үстеу.
қабілеттерін күшейту.
суреттер, слайд, стикерлер.
Тапсырмалар: Топтық жұмыс.
І . 3 топқа сурет арқылы ой қозғау.
1-топ. Мақал-мәтелдер.
2-топ. Жұмбақтар.
3-топ. Тыйым-ырым сөздер.
Жеке жұмыс.
І . Кесте толтыру.
білетінім.
ІІ. Дәптермен жұмыс.
Жұппен жұмыс.
кезең.
фразеологизмдерді жазып келу.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы. Жалпы 3 топқа
мақсатында сұрақ-жауап жүргізу.
ІІІ. Кесте толтыру. Тарқатпалар
1-бағаны толтырылады.
IV. Жаңа сабақ. Мезгіл үстеуі.
1. Бағалау критерийлерін белгілеу.
2. "Ой қозғау" ойыны. Әр топқа
бірнеше суреттер беріледі. Солардың
постер арқылы қорғау.
3. Ережемен,сұрағымен танысу.
4. Ойнайық та, ойлайық!
1-топ. Мезгіл үстеуі бар мақал-
мәтелдер.
2-топ. Жұмбақтар.
3-топ. Тыйым-ырым сөздер.
5. Операционалдық-орындаушы-
лық кезең.
топқа бөліп, тапсырмалар беру.
салып орындайды.
Екінші жай тақтаға жазады.
6. Кім жылдам?
арқылы қорғау.
1-топ. Дыбыстық талдау.
2-топ. Фонологиялық талдау.
3-топ. Кешенді талдау.
Қорытындылау.
толтыру.
Жаңақорған ауданы.
қасиет.
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Тәрбие сағаты.
тақта.
кіріспе сөзі).
қажет.
сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.
ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға
жатқаны белгілі.
1 - жүргізуші: Президентіміз Н. Ә.
екендігіне айрықша назар аударған.
жасырын емес.
тағылуда.
нәрседен қаймықпайды. Күш, қару
жүзеге асыруға тырысады. Мұсылман-
жастарды діни ағымдарға тартады.
шындық. Жат ағымға алданған қаракөз
түскендей өкінішті сезесің.
көрініске назар аударайық.
аналардың пікірлерін тыңдасақ.
жасауды нұсқадық делінген".
бұйырылып тұр.
діңгегім" өлеңін тыңдап көрейік.
негізі, қоғамның тірегі. Қоғамда үлкен
мәселелері.
киініңдер" деген сөз жоқ. Яғни қоғам
ға қақымыз жоқ.
берейік.
аспайды. Жат пиғылдың жетегінде
оралуы қиын, тіпті мүмкін емес.
талқан етуден де қорықпайды. Ең
мойын ұсынбайды. Мұндай оқиға
жатқандығының көрінісі.
Қорытынды сөз.
Гүлмира ЖАҚСЫБАЕВА,
№76 негізгі мектеп мұғалімі.
Аққұлақ елді мекені.
5
3 шілде 2014 жыл
Тәжірибе. Әдістеме
Төрт түлік мал
Тақырыбы: Төрт түлік мал.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгіме-
лесу, сұрақ-жауап, суреттер құрас-
тыру, сергіту сәті, мадақтаулар.
Көрнекілігі: Төрт түлік малдың
және төлдерінің суреті, үйлестірмелі
суреттер, түрлі-түсті бояулар, құрас-
тырмалы пазалар.
Мақсаты: Балалардың тілін дамы-
та отырып, төрт түлік малдың пірле-
рін, ерекшелігін таныту.
Сабақтың барысы: Шаттық шең-
бер құру, ортаға балаларды шақыра-
мыз. Шаттық шеңберінде тұрып, бар-
лығы бірге өлең жолдарын айтады:
Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Құлпырады даламыз.
1.Тіл дамыту.
"Ботақаным" деген тақпақты
айтады:
Қара көзін мөлдір,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүні үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
2. Балаларға сұрақтар қою.
- Мынау ненің суреті?
- Сиырдың.
- Ал сиырдың төлі қалай аталады?
- Бұзау деп аталады.
- Сиыр бізге не береді?
- Сиыр сүт береді, сүтін ішіп, етін
жейміз, терісінен киім тігеміз.
- Сүттен не жасаймыз?
- Құрт, айран.
- Сиыр не жейді?
- Шөп, жем және су ішеді.
- Сиырды қалай шақырамыз?
- Аухау-аухау.
- Енді ненің суретін көріп тұрмыз?-
- Қойдың.
- Қой қалай дыбыстайды?
- Мә-мә дейді.
- Ал қойдың төлі қалай аталады?
- Қошақан деп аталады.
- Мына суретте не көріп тұрмыз?
- Ешкіні.
- Басында несі бар?
- Мүйізі бар.
- Иегінде несі бар?
- Сақалы бар.
- Ешкі төлі не деп аталады?
- Лақ деп аталады.
- Балалар, енді не көріп тұрмыз?
- Түйені.
- Түйе бізге не береді?
- Түйеден шұбат ішеміз.
- Түйенің төлі қалай аталады?
- Бота.
Жазда биені сауады,
Қыста жылқы бағады.
Келесі сурет жылқы.
- Жылқы бізге не береді?
- Жылқы бізге қымыз береді.
- Жылқының төлі қалай аталына-
ды?
- Құлыншақ деп аталынады.
- Жылқы мінсе көлік, жесе тамақ,
жеті қазынаның бірі.
3. Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
4. "Төлін дұрыс тап " дидактикалық
ойыны.
Балалар үстелдің үстінде тұрған үй
жануарларының қасына олардың
төлдерін дұрыс тауып қою керек. Сал-
ған суреттерді қадағалап көмектесу,
мадақтау.
5. Балалар төрт түлік малдың пірле-
рін айтады.
Қойдың пірі- Шопан ата.
Жылқының пірі- Қамбар ата.
Түйенің пірі - Ойсыл қара.
Сиырдың пірі - Зенгі баба.
Ешкінің пірі - Сексек ата.
Балалар, біз төрт түлік малды дұ-
рыстап күтуіміз, бағуымыз керек.
6. "Қошақан " әнімен аяқтаймыз.
Жұлдыз ТЫНДЫБАЕВА,
№145 орта мектептің
жанынан ашылған
шағын орталық тәрбиешісі.
Білім саласының үздіктері
Батыр бабамыз Жанқожа Нұр-
мұхаммедұлына топырағы бұйырған
киелі Қызылқұм ауылдық округіне
қарасты сонау шалғайдағы Кәукей елді
мекенін біреу білер, біреу білмес.
Кезінде көлінде балығы тулап, көгінде
шағаласы шулаған көрікті ауылдың
бүгіндегі келбеті көңіл толарлықтай
болмаса да азғантай ауылдың мерейі
осы мекенде орын тепкен №225 орта
мектеп арқылы өсіп отыр. Аталмыш
білім ордасын он жеті жылдан бері
абыройлы басқарып келе жатырған
Мешітбай Дөңес Кенжебайұлы мектеп
оқушыларының бүгінгі білімі мен
қазіргі тәрбиесіне баса мән беріп,
өскелең ұрпақтың рухани жан
дүниесін білім нәрімен сусындатып
келе жатырған білім ордасындағы
барша ұстаздар қауымының оңтайлы
жұмыс жасауына жағдай туғызып
келеді. Көргені көп, білімі терең Дөңес
Кенжебайұлы басқаратын білім орда-
сының шәкірттері аудандық, облыс-
тық, республикалық деңгейдегі түрлі
жарыстарда топ жарып жүрсе, осын-
дай өрендерді баптап додаларға қосып
жүрген мектеп мұғалімдері қазіргі
білім беру жүйесінің мақсаттарын
айқын түсініп, бүгінгі қоғам талап етіп
отырған жұмысты, бір кісідей берекелі
атқарып келеді. Мәселен №225 орта
мектептің дене шынықтыру және
алғашқы әскери даярлық пәнінің
жоғары санатты мұғалімі Сабыр Зәріп-
тің оқушылары "Отан" республикалық
қоғамдық бірлестігі, Қазалы аудандық
білім бөлімі ұйымдастырған аудандық
мектеп оқушылары және әскери
жетекшілер арасында өткен "Жас
ұлан" әскери патриоттық бірлес-
тіктердің аудандық слетінде ерекше
дайындықтарымен көзге түсіп жүлделі
І орын алса, химия пәнінің жоғары
санатты мұғалімі Сексенбаева Роза-
ның шәкірттері 9-10 сынып оқушыла-
ры Қолғанат мен Ақмарал, Ізбасар Әсел
аудандық пәндік олимпиада да химия
пәнінен І-ІІІ орындармен марапатталды.
Сондай-ақ І санатты математика
пәнінің білікті мұғалімі Сабақбай
Жетесәлінің 11-сынып оқушысы
Тәжітай Меруерт аудандық пәндік
олимпиададан математикадан ІІІ орын,
технология және сызу пәні мұғалімі
Машай Абайдың 7-сынып оқушысы
Сексенбаев Айсұлтан аудан әкімінің
ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа
қарсы үндейтін үздік плакат" сайысына
қатысып ІІІ орын, дене шынықтыру
пәні мұғалімдері Тәуекелов Шыңғыс
пен Құлпыбай Күнтуғанның оқушы-
лары Абат Асылхан, Әзберген Нұржан,
Сайпула Нұрлыбек, Кемал Абзалдар
"Тәуелсіздік - сенімді болашақтың
негізі" атты қазақтың ұлттық ойын-
дарының аудандық екінші спартакиа-
дасында спорттың түрлі бөлімдері
бойынша басым түсіп, аудан мектеп-
терінің ішінде озық шығып І дәрежелі
дипломдармен марапатталды. Сонымен
қатар мектептегі тарих пәнінің мұға-
лімдері Дәріқұл Үрзия мен Сағынали
Әсияның 10-11 сынып оқушылары
Дымберген Ақбота мен Кемал Ақгүл
аудандық пәндік олимпиадада тарих
пәнінен ІІІ орын алды. I республикалық
оқушылар фестивалінде "Авторлық
жоба" бойынша жанрының 11-16 жас
аралығында қатысқан 8-сынып оқушы-
сы Байсалбай Гүлсезім "Бас жүлде" мен
7-сынып оқушысы Сексенбаев
Айсұлтан I орын, 7-10 жас аралығында
өз өнерін көрсеткен 5-сынып оқушысы
Сексенбаева Айым "Бас жүлде"
иеленсе, "Көркем сөз" жанры бойынша
7-сынып оқушысы Байсалбаев Берекет
II дәрежелі "Күміс диплом" иеленді.
Мектептең үздік оқушысы Байсалбай
Гүлсезім аудандық "Абай, Шәкәрім"
және "Жырлайды жүрек" атты
Мұқағали оқуларынан жүлделі І,ІІ
орындарды алып, ұстаз еңбегін ақтады.
Шәкірттерге сапалы білім мен
саналы тәрбие беріп, олардың дүние-
танымын өсіру жолында зор ізденіс-
пен, еселі еңбек етіп келе жатқан бұдан
да басқа ұлағатты ұстаздарымыз аз
емес. Солардың қатарында І санатты
биология пәнінің мұғалімі Орынбай
Айзәурештің оқушылары жылма жыл
оқу жылының қорытындысы бойынша
ҰБТ-дан биология пәнінен жоғары
көрсеткіштерге қол жеткізіп, таңдау
пәндері бойынша жоғары оқу орын-
дарының студенттері атанып жүрген-
діктен, ұстаз "8 наурыз халықаралық
әйелдер мерекесіне" орай Нұр Отан
ХДП-ның облыстық филиалының
"Құрмет грамотасымен" марапатталса,
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Ебелекова Эльмираның 7-
сыныптағы шәкірті Жайылханұлы
Берекет Алматы қаласында өткізілген
"Бала - өмірдің гүлі" атты I республи-
калық оқушылар фестивалінде баян-
дамасы халықаралық қазақ творчест-
волық бірлестігінің қолдауымен шыға-
тын халықаралық баяндамалар жина-
ғына еніп, жетекші мұғалімі Ебелекова
Эльмира "Бейбітшілік әлемі" прези-
денті, профессор А. Нұрмановтың
"Алғыс хатымен" марапатталды.
Оқушылардың шығармашылығына
аса мән беріп, олардың шығарма-
шылықпен жұмыс жасауларына үнемі
қолдау көрсетіп жүретін қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Қабылов
Сәкеннің оқушысы Ізбасар Әсел "Нұр
Отан" ХДП Қазалы аудандық филиа-
лының ұйымдастыруымен "Жаста-
рымнан жалынды, Тұлға шығар дарын-
ды" атты жас ақындар мүшәйрасында
"Алғыс хатпен" марапатталды. Респу-
бликалық "Сәби " қорының төрайымы
Тасмағамбетова Әсел Иманғали-
қызының демеушілігімен Ізбасар
Әселдің өлеңдері "Талпынып жас
жүрегім, жырыммен жайды қанатын"
өлеңдер жинағына енгізілді.
Ұстаздық еңбектерінде өзінің
білімділігі мен біліктіліктерін таны-
тып, сан мәрте абырой шыңына
көтеріліп жүрген мектептегі қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері
Сексенбай Сәбит пен Әбдімұратова
Гүлзаттың да шәкірттері жүлдеден
құр алақан емес. І санатты мұғалім
Сексенбай Сәбиттің 10-сынып
оқушысы Байбек Назерке үстіміздегі
жылдың мамыр айында өткізілген
аудандық "Махамбет" оқуларында ІІІ
орын алса, Әбдімұратова Гүлзаттың
баяндамасы халықаралық қазақ
творчестволық бірлестігінің қолдауы-
мен шығатын халықаралық баянда-
малар жинағына еніп, оқушысы Оңғар
Аслан "Сыр ұланы" республикалық
газетінің дипломымен марапатталды.
Өткен жылдағы еңбегі үшін аудан
әкімі Б.Жақановтың "Алғыс хатымен"
марапатталған мектептің тәжірибелі
тәлімгері Сауытбай Гүлназдың же-
текшілігімен 4-сынып оқушысы
Кеулімжай Ұлжанай мен 6-сынып
оқушысы Әбу Ақтілек аудандық
оқушылар үйінде өткен "Жас Ұлан
көктемі" фестиваліне қатысып, атал-
мыш білім ордасының "Алғыс хаты-
мен" марапатталды. Бастауыш сынып
мұғалімдері Сексенбай Айгүл мен
Сақтаған Бағдагүлдің 3-4-сынып
оқушылары Махамбет Ақылбек пен
Дәулетбай Асылзат "Бастау" ҮІІ
республикалық математика олимпиа-
дасының аудандық кезеңіне қатысып,
жүлделі ІІ орындарды еншіледі.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің
"өзіндік жаңалығы" болуы керек деп
білетін мектеп директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары Жұмабай
Серік жыл бойына мектептегі жас
мамандардың пәндік сайысын өткізді.
Жыл қорытындысына сәйкес мектеп-
тегі жас маман Жанат Иебергенқызы
"Құзырлы мұғалім", Байденес Алтын-
шаш "Талантты мұғалім", Сағымбаева
Жансәуле "Шығармашыл мұғалім",
Жәлімбет Дәурен "Жаңашыл мұға-
лім" номинациялары бойынша мара-
патталып, мектеп мұғалімдерінің
шығармашылықпен жұмыс жасау-
ларына тың серпін берді.
Мектеп - білім, тәрбие ордасы,
тағылым табалдырығы екенін ескер-
сек бұл орайдағы қойған сауалымызға
"Дала гимназиясы" атанған мектептің
басшысы былай деп жауап берді: "ҚР
"Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын" негізге ала отырып,
жас ұрпақты оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдеріне, сапалы білім, саналы
тәрбие беруге ұмтыламыз. Жаңа
технологияларды пайдалана отырып,
оқушылардың қабілеті мен білімін
көтеру, таным-түсініктерін жетіл-
діруде аянбай еңбек етудеміз".
Мектеп ұжымы мақтан тұтатын
Дөңес Кенжебайұлы алдағы оқу
жылында да өзі басқаратын білім
ордасындағы ұстаздардың шығарма-
шылық қабілеттерінің деңгейі
жоғарылап, шоқтығы арта беретініне
шүбәсіз сенеді.
Жанат АХАН,
№ 225 орта мектеп мұғалімі.
Білікті басшы
білімге жол ашады
Ізденіс ықпалы
Айназарова Ақмоншақ Арал көп-
салалы колледжінде 20 жылға жуық
уақыттан бері химия-биология пәні
бойынша жас маман жеткіншектерге
білім беріп келеді. Ақмоншақ апайды
өз пәнінің қыры мен сырын толық
меңгерген білімді де білікті ұстаз деуге
әбден болады. Өйткен себебі оның
әрбір сабағына қатынасып отырған
кезде, оның сабақ түсіндірудегі сөз
саптау мәнері, алдында отырған
шәкірттерін ұйытып қана қоймай,
ғылыми ізденістерге жетелейтіндігі
көрініп тұрады. Оған нақты дәлел
келтіретін болсақ, жуырда ғана Қазақ-
стан республикасы, Білім және ғылым
министрлігі мен Қызылорда облыстық
білім басқармасының ұйымдас-
тыруымен өткен "Жаратылыстану
ғылымы-ғаламдық құбылыстар мен
таңғажайыптар сырының кілті" атты
форумда І курс студенті Венера
Егеубай есімді шәкірті "Көмірсулар -
жасушаның энергия көзі, құрылыс
материалдары және қоректік заты"
атты жұмысқа ғылыми жетекшілік
жасады.
Нәтижесінде облыстық білім
басқармасының сертификатына ие
болып, осы тақырыптағы ғылыми
еңбегі облыстық форумның материал-
дар жинағына енді. Ақмоншақ апай
бұдан бұрын да қаламыздағы №62
мектепте табысты еңбек еткен білікті
ұстаз. Мектептен жинаған мол білімі
мен тәжірибесін одан әрі жинақтап,
шәкірттерді одан әрі тәрбиелеу мен
білім беруде жеткен табыстарын
саралайтын болсақ, 2008 жылы облыс
әкімінің қабылдауында болып, облыс
әкімінің Құрмет грамотасымен мара-
патталған. Жуырда ғана облыстық
кәсіподақ бірлестігінің Құрмет гра-
мотасымен, ЖИТС-тің алдын-алу және
облыстық орталықтың алғыс хатымен
марапатталды. Облыстық "Білім бәй-
терегі" жұлдызды шеруінің жүлдегері,
"Үздік кәсіптік мектеп ұстазы"
атанған ізденімпаз ұстаз. Ізденімпаз
ұстазымыз ұстаздық ізденісін
мұнымен шектеп қана қоймай,
республикалық сайтқа "Білім гранты
үшін" бұрышын дайындау үстінде.
Лайым осы ізденістегі ілгері жұмысы
табысты болғай деп тілейміз.
Ақмоншақ апай өз білімін жетілдіру-
мен шектеліп қана қоймай, жолдасы
Сағынай аға екеуі өздерінен өрген ұл-
қыздарын да білімді болуға жетелеп
келе жатқан үлгілі ата-аналар.
Тұңғыштары Гүлдана "Болашақ" уни-
верситетінің заңгер-құқықтанушы
мамандығын бітірген. Ал, Айданасы Х.
Досмұхамедов атындағы Атырау
Мемлекеттік университетінің изо-
дизайн бөлімінің V курсында оқиды.
Кенжелері Ғалымжан Ақтөбе Мемле-
кеттік медициналық колледжінің І
курс студенті. Балалары да өзіне ұқса-
ған тәрбиелі, оқуға ынталы өрендер.
Табыстың кілті білімде деп, бекер
айтылмаса керек. Заманның талабы да
білімді жастарды тәрбиелеуді
меңзейді. Осы жолда талмай еңбек
етіп келе жатқан әріптесіміз, Ақмон-
шақ Айназарованың алдағы ұстаздық
жолына толағай табыстар тілеп,
жанұясына бақыт, еңбегіне жеміс
тілейміз.
Шолпан БАЛМАНОВА,
Арал көпсалалы
колледжінің оқытушысы.
Әскери – патриоттық сайыс өтті
Қазақстан Республикасы Қарулы
күштерінің қүрылғанына 22 жыл
толуына орай №160 орта мектепте
"Жас ұлан - 2014" аудандық жасөс-
пірім оқушылар арасында әскери-
патриоттық спорт жарысы болып
өтті.
Жарысты Жаңақорған аудандық
білім бөлімі бастапқы әскери дайын-
дық және дене шынықтыру пәндері-
нің әдіскері Қайрат Оралбеков пен
№160 орта мектеп директоры
Жанәділ Ибрагимов ашып, сайысқа
қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыскерлер сап түзеу, автомат-
ты бөлшектеу және жинау, оқтарды
жабдықтау, белтемірге тартылу, мыл-
тық ату, кросс, газтұмылдырықты
кию, алғашқы санитарлық көмек
секілді сайыс түрлері бойынша сынға
түсті. Жалпы бұл сайысқа аймақтық
кезеңнен озық шыққан 5 мектеп
командасы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша
әскери дайындық барысындағы шебер
ойындарымен командалық және
жекелей жарыстарда да жүзден
жүйрік шыққан №195 орта мектеп
командасы бас жүлдеге ие болып,
облыстық сайысқа жолдама алды.
Жүлделі І орынды №245 орта мектебі
иеленсе, №55 мектеп ІІ орынды
қанжығасына байлады. Ал №192
мектеп командасы ІІІ орынды қанағат
тұтты.
Достарыңызбен бөлісу: