсіздік    тұғыры  биік  болғай  ағайын!                                                                                   



  айжан  мҰҚашеВа

“Киров мектеп -балабақша кешені”КММ-ніің

Тарих және география пәнінің  мұғалімі

Бөрлі ауданы

Мектеп  жасына  дейінгі  балалық 

шақтағы 


жас 

жеткіншектерді 

адамгершілік  қасиеттердің  алғашқы 

баспалдағына қадам бастыртып, әдепті 

болуға    тәрбиелеп,  көпшілік  ортадағы 

қарым-қатынас  мәдениетіне  үйретуге 

ең  тиімді  уақыт-балабақшадағы  кезең. 

Осындай  ізгі  қасиеттерді  әлі  оң-солын 

тани  қоймаған  сәби  бойына  үлкен 

еңбекқорлықпен  дарыта  білген  Бөрлі 

ауданы,  Қызылтал  ауылының  мектепке  дейінгі  балалар 

ұйымының  «Балмұздақ»  ортаңғы  тобының  тәрбиешісі  - 

Сеилханова Мөлдір Зайнулқызы.

          Тәрбиешіміз  -  Мөлдір  Зайнулқызы  балабақша 

ашылған  күннен  бастап    екі  жасқа  жаңа  қадам  басқан 

жас  бүлдіршіндерді  қуана  қарсы  алды.  Таңертеңгі  тәтті 

ұйқысын  қимай  оянып,  аздап  еркелікке    бой  алдырып 

келетін  тәрбиеленушілерін жылы шыраймен күлімдей қарсы 

алып   жатқанын көргенде ата-аналар да өз балаларының 

сенімді ортаға тап болғанына іштей қуанысып жатады. Бар 

ынта-жігерімен  баланың  жан  дүниесіне    еніп,  оларға  түрлі 

іс-шараларды  ізденіспен,  шебер  ұйымдастыратыны  бізге 

мәлім.    Атап  айтсақ      «Жабайы  аңдар»,      «Мен  түстерді 

танимын»,  «Ғажайып математика» т.б танымдық сабақтары 

жоғары дәрежеде өткізілді. Топ ата-аналарымен үнемі тығыз 

қарым-қатынаста  болып,    оларға  өз  балаларына  ертегі 

құру  сияқты  әр  түрлі  ертеңгіліктерге  қатыстырып  отырады. 

«Бауырсақ»  ертегісін  өз  ата-аналарының  сахналауымен 

көрген  балалар  да    бір  қуанып  қалды.  Қазан  айында  

«Балмұздақ» тобында өткен «Алтын күз» дәстүрлі мерекесі, 

қаңтарда  ұйымдастырылған  «Толағай»  отбасылық  сайысы 

жоғары  дәрежеде  ұйымдастырылды.  Әрбір  үйдің  бір-бір 

еркелерінің  көңіл-күйін  келтіріп,  адам  бойынан  табылатын 

ізгі  қасиеттерді  дәріптеп,  оларды  жат  әдет-қылықтардан 

аулақ  болуға  тәрбиелейтін  осындай  еңбекқор,    тәжірибелі 

маманның арамызда жүргені бізді қуантады. 

«Жақсы  сөз-жарым  ырыс»  демей  ме  халқымыз.  «Осы 

бір  жылы  ілтипатымыз  Мөлдір  апайымыздың  бойына, 

жұмысына шығармашылық  қуат берсін! Осындай кез-келген 

адамда  табыла  бермейтін  өзіне  ғана  тән  мейрімді  жүзінен 

күлкі кетпесін» демекпіз.

 л.ҚарағоЙшина

Қызылтал ауылының мектепке 

дейінгі балалар ұйымының  

«Балмұздақ» ортаңғы топ тәрбиешісі

Бөрлі ауданы

  Ұстаз еңбегі

Әріптес әріптес туралы

                                                                                               

Әріптестеріміз  -  Тасжанова      Гүлжахан  Тілекқабылқызы  1996  жылы  Орал  педагогикалық 

университетінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бөлімін  бітіргеннен  кейін  Алмалы  орта  жалпы  білім  беретін 

мектебіне орналасты.                                                                                

Ұстаз қазіргі талапқа сай оқу-тәрбие ісінің әдістерін жетілдіре отырып, «Оқушылардың рухани білімдерін 

қалыптастыру,  сөйлеу  тілдерін  дамыту,  адамгершілікке  тәрбиелеу»  проблемасымен  жұмыстануда. 

Гүлжахан  Тілекқабылқызы  ана  тіліміздің  асыл  маржандарын  қазақ  тілі,  әдебиет  сабақтарында 

пайдалана  отырып,  өтілетін  ережені  теориялық  білім  деңгейінде  меңгертіп  қана  қоймай,  әр  сабақта 

оқушы  бойына  еңбексүйгіштік,адалдық,  ар-ұят,  қайырымдылық  сияқты  қасиеттерді  қалыптастыруға 

тырысады.  Сабақтарында 

жаңа 

технология 



элементтерін 

мысалы: 


Н . О р а з а х ы н о в а н ы ң 

«Сатылай 

комплексті 

талдай  оқыту»,  «Венн 

д и а г р а м м а с ы » , 

Шаталовтың 

«Тірек 

сызбалар», «Сыни тұрғыдан 



ойлау»  сияқты  жаңашыл 

әдіс-тәсілдерді қолданады. 

Осы бағытта бірнеше ашық 

сабақтар  берілді.  Мысалы: 

«Тұрақты  сөз  тіркестері»,  

«Үстеуді сатылай комплексті талдау», «Ыбырай әңгімелері» т.т.   Өз ісіне шын берілген ұстаз –әрбір 

оқушы  мінезін,  қабілетін  танып,  соған  лайықты  жұмыс  жүргізуге    тырысады.  Нәтижесінде    аудандық 

Қадыр  Мырза  Әлі  оқуларында  «Кейбір  жырым  дән  ұшырып  қырманда      Кейбір  жырым  бақташы  боп 

жүр маңда» бөлімі бойынша жүлделі І орын, облыстық «Қадыр оқулары-2013ж» ІІ дәрежелі дипломмен 

марапатталды.  Аудандық  «Қазіргі  қоғамдағы  діннің  орны  және  деструктивтік  діни  ағымдарға  қарсы 

тұру» тақырыбындағы онкүндік аясындағы  «Елім үшін не істей аламын?» атты үздік мақала байқауында 

жүлделі ІІ орын алған үшін 9-сынып оқушысы А.Ермекова марапатталды.                   

       Қазақстан ұстаздарының әдістемелік порталына «Абай сөздеріне жазылған әндердің тәрбиелік 

мәні»,  Қ.  Жұмаділовтің  «Қозыкүрең»  әңгімесі  бойынша  өткізген  сабақтары  жарияланып  «Құрмет 

грамотасымен» марапатталды. Сабақ берумен қатар, ұстаз қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. 

Гүлжахан  Тілекқабылқызы  жанұясында  адал  жар,  аяулы  ана.  Жолдасы  Мұқтар  Жамалханұлы  екеуі 

бірігіп екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған жанұя.  Алдағы уақытта әріптесіме сәттілік тілеймін. 

 

 



амантай тӨлеГеноВ

Алмалы орта мектебінің мұғалімі

Ақжайық ауданы

Менің  алғашқы 

қадамым!

  Ұстаз болу адамзаттың бағбаны, 

Ұстаз болу талай жанның арманы.

Алғашқы сабақ қадамыңа гүл бітсін,

Еңбегіңе  байланысты  қалғаны  деп-,  ақ  батасын  бере 

отырып, 2013-2014 оқу жылында  40 жылдық тарихы бар 

С.Есетов  атындағы  орта  жалпы  білім  беретін  мектебінің 

ұстаздар қауымы мені қазақ тілі және әдебиет пәні  мұғалімі етіп қабылдады.

Өзіңнің  армандаған  мамандығым  бойынша  алғашқы  сабағың,  алғашқы 

шәкірттерің    естен  шығуы  мүмкін  емес.  Қызығы  мен  қиындығы  бірге  жүретін 

ұстаздық қызмет ерінбей еңбек етуді талап етеді. Бағбан өзінің еккен теректерінің 

өнімін баптап, күтіп бірнеше жылдан кейін  ғана жемісін  көреді. Ал-ұстаз адамзат 

бағбаны.  Шәкірттерге  берген  біліміңнің  нәтижесін  бірнеше  жылдан  кейін,  олар 

қандай да бір маман иесі  болғанда ғана көз жеткізесің. 

Мен үшін сабақ беру – жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны таба 

білетін  өнер,  ізденіс.    Баланы  тек  білімді  ғана  етіп  өсірмей,  оның  ішкі,  рухани 

жан – дүниесін әрлеп, нәрлеп қалыптастыру. Баланың жаны – жаңа отырғызған 

талдай,  қисайып  өсіп  бара  жатқанын  дер  кезінде  байқап,  алақаныңмен  сипап, 

сындырып  алмай    түзеу  керек.  Кіршіксіз  ақ  жүрегіне  қандай  сөз  жазсаң,  сол 

сөз  оның  жүрегіне  мәңгіге  мекендейді.  Міне,  осыдан  түсініңіз  –  еліміздің  күні, 

болашақ тағдыры ұстаздың алдында отырған шәкіртте. Сол себепті, ұстаздың өз 

жұмысына немқұрайлы, салқын көңілмен қарауы мүмкін емес.

Өз шәкірттерімнің білімді де, білікті,  тәрбиелі  болуына ұмтыламын. Менің 

басты  мақсатым  -    мықты  денсаулық  иесін,  түзу  ойлап,  дұрыс  шешетін,  дәл 

табатын,  дұрыс  ақыл  иесін,  жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны 

тілеп тұратын адамгершілігі мол жанды тәрбиелеу.  Осы жоғары мақсатқа жету 

жолында жүрегімнің бар жылуын, бар отын аянбай балаға беруге даярмын. Бала 

тәрбиесі – мәңгілік категория. Өмірде байлық бақыт  деген ұғымдар бар,  бірақ 

олар  келіп  –  кететін  нәрселер.  Ал  дүниеде  мәнді  де,  күрделі  де  асыл  тас  бар 

ол, әрине, - бала.  Оның дұрыс дамуы, жан – жақты, ұғымы  кең, адал, еңбекқор 

болып  өсуі  ұстаздың  қолында.  Ұстаздыққа  деген  ғашықтық    біздің  жүрегімізде 

және келер ұрпаққа да сол ғашықтықты мұра етіп қалдыру – парызымыз.

 

 

ақжол  Қазиуллин 



С.Есетов атындағы ОЖББ мектебінің

 қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Казталов ауданы

меЙірімді   жан

Ұстаз келбеті


№3 (211)    17.02.2015 ж.

5

 Біздің Елбасы

Мен Қазақстанда тұрамын. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мен 

үшін біздің елбасымыз ұлы тұлға. Қазақстан болашағы үшін көп нәрсе жасауда. Біз сияқты 

балалар үшін әсем балабақшалар, сәнді мектептер салғызып жатыр. Мен елбасының 

үмітін ақтауға тырысып жүрмін. Сабағымды жақсы оқимын.



                   айгерім тӨлеГеноВа

№10 ЖОББМ-нің 2 «д» сынып оқушысы  

                                  

бірліГіміз – басты баЙлығымыз 

    Мәңгілік ел 

тірегі-Қазақ 

хандығы

Біздің 


еліміз 

тәуелсіздік 

тұғырында көрінген жасампаз,тату 

елдердің  бірі.  Тәуелсіздік  биігіне 

жету  жолында  талай  белестерді 

бағындырып, 

бұл 

жолдың 


қиынына  да,өткел  торабына  да 

мойымай,  жігерлі  жандардың 

тағдырын  тоғыстырған  біздің 

жеріміз, 

Отанымыз, 

бақытты 


өлкеміз 

сырға 


толы 

тарих 


тарауы.  «Өз  тарихын  білмеген 

халық,өзін 

де 

сыйламайды» 



деп  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев 

айқандай қазір біздің еліміз тарих 

толқынындағы, тарих тұғырындағы 

мемлекеттердің  бірі.  Қазақ  елінің 

өркендеген тұсы бұл-хандық тарихындағы елеулі оқиғалар. 

Қазақ  хандығының  құрылуына  ең  басты  негіз-қазақ 

батырларының  ерлігі  мен  жасампаздық  жолындағы  ұлы 

мұраттары екенін ғасыр көшінен-ақ білеміз. Ел тарихындағы 

«қазақ» деген сөздің өзі бостандық, еркіндік және ержүрек 

сөздерінің  ұғымындағы  тарихи  сөз.  Қазақ  хандығындағы 

ерекше орын алған кезең бұл-Алтын орда дәуірі болатын. 

Бұл  орда  XII  ғасырдың  ортасынан  бастап,  XV  ғасырдың 

ортасына дейін тарих сахынасында өмір сүрген. Бұл кезең 

тарих  шежіресінде  айтулы  оқиғалардың  жаңғырған  шағы 

болды. 

Ең алғаш қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар-



Керей  мен  Жәнібек  болды.  Қазақ  хандығында  сәулетті 

кесенелерде    болды.  Оған  дәлел  қазіргі  Арыстан-баб, 

Қожо Ахмет Йасауи, Көккесене, Алаша хан, Рабиға Сұлтан 

Бегімнің  кесенелері.  Біздің  жеріміздің  тарихы  көнеден  сыр 

шертеді.  Алтын  ғасыр  дәуірінде  хандықтардың  дамуы 

елдің  даму  жолымен  тығыз  байланысты  болған.  Қарахан 

мемлекеті,  Наймандар,  Қарақытайлықтар,  Түрік,  Түргеш, 

Қарлұқ,  Қимақ  қағанаттарымен  қатар  оғыз  мемлекеті  бұл 

аталған хандықтың барлығы белгілі бір мақсатпен,оқиғалар 

желісімен  тізбектесе  келіп,  тарих  дамуының  көпжылдық 

сатыларын құрайды.

2015  жыл-Қазақ  хандығының  құрылған  уақытына  550 

жыл.  Бұл  мерейлі  жыл  –қазақ  халқының  тарихын,дәстүрін 

айқындайтын  жыл  болары  сөзсіз!  Ұлы  елдің  тарихы-тіздің 

дамып,өркендеу  кезеңіміз,тарихи-жолы-келешектің  мақсат 

жолы,ал бұл жылдың асқақтауы-елдіктің жаңғырып,биіктен 

көрінуі.  

Қазына ФаЙзуллина

Жаңабұлақ ОЖББМ-нің жас тілшісі

Ақжайық ауданы

Тарихтан сыр шерткен 

«Кандохин»

  Менің туған өлкем Батыс Қазақстан. Өз өлкесінің тарихын жатқа 

білу және қорғау әрбір азаматтың парызы. Туған жер тарихына үңіле 

отырып,  ата  -  әжелеріміздің  жүріп  өткен  жолы  мен  қалдырған  мол 

мұрасын зерделеймін. Тарих сахнасында әрбір тақырып өзін түбегейлі 

зертеуді қажет етеді. Сөйтіп бүгінгі таңда 80 жылды еңсерген өлкемнің 

тарихын саралау жұмысы маған беріліп отыр. Қарастырғалы отырған 

мәселем,  сан  мыңдаған  оқиғаларға,  өзгерістерге  және  жаңалықтарға 

толы  десем,  қателеспеймін.  Өлкемнің  тарихын  деректерге  сүйене 

отырып, жан – жақты зерттеу, іздеу жұмыстарын жандандыру арқылы 

жазу қажет.

 «Кондохин» жері. Қабыршақты ауылдық округінің оңтүстік – батыс бөлігінде 

тарихи орын бар екендігін анықтадық. Бұрын бұл жер «Қантөккен» деп аталған. 

Бертін келе бұл атау «Кандохин» болып өзгеріпті. Ол Чапаев – Жалпақтал күре 

жолын бойлай орналасқан. Бұл жерде 1918 жылы соғыс болған жер екен. Ол 

жерде  соғыс  болғанға  дейін  байлар  тұрған.  Соғыс  басталған  кезде  байлар 

бар  алтындарын  сол  жерге  көмген  дейді.  Бертін  келе  мектеп  оқушылары 

қазба  жұмыстарын  жүргізіп,  бірнеше  жорықтар  жасаған.  Оқушылар  әр  –  түрлі 

қарудың  оқтарын,  мылтықтың  сынықтарын,  ертедегі  байлардың  ақшаларын, 

крест  өрнегі  бейнеленген  алқалар,  ақшалар  тапқан  екен.  Кандохин  жерінде 

окоптың орындары, Құдықтың және үйдің орындары кездеседі. Бүгінде бұл үйдің 

орындары төмпешік болып жатыр.

 Ақанов Зақария ата 1937 жылы дүниеге келген. Ата 1960 жылы Кандохин 

жерінде  жазғытұрым  шалашта  тұрып  мал  баққан  екен.  Сол  кезде  де  ол 

жерден оқушылар әр түрлі заттар тапқандығын айтады. Кандохин тарихын осы атадан естіп алып, бұл жерге деген 

қызығушылық арта түсті. Туған өлкені танып білу үшін Кандохин жерінде болып, он төрт оқушы тарихи жерде зерттеу 

жұмысын жүргіздік. 

суретте: кандохин» жерінен табылған жәдігерлердің суреттері

Жетекшіміз тарих пәнінің мұғалімі  - Гаухар  Мұханғалиева апайымыз болды. Біздер межелі жерден қыш құмыраның 

сынықтары,  темір  құмыраның  түбі,  мылтық  темірлері  және  темірден  әр  түрлі  заттар  табылды.  Оның  не  екендігін 

археологиялық  жұмыспен  айналысатын  ғалымдармен  Хабарласып  анықтауға  тырысамыз.  «көптеген  көне  заттар 

таптық. 

Мен туған өлкеміздің тарихымен танысып қазба жұмыстарына қол ұшын берген Әлібек Рысқалиев, Анарбек Қабаев, 

Әділбек  Рысқалиев, Руслан Қордабаев, Руслан Ғұбайдуллин, Тұңғышбек Ерғалиев, Наурызғали Садыков, Асылбек 

Хамидуллин,  Кеңес  Рахметов,  Сәкен  Қасымов,  Райымбек  Рахимов,  Мирболат  Төлегенов,  Жарқынай  Джамбулова 

сынды құрбы-достарыма алғысымды білдіремін.

  

зере жамбылоВа 

Бітік орта мектебінің 9-класс оқушысы 

Қабыршақты ауылы, Ақжайық ауданы 

Біздің Елбасы

Еліміздің  тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  атамыз.  Ол  өте 

білімді, тапқыр, дана адам. Біздің еліміз тыныш. Барлығы бар. Менде өскесін ел 

басқарғым  келеді.  Бірақ  қиын  шығар,  көп  тілді  білу  керек.  Мен  қазір  сабағымды 

жақсы  оқып  жүрмін.  Мейлі  бастық  болмасам  да  өз  елімде  еңбек  етіп  ата-анама 

көмектессем деймін.

                       

әмина мҰхит

 №44 ЖОББМ-нің 1 «а» сынып оқушысы

Биыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» болып 

Елбасымыздың  бастамасымен  жарлыққа  қол  қойылды. 

Ассамблея жылы - бірліктің, қоғамдық келісім, Қазақстан 

моделінің жылы. Қазақстан халқы Ассамблеясы - 17 млн 

халықтың ассамблеясы. Қазақ хандығының құрылғанына 

550 жыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл, ҚР 

Конституциясына  20  жыл.  Бұл  жыл  той  тойлайтын  жыл 

емес, бұл жыл ой ойлайтын, ойластыратын жыл, өткенімізді 

зерделеп,  бүгінімізге  пайдаланып,  болашаққа  сеніммен 

қарайтын  жыл  екенін  Елбасымыз  халыққа  Жолдауында 

айтып,  тыныштықты  тілейтін  отанымыздың  әр  азаматы 

осыған тілеулес болуын сұрады. Кез келген мемлекеттің 

басты құндылығы тәуелсіздігі, ұлттық бірлігі, бейбітшілігі 

мен келісімі болса, осындай құндылықтардың арқасында  

көпұлтты  еліміздің  бірлігі  мен  татулығы,  тұрақтылығы, 

толеранттылығымен ынтымақтастығы  бүгінгі күнгі жеткен 

жетістіктерінің  айғағы  екендігі,көптеген  мемлекеттерге 

үлгі болып отырғанын тәуелсіз мемлекетіміздің кез келген 

патриот  азаматы    мақтаныш  сезіммен  айта  алатыны 

сөзсіз.


Осы  орайда  Елбасының  тапсырмасын  орындауда 

кең  байтақ  еліміздің  түкпір  түкпірінде  атаулы  жылдың 

мерейтойларын  өткізу  бойынша  іске  асырылып  отырған 

ұлттық  іс-шаралар  ауданымызда  да  оздырылып 

отырғаны баршамызға мәлім. Соның бірі, ауданымыздың 

орталығында  орналасқан  көпұлтты  мемлекетіміздің  бір 

бөлшегі ретінде түрлі ұлт өкілдерінің балаларын біліммен 

сусындатып  қана  қоймай,  қай  заманда  да  ұлтаралық 

достықты,  ынтымақтастықты,  бірлікті  сақтап  қалуға 

тәрбиелеп жүрген,ауданымыздың түрлі ұлт өкілдері түлеп 

ұщқан, қазіргі таңда он бір ұлттың басын қосқан айтулы 

білім  ордаларының    бірінің  бірегейі  саналатын  №1  орта 

жалпы білім беретін мектебіндегі жүргізіліп жатырған түрлі 

шараларды  атап  кетпеске  болмас.  Мектепте  әр  түрлі 

ұлттардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеп, 

насихаттау  мақсатында  ауданымызға,  облысымызға 

белгілі  «Радуга»  ұлттық  мәдени  орталығымен  бірлесе 

отырып,  «Достар  планетасы»  атты  ұлтаралық  достық 

клубы  ашылған  болатын.Ұлы  Отан  соғысының  Жеңісіне 

70  жыл  толуына  орай  патриоттық  бағытта  жоспар 

бойынша  жыл  бойына  шаралар  ұйымдастырылатын 

болса, «Ата заң тұрақтылығы – Тәуелсіздік тұрақтылығы» 

тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 

ҚР  Конституциясының  20  жыл  толуына  арналған 

шаралар,  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  жылына  орай 

оқушылар  арасында  «Ұлттар  достығы»  атты  оқушылар 

фестивалі жоспарланып отырған болса, өзге ұлт өкілдері 

мұғалімдерініңарасында 

мемлекеттік 

тілдебайқау 

ұйымдастырылып, қатысушы ұстаздар байқаудың барлық 

бөлімдерінен сүрінбей өту арқылы өздерінің қазақ тіліне 

деген құрметін көрсете білді. Осындай тәрбиелік мәні зор 

патриоттық  тұрғыдағы,  достыққа,  бейбітшілікке,  бірлікке 

шақыратын, әлемде орын алып жатқан сұмдық оқиғаларға 

апаратын теріс бағыттар мен зиянкестерден аулақ болуға 

үйрететін,  еліміздің  жарқын  болашағына  атсалысатын 

ұрпақты  тәрбиелеуде  жасалатын  игі  істердің  мұнымен 

шектеліп  қалмай,  қай  заманда  да  жалғасын  табатыны 

сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет