№3 (875) наурыз 2012 жыл


Қарапайымдылығымен,  ер  азаматқа  тән  адамгершілік  болмысымен  жаны-



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі15,83 Mb.
#7362
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қарапайымдылығымен,  ер  азаматқа  тән  адамгершілік  болмысымен  жаны-

на шуақ шашып жүретін Балмолдин Мұнайдар ағаны білмейтін кісі кем шығар. 

Өйткені  ол  кісі  «Көк  Бөрі»,  «Ақ  Тұлпар»  туындыларының  авторы,  өзіміздің 

жергілікті Қазақстан-Орал телеарнасы арқылы берілетін «Атамұра», «Алтын бесік» 

атты  бағдарламаларымен  де  көпшілікке  жақсы  таныс.  Мұнайдар  Балмолдин  - 

білім  ордасының  1993  жылғы  түлегі,  тележурналист,  ақын,  бірнеше  қалалық, 

республикалық деңгейде өтіп жүрген жыр-мүшайраларының жеңімпазы.

Ағаға  жас  оқырмандарды  студенттік  өмір  жолыңызбен  таныстырсақ  деп 

хабарласқанымызда, ағалық ниетімен жылы шырай танытып, өзі білім алған қара 

шаңырағы, дәріс берген ұстаздары жайында әдемі сыр шертуге қуана келісті.

Мұнайдар Балмолдин: 

«БҚМУ-дан алған білімім 

еш кеткен жоқ»

- Мұнайдар аға, туған жеріңіз, өскен 

ортаңыз, өмір жолыңызбен таныссақ?

- 1969 жылдың 14 қаңтарында жаңақала 

ауданы, Көпжасар ауылында (жаңаталап 

деп те атайды) дүниеге келдім. Балалығым, 

жеткіншек  және  жасөспірім  шағым  осы 

туған  ауылымда  өтті.  Д.Нұрпейісова 

атындағы он жылдық орта мектепте 1975-

1985 жылдар аралығында оқыдым. Мені 

ата-анам мектепке алты жасымнан беріпті, 

сондықтан  1968  жылғылармен  оқыдым. 

Ауыл мектебін бітірген жылы арман қуып 

Алматыға талпындым, бірақ оқудан жолым 

болмады.  Мен  ҚазГУ-дің  журналистика 

факультетін  көздегем,  содан  бір  жыл  әр 

түрлі  жұмыстар  істей  тұруға  тура  келді. 

Қой  бақтым,  құрылыста  істедім,  шөп 

шабушыларға жәрдемдестім, келесі оқуға 

түсу, яғни 1986 жылға шейін қара жұмысқа 

жегіліп, бала санам өзгеше өмір мектебін 

көрді.  Айтпақшы,  әлі  есімде  әйгілі  1986 

жылғы оқиға боларда ауылда едім, әкеме: 

«Оқуға түсіп кеткенім де ғой, мен де сол 

жастармен бірге болар едім!» дегенімде, 

әкем  үндемеді,  бірақ  сол  үнсіздіктің  өзі 

менің  бойыма  күш  құйғандай,  намысым-

ды  қайрағандай  әсерін  қалдырды.  Әкем 

Мұқамбетжан  Әлімұлы  (2001ж.)  дүние 

салды.  Өте  қайратты,  ақыл-парасатты 

адам  еді.  Ұлтымыздың  «Қыз  жібек», 

«Дариға», «Нарқыз» сынды хиссалары мен 

көненің  өлең-жырларын  жатқа  соғатын. 

Содан бір жыл еңбекпен шыңдалып, 1986 

жылы қазіргі Махамбет атындағы БҚМУ-

дың (ол кезде АС.Пушкин атындағы пед.

институт)  көркем-сурет  және  графика 

факультетіне  қиналмай  қабылдандым. 

Қиналмай  дейтінім,  біздің  үй-ішіміздегі 

ұл  баланың  бәрі  суретке  бейімді  келеді, 

әкемнің өзі қолы шебер кісі болатын. Екі 

ағам Еркін мен Сайран да - көркем-сурет 

және графика факультетін бітірген маман-

дар. Мен сол оқуды таңдаған үшінші бала-

мын. Көркем-сурет және графика бөлімінің 

деканы  марқұм  Төлебай  Әбілов  ағаның: 

«Бұл факультет Балмулдиндерге атадан 

мирасқа қалып па, басқасын таңдамадың 

ба?»  деп  әзіл-шыны  аралас  айтқаны 

жадымда.  Мен  тарихшы  да  болғым 

келген.  Себебі  ең  сүйіп  оқитын  пәнім 

тарих  болатын.  Адам  жас  уақытта  кім 

болғысы  келмейді,  әр  тарапқа  алаңдап, 

ақыры  бұйырғанына  түсіп,  аталған  оқу 

орнын 1993 жылы тәмамдап шықтым. Бес 

жылдық  оқудың  бірінші  курсын  бітірген 

жылы  1987-де  әскерге  шақырылып,  екі 

жылым Кеңес Одағының қарулы күштері 

қатарындағы қызметке арналды. Әскерден 

босағасын  оқуды  ойдағыдай  аяқтап,  ал-

дымен облыстық радиоға, кейін облыстық 

теледидарға  тілші  болып  орналастым. 

Көркем-сурет және графика факультетінде 

оқыған  кезде  талай  білікті  ұстаздардан 

дәріс  алдық.  Қайсыбірін  атайын.  Мен 

үшін  деканымыз  Т.Әбіловтен  бастап 

И.Өтегенов,  Х.Хабдоллаев,  С.Құлбеков, 

А.Сейтімов,  Қ.Оразғалиев  және  басқа 

да  ұстаздардың  берген  дәрісі  айрықша 

болды.  Сызу  мен  сурет  өнерінің  қыр-

сырына қанығып, өнер туралы түсінігіміз 

өлшеусіз өсті. Сондай-ақ арнайы пәндер 

саналмағанменен  қосымша  пәндер: 

философия,  саясаттану,  педагогикадан 

сабақ берген оқытушыларға құрметім зор. 

Мәселен, Б.Шынтемірова, Ш.Мұсағалиев, 

Б.Молдағалиев,  Т.Қайырғалиев  сынды 

ұстаздар  бізге  адам  болудың  жолын 

өз  пәндері  арқылы  үйретсе,  сол  кезде 

институтта  «жұбан  оқулары»  өтіп  жа-

татын.  Ғимаратымыз  шетте  болса  да 

содан  қалмауға  тырысатынмын,  себебі 

профессор  Серікқали  Шарабасов  ағам 

поэзияға  жаны  құмарларды  көз  қырына 

бір ілсе жерге тастамайтын. М.Тілеужанов, 

М.жолдықайыровадай  үлкендердің  де 

ақылын тыңдап, оқу орнының қазанында 

бірге  қайнап,  мейлінше  жан-жақты,  сер-

гек болдық. Тарих, әдебиет, сурет дейтін 

құдірет  мені  үш  тарапқа  тартып,  соның 

ортасында СТУДЕНТ деген әйгілі атақпен 

дуылдап  тұрып  өмір  сүрдік.  Аттарын 

атағаным, аталмай қалғандарының өзі бізге 

баладай қарамайтын, тең тілдесіп, дос бо-

латын. Әйтеуір өзім сол кезгі сәттерді бүгін 

солай сезінемін. Бір ғана мысал, наурыз 

мейрамы біздің облысқа жаңа еніп жатқан 

тұс, 1989-90 жылдар. Сонда Пугачевтағы 

оқу орнында, худ-графта болудың орнына 

бірер сабақты қалдырып, алаңда  наурыз 

тойлап жүреміз. Оны құзыретті деканымыз 

Әбілов біліп қояды. Оқудан шығартам деп 

айқайлайды, бірақ шығармайды. Сондай-

ақ  1991  жылы  орыс-казактарының  жат 

пиғылды ұйымдары үй ішінен үй тікпекке, 

патшаға  қызметтерінің  400  жылдығын 

шулатып  атап  өтпекке  тырысты,  саяси 

ахуал  оттан  шыққан  құрыштай  күйіп-ақ 



(жалғасы 11-бетте)

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


11

Жыл үздіктері анықталды



Подготовили 

Марта ДжуМАгАлиевА и гулсая ШыНтеМиРОвА

2012 жылдың 6 наурызы күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мейрамына орай 

білім ордамыздағы аяулы да ардақты ұстаздар қауымы мен қызметкерлерге және 

асыл жанды аруларға арнап университетіміздегі ерлер ұжымы мен студенттер 

қауымының ұйымдастыруымен «Сен үшін...» атты мерекелік концерті өткізілді. 

Сен үшін…

тұрды. Біз бас бұғып қала алмадық. Тағы 

да  алаңнан  табылдық.  Соның  ішінде 

студенттерді  ұйымдастырып,  алып  кете 

беретін мен сияқтылардың оқу процесіне 

қиянаты тисе тигендей-ақ, бірақ парасатты 

басшы, ректор Тұяқбай Зейітұлы «оқудан 

қуамын»  дегендей  сес  көрсетпеді,  қайта 

оңаша  тұста:  «Батыр,  қалайсың?»  деп, 

болған  іске,  оқиғаның  тереңіне  бойлай 

түсініп,  ұстазға,  ғалымға  тән  мінез  та-

ныта  білді.  Біз  оқудан  шығарса  оған  да 

бақилы  болған,  яғни  Махамбет  бабам 

айтпақшы: «Әділ жаннан түңіліп...» деген-

дей тәуелсіздік үшін жан қиюға баратын-

дай лапылдап жанып жүрдік. Студенттер 

қауымы  саяси  сауатты,  күшті,  қаладағы, 

елдегі болып жатқан көп жайттың шешімі 

өздеріне  байланысты  екенін  мейлінше 

сезінді. Студенттік шақтың өміріме өзгеріс, 

«төңкеріс» әкелген тұсы сол 1991 жылдың 

күзі,  қыркүйек,  қазан  айлары  дер  едім.  

Содан  да  болар  мен  мұғалімдікті  емес, 

мұқым  елге  қызмет  ететін  журналисти-

каны  таңдадым.  Бір  себептен  балалық 

арман  ақыры  өз  шыңына  туын  тікті. 

Көркем-сурет  графика  факультетінің 

дипломы  журналистикаға  да  жарайды 

екен.  Әзіл  ғой.  Әйтсе  де  мұнда  шындық 

бар.  Менің  мұғалім  болмай,  журналист 

болуым  -  маңдайыма  жазылған  тағдыр 

шығар.  журналист  -  күрескер,  шындық 

үшін, әділдік үшін жанын салып, шыр-пыр 

болып жүргені. Ата тарихтан қозғап біраз 

хабарлар жасап, тарихи деректі фильмдер 

түсіруім осы - журналистік мамандығымның 

нәтижесі. Мұнда ел баласына сөз арнап, 

аздап  ұстаздықтың  да  рөлін  ойнайсың, 

сондықтан  БҚМУ-дан  алған  білімім  еш 

кеткен жоқ, қайта осы жолға салды деп зор 

мақтанышпен  айта  аламын.  журналист 

болу үшін - өмір мектебінен өтуің, азды-

көпті көруің керек-ау деп ойлаймын.



- Поэзияға қалай келдіңіз?

- Поэзияға деген іңкәр сезімімді оятқан 

әрине,  анамның  әлдиі  мен  әкемнің  ұзақ-

сонар жыр-дастандары, кейін мектептегі 

мұғалімдердің ықпалы болды. Мен өзімді 

анау  айтқандай  ақын  санамаймын,  мен 

үшін өлең - Рух тілі, қару, ғаламмен, адам-

дармен қарым-қатынастың үлгілі құралы, 

жан сарайымның падишасы. Сондықтанда 

екі жинағымды шығардым. «Көк Бөрі» мен 

«Ақ  Тұлпар».  Екеуінің  де  тұсаукесерін 

өзімді біліммен қаруландырған ұлы білім 

шаңырағы  Махамбет  атындағы  БҚМУ-

да  жасадық.  Шығармашылығымдағы 

жетістікті  өзім  оқыған  университетпен 

бөлісу маған парыз көрінді.



-  Емтихан  кезеңі  қалай  өтетін  еді, 

бірге  оқыған  группаластарыңызбен 

араласып тұрасыз ба? 

- Емтихан тапсыру мәселесіне келсек, 

жаппай  дайындаламыз.  Онда  бүгінгідей 

тест  деген  пәле  жоқ,  пәнді  бастан-аяқ 

оқисың,  кәдімгідей  шын  дайындаласың. 

Билет  суырып,  жауап  бересің.  Курстық 

жұмыстар, зачет деген аралық сындарда 

көп пәннен «автомат» алатын едім, яғни 

ұстаз  сені  жақсы  білгендіктен  қинамай, 

тиісті  бағаңды  қойып,  тез  жіберетін. 

Мәселен, Б. Шынтемірова, Б.Молдағалиев 

аға-апайлардың  сабағынан  сондай 

төтенше  жетістікке  ие  болғаным  бар. 

 Бірге оқыған дос-құрбылардың барлығымен 

болмағанмен бірқатарымен әлі жақсы ара-

ласамын. және ғаламтордың мүмкіндігін 

пайдаланып,  агентпен,  пошта  арқылы 

хат-хабар  алысып,  жаңалықтарымызды 

бөлісеміз. жақсылық бөліскенде көбейсе, 

жамандық бөліскенде азаяды ғой, өмірдегі 

жеткен жетістігімізді, басқасын айтып, бір-

бірімізге сөзбен-ақ қолдау жасап жатамыз. 

Қазір олар жан-жақта. Бірі Мәскеуде, бірі 

Алматыда, Астанада, Атырау мен Ақтөбе 

және  Ақтауда...  Ауылда  қаншасы  бар. 

Көрмегелі көп болды, бәрін сағынасың.

 -

 Сіздің студенттік кездегі жастардың 

бойында отанды сүю, ұлтты сүю деген 

қасиеттер қандай еді? Қазіргі жастарға 

не айтасыз?

  -  Отанды  сүю  сезімі  сол  кездің 

студенттерінің бойында мықты болатын. 

Ер  балалардың  дені  әскер  көргендер 

болса, қыздар ибалы, үлкенді сыйлайтын, 

«Қызға қырық үйден тыйым» дегеннің не 

екенін  біліп  өскен  бойжеткендер  болып 

келетін.  «Студент  көктемі»  болмаса 

факультет  аралық  кештерде  жастар  бір-

бірін  сыйлап,  бұзақылыққа  ұрынбайтын.  

  Қазіргі  оқып  жатқан  студент  жастарға 

ағалық айтар кеңесім - сөзі бір бөлек, өзі 

бір бөлек болудан сақ болса деймін. Сөз 

- істің басы! Екісөзділік адамға жараспай-

ды. Әсіресе, ер азаматтарға! Сондықтан 

білімді  мейлінше  сіңіріп,  ұстаз дар 

қауымын сыйлап, түсіністікпен білім алған 

жылдарыңның  әр  күнін  гүлге  бөлеңдер, 

ертең  өздеріңіз  адам,  маман  болғанда 

өкінбейсіз. Өмірдегі байлық - дос жинау. 

Қазіргі сіздерге берілген мүмкіндіктің бір 

түйіні  айналаңдағы  адамдардың  жақсы 

қасиетінен өзіңе нұр жұқтырып, жатынан 

жирену, әрі көп дос таба білу. Ертең қай 

салада жүрмеңіз бір-біріңмен жолдарыңыз 

түйісетін,  ұшырасатын  сәттер  міндетті 

түрде  болады.  Сонда  бір-біріңе  тура 

қарай  алатын  боласыздар.  Бірақ  мұның 

астарында тамыр-таныстық, сыбайластық 

деген бәлелер болмауға тиіс, мұнда таза 

достық, сыйластық қана болуы тиіс. Мен 

бір өлеңімде: «жас болу деген - ақындар 

жазған  текті  өлең!  Бас  тігіп  «дот-қа», 

Батыр ол оққа беттеген. Қолда бар кезде 

бағасы арзан алтындай, Қымбатқа кейде 

өтпеген. жас болу деген - Күй екен күмбір 

шертпеген, Ән екен асқақ, би екен сұлу 

бітпеген. жас болу деген жабығып, жалғыз 

жүргенде,  Көктем  боп  келер  махаббат 

екен күтпеген...» деппін, «Мен жастарға 

сенемін!»  деп  ұлы  Мағжан  айтқандай, 

мен  де  бүгінгі  студент  жастарға  нық 

сенемін. Олардың адам, азамат, елімізге 

керек  маман  боларына  сенемін  және 

тілектеспін.  Ұстаз-ғалымдар  қауымына 

әрдайым мың-мың алғыс арқалаған жан-

жүрегім  бар.  Олар  -  жанын  нұр-шуаққа 

көмген, өзгенің баласына сәуле шашқан 

айрықша жандар, ізгі адамдар. Алдарына 

жәудір көз шәкірт болып келген баладан 

болашақ  маман  шығару  -  орасан  тер 

төгу, іздену, аса жауапты да қиын қызмет. 

Осынау істе атқарып жатқан еңбектеріне 

адалдық,  тазалық,  шәкірт  пен  ұстаз 

арасындағы құрмет пен пайым-парасат, 

үлгі-өнеге  өлшемі  қарамен,  парамен 

ластанбауын шын жүрегіммен тілеймін. 

Себебі  80  жылдық  тарихы  тұтасқан 

байырғы білім шаңырағының Қазақстан 

бойынша  және  алыс-жақын  мемлекет-

тер назарында абырой-беделге ие екені 

мәлім. Сол абырой-атаққа дақ түспесін. 

Өйткені  Қазақтың  ұлы  батыры,  ақыны, 

жырау,  күйшісі  Махамбет  атын  иелен-

ген  қасиетті  орын  әрқашан  тек  биіктен 

көрінуі  тиіс.  Соған  міндетті.  Білімдегі 

біртұтас істеріңізге қыранның шырқауын 

тілеймін!



- Әңгімеңізге рахмет. Шығармашы-

лық жолдағы қаламыңыз мұқалмасын. 

Е л і ң і з д і ң  і л т и п а т ы н а  б ө л е н і п, 

еңбегіңіздің  жемісін  көріңіз  деген  ақ 

тілегімізді жолдаймыз. 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми кітапханасы университеттің 80 жылдық мерейтойына орай «Университет інжу-

маржаны – ғылыми кітапхана» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Аталмыш тарихи мәні бар кездесу кешіне еңбек жолын 

университет  кітапханасына  арнаған  кітапханашы  мамандар,  бүгінде  еңбек  ардагерлері,  өз  еңбектерінің  жемісін  көріп 

отырған зейнеткерлер шақырылды.

Университет інжу-маржаны – ғылыми кітапхана

Әйел – барлық қиындықты жеңе білетін 

сарқылмайтын  күш,  тірліктің  қайнар 

бұлағы.  Ол  адамзат  мекен  еткен  жер 

шарының  әр  түкпірінде,  әр  үйде  мейірім 

мен  мерейдің,  достық  пен  туыстықтың 

туын  тіккен  адам  екені  сөзсіз.  Ару,  Ана 

бүкіл  әлемнің  әдемілігі,  бар  тіршіліктің 

мәні.  Сондықтан  да  осы  екі  ұғыммен 

өзектесіп,  астасып  жатады.  Адалдық, 

арлылық,  асқақтық  атты  қасиеттермен  

пара-пар  осы  бір  жаратылыс  иелеріне 

бүкіл  әлем  қарыздар.  Мерекеге  орай 

оздырылған концертте университет ректо-

ры, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы 

құттықтау  сөз  сөйлеп,  аналарымыз  бен 

ұстаздар  қауымына,  барша  аруларға 

ыстық  лебізін  жолдады.  Әдемі  тілектің 

соңы  Ғ.Қайырбековтың  сөзіне  жазылған  

Ш.Қалдаяқовтің «Ана туралы жыр» әнімен 

өз жалғасын тапты. жүректі жарып шыққан 

бар ізгі тілектер өмірдегі ең қымбатты да 

ардақты жан – ұстаз аналарға арналатыны 

ақиқат.  Адамзат  баласын  өмірге  әкеліп, 

ақ сүт беріп, аялап өсірген аналарға, бар 

білгенін шәкіртіне үйретуден жалықпайтын 

ұстаз-әйелдер  қауымына,  жылағанда 

жұбатып, қиналғанда жанға демеу болатын 

сырлас  құрбы-аруларға  арналған  «Сен 

үшін...»  мерекелік  концерті  университет 

жанындағы  «Серпін»  жастар  театрының 

компо з ициялық  қойылым д арымен, 

университетіміздегі  ерлер  ұжымы  мен 

студенттер  қауымының  өнерлерімен 

көркемделіп,  кеш  шырайын  келтірді. 

Аталған  концертте  университетіміздегі 

бірқатар  оқытушылар  мен  қызметкерлер 

қауымы  университет  ректоратының  та-

рапынан  марапатталды.  Ару-аналарға 

концертті  мәдени-демалыс  жұмысының 

жетекшісі  М.Сүлейменов,  тарих  және 

құқық  факультетінің  деканы  С.Ғиззатов,  

БҚМУ колледжінің оқытушысы Е.Қадыров 

жүргізді.  Концерт  барысында  оқытушы 

Қ . Қ и с м е т о в   ә н н е н   ш а ш у   ш а ш с а , 

М.Попов  классикалық  туынды  орындап,  

жиналғандарға  мерекелік  көңіл-күй 

сыйлады.  Университет  профессоры 

С.Шарабасов, педагогика ғылымдарының 

докторы  А.Қыдыршаев,  тәрбие  жұмысы 

жөніндегі  бөлім  жетекшісі  М.Исатаев, 

мәдени-демалыс жұмысы мамандығының 

3 -к урс  ст уденті  А.Сатыбалдиевтер 

орындаған қыз, әйел, ана тақырыбындағы 

«Сен  үшін...»  поэзиялық  композициясы 

университет оқытушысы, республикалық, 

халықаралық  ән  байқауларының  лау-

реаты  Қ.Л.Қисметов  және  бүкілресейлік 

«На Николаевской»  фестивалінің І орын 

иегері «Қорған» тобының орындауындағы 

Е.Серікбаевтың  «Сен  үшін»  әнімен 

аяқталды. 

Өз тілшіміз

Олар: Сұлтанова Фаруза 

Ниетқызы,  Яковенко  Юлия 

Ивановна,  Кисекова  Сәуле 

Сапиқызы, Герасимова Елена 

Георгиевна, Кененова Мәдина 

жұмағалиқызы, Бурекешева 

Гү л ж а н   Тө л е г е н қ ы з ы , 

А б у х а н о в а   С в е т л а н а 

Ғабдрахимқызы.  Ұлыстың 

Ұлы  күні  -  Наурыз  мерекесі 

қарсаңында  жиналған  зей-

неткер  кітапханашылардың 

қ у а н ы ш т а р ы н д а   ш е к 

болмады. 

Кешті университет І про-

ректоры  Ә.С.Тасмағамбетов 

ашты.  Ақ  жол,  ақ  тілек  ай-

тып,  баға  жетпес  мұраларды  сақтай 

о т ы р ы п,  у н и в е р с и т е т т і ң  б а р л ы қ 

қ о ғ ам д ық  ж ұ мыс тар ын а  б е л с е н е 

араласып,  қиын-қыстау  кезеңінде  де 

кітапхананы  сақтап,  оқырмандарға 

қызмет  көрсетудегі  елеулі  еңбектерінің 

ешқашанда ұмытылмайтындығын жеткізіп, 

денсаулық,  отбасы  бақытын  тілеп,  келе 

жатырған  наурыз  мерекесімен  ректорат 

атынан құттықтады. 

С ө з   о р а й ы   к е л г е н д е   з е й н е т-

к е р  к і т а п х а н а ш ы л а р  у н и в е р с и т е т 

кітапханасының  тарихына  тоқталып, 

қызмет  еткен  жылдарында  атқарған 

қызметтері  туралы  баяндап  берді.  Бірге 

қызмет атқарған кітапханашы мамандар-

ды  да  еске  түсіріп,  айтулы  оқиғалардан 

естеліктер  айтты.  Сондай-ақ  зейнет-

керлер  ғылыми  кітапхана  ұжымына 

осындай кездесу кешін ұйымдастырып,  

зейнеткерлерді  ұмытпай  шақырып, 

жақсы,  игі  іс  атқарғандарына  шексіз 

алғыстарын  білдіріп,  шығармашылық 

табыстар  тіледі.  Ал,  жас  кітапханашы 

мамандарға өз мамандықтарын шексіз 

сүйіп,  еліне  адал  қызмет  етулеріне 

тілектестік  білдіріп,  ақ  баталарын 

берді.


Зейнеткер кітапханашылардың өмірі 

мен шығармашылығы туралы мәліметтер 

фотосуреттермен  өрнектеліп,  слайд 

түрінде ұсынылды. Кітапхана директоры 

Т.Е.Алимбекерова сөз алып, үлкен орда-

да қызмет етіп, бар ғұмырын кітапханаға 

арнаған  асыл  жандарға  үлкен  алғыс 

білдіріп,  университет  80  жылдығы 

қарсаңында өткізіліп отырған шараның 

бастамасы екендігін айта өтіп, зейнеткер 

кітапханашыларға зор денсаулық, ашық 

аспан,  отбасы  бақыты  мен  берекесін 

тіледі. Үлгілі іс-шаралар, кездесу кештері 

жалғасын табады деп сенім білдірді.

Кеш соңында естелік суретке түсіп, 

зейнеткерлерге  мерекелік  дастархан 

жайылды  және  естелік  ретінде  тосын 

сыйлықтар ұсынылды.



ғылыми кітапхана

(Соңы. Басы 10-бетте)

Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


12

Әр ғылымның түп шарты - ақиқат 



Ақмолла

№2, наурыз 2012 жыл

Тарих және құқық факультетінің жаршысы

Ақжайық өңірінің рухани ырысы атанған Махамбет 

Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университеті – талай атақты ғұламаларды білім нәрімен 

сусындатқан ғылыми орталық және еліміздегі көне оқу 

орындарының бірі. Оның іргетасы 1932 жылы қаланып, 

халық  арасындағы  сауатсыздықты  жою  үшін  білімді 

ұстаздар  дайындау  бағытында  құрылған.  Сол  жыл-

дан  бастау  алған  білім  ордасы  жылдар  өткен  сайын 

жаңарып,  өркендеп,  күннен-күнге  кемелдену  үстінде. 

Қазіргі  уақытта  болашақ  даму  бағыты  белгіленіп, 

мақсаты айқындалған университеттің өзіндік мол тарихы 

бар екені айқын, жеткен жетістіктері де жетерлік. жоғары 

оқу орнының көне тарихи беттеріне үңілсек, білім беру 

жұмыстарын жан-жақты дамытуға аянбай үлес қосқан 

аға буын өкілдерінің қажырлы еңбектеріне бүгінгі ұрпақ, 

студенттер қауымы дән риза. 

Болашаққа  қол  сермеген  жас  жеткіншектерге 

қажырлы  істерімен  үлгі  болар  университеттің  әр 

Ерте  заманнан  ата-бабаларымыз  әйел  затын 

қастерлеп, қыз баланы жоғары дәріптеген. Сол дәстүр 

бүгінгі күні де жалғасын тауып келе жатқанын тарих 

және  құқық  факультетінің  сері  жігіттері  дәлелдеп 

берді.

Олай  дейтініміз,  7-наурыз  күні  факультетімізде 

көктемнің  алғашқы  мерекесі  -  арулар  күніне  арналған 

шағын  концерт  ұйымдастырылды.  Әдемі  безендірілген 

акт  залы  жанға  жайлы  ортаны  қалыптастырса,  сазды 

Трумов  Армат  Болатұлы  

-   М . Ө т е м і с о в   а т ы н д а ғ ы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  тарих  және 

құқық  факультетінің  құқықтану 

мамандығының 1 курс студенті. 

Ақсай қаласының тумасы Армат 

мектеп қабырғасынан бастап-ақ 

армрестлингпен  айналысқан. 

Осы  спорт  түрін  өзі  білім  алып 

жатқан жоғары оқу орнында  да 

жалғастыруда.  Қазіргі  таңдағы 

университеттегі  жаттықтырушысы  Шандозтегі  Асхат 

Тұрланұлының есімін мақтанышпен айта отырып, мақтан 

тұтар ұстаздарым мен аянбай еңбек етуімнің арқасында 

қол жеткізген жетістіктерім – сәулелі болашақтың баста-

масы іспеттес, әрі сайыстарға қатысқан сайын өз-өзіме 

деген сенімділік пен күш-жігер, ынта пайда бола түседі, 

- дейді кейіпкер өз ойымен бөлісіп. Трумов Армат ҚР 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған 

жәңгір  хан  атындағы  БҚАТУ-да  1  курс  студенттері 

арасында өткен жарыста I орынға, ҚР Тәуелсіздігінің 

20  жылдығына  арналған  армрестлингтен  қалалық 

біріншілікте 65 кг салмақ дәрежесі бойынша II орынға, 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  80  жылдығына  орай  жОО  мен  АОО 

арасында өткізілген армрестлинг спортынан 65 кг салмақ 

дәрежесі бойынша жүлделі I орынға (21.02.2012ж.), ҚР 

Мемлекеттік Рәміздерінің 20жылдығына арналған арм-

рестлингтен студенттер мен жастар арасындағы Орал 

қаласының жеке командалық  біріншілігінде 60 кг салмақ  

дәрежесі бойынша I орынға ие болған (23.02.2012ж.).

Спортты жанына серік еткен Арматқа алар асулары 

асқақ, шығар шыңдары биік болсын,- деп тілейміз.

  

Оқу орнының 80 жылдығына орай                                  

БҚМУ -


жылдағы түлектері – жастар үшін зор мақтаныш, үлгі-

өнеге. 


БҚМУ – ғылыми білім беру жағынан іргелес елдер 

арасындағы ғана емес, сонымен бірге Азия, Еуропа, 

АҚШ-қа  кең  танымал.  Біздің  университетімізде 

білім  берудің  интерактивтік  әдіс-тәсілдері 

мен  жаңа  педагогикалық  технологиялары 

енгізілген.  Оқу  ордасының  материалдық-

техникалық  базасы  бүгінгі  заманға  лайық 

соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталып, 

білім  көрсеткіші  жаңа  ақпарат тық  технология 

негізінде бағалануда. 

Университет ұжымы келешекте де өзіндік дәстүрін 

жалғастыра, дамыта отырып, студенттер  қауымымен 

бірге болашаққа сенімді нық қадам жасай бермек. 

Құқықтану  бөлімінің  студенті  ретінде  киелі  қара 

шаңырақта білім алып жатқаныма өте қуаныштымын 

және  студенттік  күндерім  осы  білім  ордасының 

қабырғасында  өтіп  жатқанына  дән  ризамын.  жоғары 

оқу  орнының  тәжірибелі  ұстаздарының  арқасында 

заңгерлікке қатысты ілім-біліммен сусындап, құқық қорғау 

саласын  жан-жақты,  жетік  игерген,  заңдылықтарды 

және  құқықтық  мәдениетті  толық  меңгерген  маман 

болып шығатыныма сөзсіз сенімдімін.



ербол ҚуАНыШев,

құқықтану мамандығының студенті

Біз сіздерге көктем сыйлаймыз!

Армат - 

спорТшы


Наурыз  мейрамы  –  қазақ  халқының  ерте  заманнан 

салтанатты түрде тойлап келе жатқан төл мерекесі. Ұлттық 

нақышымыздың  идеалы  болған  Наурыз  –  молшылық, 

теңдік, береке, бірлік және қайта жанданудың нышаны. Бұл 

мерекені ата-бабаларымыз ерекше қадір тұтқан. Наурыз 

мейрамына орай мерекелік дастархан жайылып, арнайы 

ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл  күні кәрі-жас мерекелік 

әдемі  киімдерін  киіп,  тойлауға  шығады.  Мың  бұралған 

бишілер, өнертапқыш айтыскер ақындар өз өнерлерін ортаға 

салады. «Бәйге», «Теңге алу», «Көкпар», «Қыз қуу» сынды 

ұлттық ойындары ойнатылып, қазақтың тайсалмас жігіттері 

күш сынасады. Ата-салтымыздың ерекшеліктерін сақтап  

қалғанымыздың  бір  нышаны  -  әр  жыл  сайын  өңірімізде 

Ұлыстың ұлы күнін барша салтанатпен қарсы алуымыз. 

Осындай мерекелік шара тарих және құқық факульте-

тінде де жалғасын тапты. Мерекелік кеш керемет қазақы 

нақышта  безендірілген  №3  оқу  ғимаратының  акт  за-

лында  ұйымдастырылды.  Бұл  күні  акт  залы  қазақы 

болмысымыздың  бір  көрінісіндей  болды.  Әдемі  оюлы 

киіз үй, Наурыз көже мен ұлттық тағамға толы дастархан,  

ұлттық киім киген студент қыздар мен жігіттер кештің шы-

райын келтірді. Аталып өтілген бұл үлкен шараға студенттер 

белсене қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын нақыштап, 

салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер қойған болатын. Ол тек 

мейрамға орай ғана емес, сонымен қатар жастардың қазақы 

салт-дәстүрлерді ұмытпау мақсатында қойылған көріністер 

болатын. Соның ішінде қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі - 

«Бастаңғы» сахналанды.

Көктемнің шақарында тойланатын 

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Күн мен түн теңелетін әз-наурызда        

жадырап көңіліміз нұрға толсын!

Бұл күні ақ тілектер қабыл болып, 

Періштеміз баршамызға саулық берсін!

жыл басы болып табылатын бұл мереке

Бәрімізге құт-береке алып келсін! 

- дей отыра, құрметті оқырмандар, тіршіліктің тынысы, 

жер жаһанның ырысы - Ұлыстың ұлы күні құтты болып, 

барлық  жақсылықтарды  бойына  жиған  жаңа  жылда 

сіздердің  дендеріңізге  саулық,  отбасыларыңызға  бақ-

береке тілейміз.

Айнура ихСАНОвА, тарих мамандығы,

Абылхан МеДеНОв, құқықтану мамандығы

   Құт-берекелі 

         Наурыз мейрамы!

  


Біздің мақтанышымыз  

Өзгеріске  толы  алмағайып  дүниеде  ғылым,  өнер, 

спорт салаларынан өзге қоғамға өзіндік үлесін тигізетін 

ұйымдардың бар екені рас. Өмірде көмекке мұқтаж жандарға 

қол  ұшын  беруге  жүрегінде  иманы  бар  әрбір  жанның 

талпынатыны  сөзсіз.  Елімізде  моральдық-материалдық 

қолдауға  дайын  тұратын  ұйымдардың  жұмыс  жасап, 

түрлі  қайырымдылық  акциялардың  ұйымдастырылуы, 

телебағдарламалардың 

жүргізілуі  қазақ  халқының 

қ а н ы н а  с і ң г е н  ұ л т т ы қ 

қасиеттердің  бір  көрінісі 

іспеттес.

Өңіріміздегі  80  жылдық 

тарихы  бар  М.Өтемісов 

атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университеті  де  қайырымдылық  жасап, 

мейірімділік таныту секілді істерден тыс қалмауда. 2012 

жыл  14  ақпанда  тәрбие  жұмысы  бөлімінің  психологы 

жақсығалиева Альфия Сырымқожақызының бастамасымен 

құрылған еріктілер ұйымының жасаған іс-шаралары соның 

дәлелі болмақ. Қазіргі таңда бұл ұйымның құрамында 30-

дан астам студент бар.

Ақпан айының 29-шы жұлдызында «Балалар ауылына» 

барып,  балалар  үшін  өткізілген  психологиялық  тренинг, 

халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні қарттар 

үйінде өткізілген «Бәрі де сіздер үшін» атты мерекелік кон-

церт көрермендердің көңіліне қуаныш сыйлағаны сөзсіз. 

15  наурызда  «Балалар  ауылының»  оқушылары 

М.Өтемісов атындағы университеттің  80 жылдық тарихымен 

әуен көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Өз кезегінде факультет 

деканы  Ғиззатов  Саялбек  Махамбетұлы  құттықтау  сөз 

сөйлеп,  ізгі  лебізін  білдірді.  Кештің  құрметті  қонақтары, 

университетіміздің  бірінші  проректоры  Тасмағамбетов 

Әсет Сембайұлы, ғылыми жұмыстар және халықаралық 

байланыстар  жөніндегі  проректор  Мұқтар  Әбілсейіт 

Қапизұлы  факультет  ұжымын  8  наурыз  мерекесімен 

құттықтап, шығармашылық табыс, оқуда сәттілік тіледі. 

Көрермендер  көңіліне  қуаныш  сезімін  ұялатқан 

бұл  мерекелік  шара  барысында  ана,  махаббат,  көктем 

тақырыбында  әндер  шырқалды.  Өз  өнерлерін  ортаға 

салып,  әйел  затына,  анаға,  апа-қарындасқа  деген 

сүйіспеншілік  сезімді  сөзбен  емес,  әнмен  тербеді. 

Кештің ең қызықты және күтпеген сәті бұл – өнертапқыш 

студенттеріміздің  ұйымдастыруымен  жасалған  слайд 

еді. Слайд факультетіміздің оқытушыларының балалық, 

жасөспірім,  жастық  шағындағы  фотосуреттерімен 

жасақталған. Мұндай тосын сый оқытушыларды ерекше 

көңіл-күйге  бөледі.  Шара  барысында  факультетіміздің 

өркендеуіне  үлес  қосып  жүрген  студенттерге  алғыс 

хаттар  табысталды.  Сонымен  қатар,  мерекелік  кешті 

тамашалауға  келген  барша  нәзік  жанды  мейрам 

иелеріне  гүл  шоқтары  тарту  етілді.  Барша  қауымның 

көңілінен  шыққан  мерекелік  кештен  әдемі  әсер  алған 

оқытушыларымыз  ұйымдастырушыларға  риза  көңілмен 

алғыстарын білдірді.



Айнура ихСАНОвА,

тарих мамандығының студенті

Еріктілер ұйымының 

игілікті істері

таныстыру, университет пен мектептің арасындағы байла-

нысты нығайту, сабақтастықты жақсарту, оқушыларға кәсіби 

бағдар  беру,  біздің  университетке  деген  оқушылардың 

қызығушылығын  арттыру  мақсатында  университетке 

келген  болатын.  Бұл  шарада  да  еріктілер  ұйымы  өз 

белсенділіктерін танытты.

Наурыздың  25-і  күні  еріктілер  ұйымының  мүшелері 

қариялармен қайта қауышып, «Қош келдің, әз Наурыз!»  

атты мерекелік концерт қойды. 

Осындай  игілікті  істермен  ұйым  мүшелері  шектеліп 

қалмайтынына сенім білдіре отырып, олардың жұмыстарына 

тек қана табыс, сәттіліктер тілеймін!    

Мейірімгүл КеМАл,

құқық және экономика негіздері мамандығының студенті 


Ґ

№ 3 (875)

 наурыз 

2012 жыл


13

Экономика 

- танымы терең сала

Экономика және басқару     

                 факультетінің жаршысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет