Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі
1
|
некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк
|
2
|
ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртiбiмен немесе өзге де өтеусіз мәмiлелер бойынша сыйға алған мүлкi;
|
3
|
некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пайдаланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншiгi болып табылады.
|
|
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу 37-бап
|
1
|
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу ерлi-зайыптылардың кез келгенiнiң талап етуі бойынша некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде де, ол бұзылғаннан кейiн де, сондай-ақ кредит берушi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң үлесiнен өндiрiп алу үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы талабын мәлiмдеген жағдайда да жүргiзiлуi мүмкiн.
|
2
|
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi олардың келiсiмi бойынша ерлi-зайыптылар арасында бөлiнуi мүмкiн. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiктi бөлу туралы келiсiмi нотариатта куәландырылуға тиіс.
|
3
|
Дау туған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың осы мүлiктегi үлестерiн айқындау медиация тәртібімен немесе сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
|
4
|
Тек қана кәмелетке толмаған балалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатып алынған заттар (киiм-кешек, аяқкиiм, мектеп және спорт керек-жарағы, музыкалық аспаптар, балалар кiтапханасы және басқалары) бөлуге жатпайды және балалары өзімен бiрге тұратын жұбайға өтемақысыз берiледi.
|
5
|
Ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде ортақ мүлкiн бөлген жағдайда ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнiң бөлiнбеген бөлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiнде бұдан әрі жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгiн құрайды.
|
6
|
Некесi (ерлі-зайыптылығы) бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылады.
|
Нормативтік актімен жұмыс
Неке-отбасы заңнамасының 6-тарауы ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттерін, 7-тарау ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайды. 29-бапқа сілтеме жасай отыра ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайтындығын баяндаймыз. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі мәселесі бойынша 30-бапқа назар аударыңыздар. Яғни, ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.
Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті. Ал 31-бап бойынша ҚР аумағында неке қиған немесе неке қиғалы жатқан азаматтардың тектерді таңдау құқығы бар екендігін дәлелдейді. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.
33-бапқа сәйкес ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі болып тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен кіріс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған кіріс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ кіріс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, жарғылық капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен сатып алынған мүлік табылады. 33-баптың 3-тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкіне құқық некеде тұрған кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.
Қолданылған нормативтік акт - Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚРЗ.
Достарыңызбен бөлісу: |