3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері: Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі»


Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау



бет25/35
Дата24.05.2023
өлшемі191,99 Kb.
#96862
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
аза ханды ы д уіріндегі дебиетінен емтихан с ра тары Жыраулар

42.Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауына әдеби- теориялық талдау жасау. 
Аталған жырдың қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Авторы белгісіз. Жазушы М.Мағауин бұл жырды алғаш жырлаған Марғасқа ақын деп есептейді. Жырда 7 – 8 буынды шұбыртпалы ұйқас пен 11 буынды қара өлең үлгісі ауысып келіп отырады. Жырдың шағын үзіндісі «Ана тілі» газетінің 1990 жылғы 31 мамырдағы санында жарияланған.
Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадір-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды:
Еңсегей бойлы Ер Есім, 
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім!
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін –дейді.
Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау емес, жаужүрек батыр жырау ретінде
де танылады. Соншама айбатты, соншама қайратты, арғы-бергіні толғай, жақсы-жаманды талғай білетін, данышпан да даңқты ел ағасына биіктен сөйлеу дегеннің қаншама ауыр екенін түсіну де, түсіндіру де қиын. Олай дейтін себебіміз, бірде Бұқар жырау Абылай ханға қатты реніш үстінде: «Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше Еңсегей бойлы Ер Есім ханға да жолдас болдым, сен оның бір түстігіне де жарамайсың, – депті. Ер Есімнің бағасын бұдан артық жеткізу мүмкін емес сияқты. Ал бүкіл қазақ «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп ардақтап алақанына салса, Алтай мен Атыраудың арасын қалмақтан босатқан асқан жауынгер ханға Жиембеттің назы оңайға түсті деп айту қиын.
Жиембеттің Есім ханға шалыс келуі бір себептен Асан қайғыдан тамыр тартқан дәстүр жалғастығы сияқты. Ол – Асанның Әз-Жәнібекке айтты дейтін кең толғамы, терең пәлсапалық дүниесі. Жиембет Асан қайғының сол толғауларының түрі мен мән-мазмұнын дамыта түскен. Жиембеттің жоғарыда сөз еткен «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты. Өйткені, жырау:
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,(ассонанс)
Айналып ақыл табарға,
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не дейсің, –
деп, ханға ауыр салмақ сала отырып, сол салмақты көтеретін жөні бар екенін детереңнен қозғап айтады.
Алайда, азуы алты қарыс ақын ары қарай тарата, тармақтата толғайды. Ол:
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?! –(риторикалық сұрау)
деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір- қасиетінің қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, «көп қорқытады, терең батырады» деген, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға дөң айбат та көрсетіп қояды.
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай,
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды – күнім, сізді – айымдай, –
деп толғаған Жиембет жырау өрлігіне сүйсіне түсесің. Жыраудың осы өлеңде қолданған теңеу-эпитеттері жарасымды, қазақы пиғыл, қазақы психология. Ол өзінің ішкі-сыртқы портретін айнытпай салып тұр... Бір жағынан Есім ханға жырау ешкімнен сескенбейтін жаужүрек екенін, тіпті тұрысатын жерінде «жолбарыс пенен аюдай» ерлігі бар екенін де ескерте кетеді. Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім – ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен, енді Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Бұл туралы «Жақсы үгітте» былай делінген:
«Бұрынғы достық дұшпандыққа душар болды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауыз-ауызбенен айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын». Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз. Көк аспан қақырап, қара жер қақ айрылып кетсе де, көкірегіндегісін жасырмай бетке айту – шынайы ерліктің нағыз кісіліктің ісі екені түсінікті. Тымырайып кек сақтау, үндемей аңысын аңду, ішінде иті өліп жатудан оңбаған тірлік бар ма, одан асқан зұлымдық бар ма?! Жырау бұл жолды қаламай, ақиқатын сардита айтқан.
Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын- туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі-жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауынан білеміз, ол:
Мені өлсе құнсыз кетер деймісің,
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай.
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес,
Менің ер екенімді көргенсің,
Әзілдеп бірге жүргенсің.
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің,
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ, –
деп, ақын тіпті Есім ханмен сырлас-мұңдас болып бірге жүріп, біргетұрғанында жан-жақты сөз етеді. Жырау өзінің талай-талай қанды шайқаста көзсіз ерліккөрсеткенін, жайшылықта жанына жалау, қолтығына демеу болып, бір туып,біте қайнасқанын да тереңнен толғайды. Ол «мен кісіден көрген ізгілігімдіжақсылықпен қайтаратын адаммын, сен де бір кездері менен мол сыбаға алып едің, соны ұмыта көрме» дей келіп, ары қарай сонау бір алыстағы, ұмыт болыпкеткен ескі «жараның» аузын ашып, ханның сасып, қарашаның қашқан, жаудыңмысының басқан кезін нақты, шебер суреттейді:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің,
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханыша,(эпитет)
Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!(аллитерация)
Тіпті хан басымен «соқыр бурыл байталға» ер-тоқым, айыл-тұрмансыз мінгеніне дейін тәптіштеп, қорықпай-үрікпей салмақты сөз саптайды. Бұл – бұл ма, одан әрі Жиембет іс-әрекетін тереңдете, әріден қозғап, ханға зіл тастай отырып, оны екіншілей көрмеске, онымен мәжілістес, сұхбаттас болмасқа серт бергендей шымырлата, буырқана, ашына жырлайды:
Қайрылып қайыр қылуға,
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,(аллитерация)
Мұныңа, ханым, шыдаман.
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырсын берермін,
Алыста дәурен сүрермін,(ассонанс)
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнім көрермін.
Жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, құдай тәубасын аузына келтіргендей. Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей-бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет