3-5 Жел энергетикасы



бет2/10
Дата10.11.2022
өлшемі74,75 Kb.
#49040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жел реферат. метералогия

Желдің түрлері.
Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер).Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады. Олардың кейбіреуімен сендер өткен 6—7-сыныптардағы география сабақтарынан танысасыңдар.
Жел еспей, бұлт көшпейді деген мәтел бар-ды. Соңғы күндері «Құралайдың салқыны» соғып, алты ай қыстан шығып, жадыраған жазға енді жеттік пе деген көңілді сәл саябырлатып қойды. Жел туралы бастап едік қой?! Сонысына оралайық.
Тілімізде желге (жылдамдығы, қуатына) қатысты жүздеген, тіпті бірнеше жүздеген атау бар дейді зерттеушілер. Соның бірнешеуіне тоқталып, көмескіленіп бара жатқан атаулардың мағынасын аша түссек:
Дауыл – көбінде теңізде және теңіз жағалауларында соғатын, жылдамдығы 30 м/с-тан асатын аса жойқын жел.
Нөсерлі дауыл – нөсерлеп жауған жауынмен қатар соғатын боран.
Шаңды дауыл – шөл, шөлейт және тақыр далада желдің топырақты немесе құмды ұшырып соғуы. Мұндай дауылды қазақ тілінде «қара дауыл» деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет