3 Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс


Жаңартылған оқу бағдарламасының басты ерекшеліктері мынада



бет3/5
Дата11.03.2022
өлшемі19,71 Kb.
#27654
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 тап

Жаңартылған оқу бағдарламасының басты ерекшеліктері мынада:

- Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі

- Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

- бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі

- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;

- оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;

- білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою

- бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;

- оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімдерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп, оны өз бетінше табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет