3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Бай I 1. Меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам. 2. Өте көп, көл-көсір. 3. Тілге жүйрік, шешен. Бай II



бет20/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Бай I 1. Меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам. 2. Өте көп, көл-көсір. 3. Тілге жүйрік, шешен.
Бай II Әйелдің некелескен қосағы, күйеуі[ҚТТС, 98 бет].
Кедей 1. Күнкөріс, тұрмысы нашар, байлығы жоқ адам. 2. Жұтаң, қайыршы, тіленші, тапшы[ҚТТС, 373 бет].

  1. Сырты май жаққан тоқаштай жылтырайды, іші көгеріп, шіри береді(279 бет).

Сырт Бір нәрсенің ішіне қарама-қарсы жақ, тыс[ҚТТС, 766 бет].
Іш I 1. Ішек-қарын орналасқан жер, құрсақ. 2. Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы.
Іш II 1. Сұйық затты сіміре жұту, ұрттау. 2. Тамақтану, ішіп-жеу[ҚТТС, 953-954 бет].
Есімдікке тән антонимдер:

  1. Ал, Дик, мына шелекті алып, ана жерден лай әперіп жібер...(127 бет)

Мына Сілтеу есімдігі; осы, мынау[ҚТТС, 607 бет].
Ана I 1. Балалы болған әйел, туған шеше. 2. Ауысп. Шыққан ұя, тұрақты мекен. 3. Ауысп. Тәрбилеп өсірген орта, ел-жұрт.
Ана II Әне бір, сонау[ҚТТС, 45-46 бет].

Сәкен Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романы тілін талдау барысында 25 антоним сөздер теріліп, сөздік бойынша мағыналары ашылып, стильдік қабаттарға бөлінді. Соның ішінде 7-і сын есімге тән антонимдер, 3-і етістікке тән антонимдер, 8-і зат есімге тән антонимдер, 6-ы үстеуге тән антонимдер, 1-і есімдікке тән антонимдер.




Синонимдер
Сөздің дыбысталу мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексикалық- семантикалық тілдік құбылыстар. Тіліміздегі байытатын, сөздік қорымызды молайтып, тереңдете түсетін мағыналы сөздердің бірі- синонимдер.Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты обьект –сөз болса, олардың мағыналық сәйкестіктердің Синонимдерді жан- жақты зерттеп құнды пікірлер айтқан ғалымдар пікіріне мысал келтіретін болсақ. Ғалым Ә. Болғанбаев пікірінше «Синонимдер дегеніміз –әр түрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стилдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз тобынан болған сөздер» деп анықтама береді.Синонимдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдер бір қатарға енген сөздердің сан мөлшері жағынан да ала-құла. Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық біолестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады.
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге көңіл аударылады:

  • Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары не сәл төмен дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен өзгеріп отырады.




  • Синонимнің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады.

  • Синонимдер бір-бірінен мағыналарының аз- көбіне қарай да ажыратылуы мүмкін.

  • Синонимдер мағыналарының деректі және дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады.

  • Синонимдер бір-бірінен ауыспалы мағынада қолдану- қолданбауына қарай да ерекшеленеді.

  • Синонимдер өзді-өзінен туындатып сөз туғызуға қабілетті, я қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет