Коперниктің кітабы ғылым алдында маңызды мәселелерді қойды. Ал астрономияның алдында жаңа теорияның дәлелдерге сәйкес келетінін тексеруді тапсырма етіп қойды. Планеталардың қозғалысын бақылап, бұл бақылаулар Коперниктің моделіне сәйкес келе ме, жоқ па соны анықтау қажет болды.Бұл тапсырманы орындау астрономдар үшін өте қиын болды, себебі астрономиялық ғылымның математикалық және тәжірибелік амалдары ол кезде дұрыс дамымаған еді. Астрономдар жарқырауларды жай көзбен бақылаған.Нәтижелерді сандық есептеу үшін есептеуіш машиналары түгіл, қарапайым арифметикалық техникаға да жүгіне алмады, өйткені ол уақытта ондық бөлшектер мен логорифмдер белгісіз еді. Олар тек XVII ғасырдың басында ғана пайда болды. Дәл осы кезде алысты қарайтын түтік пен телескоптар да жасалды. Астрономдар ұзақтықты (бойлықты) анықтау үшін дәл сағатты пайдаланбады. Астрономиялық ғылым мен кеме жүзу ілімі оптикалық құралдарға, дәл сағаттарға, жаңа есептеуіш құралдарға мұқтаж болды. Астрономия қозғалыс механикасында – динамиканы қажет етті. Бұл жаңа механиканың дамуы үшін жаңа, динамикалық математика қажет болды. Осылай Коперниктің ұлы ашылуынан кейін ғылыми бағдарлама пайда болды, ал бұл эксперименталдық (тәжірибелік) және математикалық жаратылыстанулардың пайда болуына, ал ең алдымен механика мен оптиканың пайда болуына алып келді.
Коперниктің жүйесі үшін күрестің қиындығы жаңа ілімнің ғылымға бірден енбеуіне және ғылыми бағдарламаны іске асыру онжылдыққа созылуына алып келді. Күрес өте ұзақ уақыт болды. Тарихта Джордана Бруноның есімі мәңгілікке қалды. Ол керемет адам, жазушы, поэт, ғалым, талантты сөзге шешен және дәріс оқушы болды.
Джордано Бруно 1548 ж. италиядағы Нола қалашығында дүниеге келген және туылған кезде қойылған есімі Филиппе болған. Алғашқы білімді оқу пансионатында өз ағасынан алып, он алты жасында Джордана есімімен монахта шаш қидырып, тарихта есімі қалды.
Жиырма төрт жасында Бруно Компаньеде дін қызметшісі болып жұмыс жасайды. Ол мұнда гуманистердің шығармаларымен және Коперниктің кітабымен танысады. Оның ойлары айналсындағы монахтарға күдік туғызып, оны Римге жібереді. Ол Римде жүрген кезінде шіркеуде оның басқа да материалдары әшкере болады. Бруно Генуиге қашады. Осылай Бруноның ұзақ саяхаты басталады. Генуиден Венецияға, одан кейін Миланға, Туринге, Шамбериге. Содан соң Италияны тастап, Женеваға бет алады. Ұзақ саяхаттан соң Тулузуға келіп, Тулузу университетінде екі жыл көлемінде Аристотельдің ілімін сынаушы ретінде дәріс оқиды. Бұл, әрине, университет профессорларының көңілінен шықпайды, енді Бруно Тулузуды тастап, Парижге келеді. Парижде Бруно білімді, әрі жады ерекше қабілетті ғалым деген атаққа ие болады. Корольдің өзі Бруноға қызығып, XIII ғасырда Раймонд Лулла жасаған логикалық математиканың, яғни «Ұлы өнердің» құпияларын ашуды өтінеді. Бруно лулли өнері жайлы бірнеше шығармалар жазып, оның бірін король Генрих III арнады. Король өз алғысы ретінде Бруноны Париж университетінің экстроординалды профессоры деген атау берді. Бруно Парижден Оксфордқа, ол жақтан Лондонға, Лондоннан қайта Парижге, сосын Германияға барады. Бүкіл Германияны аралап болған соң, Бруно 1591 ж. венециялық ақсүйек Моченигоның шақыртуын қабыл алып, Венецияға келеді.
1584 ж. «Пир на пепле» (Күл үстіндегі той), «О бесконечности Вселенной и мирах» (Ғаламның және әлем шексіздіктері жайлы) диалогтарын жазады. Бруно Коперникке үлкен баға беріп, Коперникке біз жалпы өрескел философияның кейбір жалған жорамалдарын көрсетіп, олардан құтылғанымыз үшін оған қарыздармыз деп жазған. Мочениго Бруноны алтын жасаудың құпиясын біледі деп шақырған болатын. Бруно өз қателігін түсініп, Моченигодан кетейін деп ойлайды, бірақ Мочениго Бруноны инквизицияға жеткізіп, 1592 ж. 25 мамырда Бруноны қамауға алады. Ол жеті жыл алдымен венеция, сосын рим түрмелерінде азап шегеді. 17 ақпанда Римдегі гүлдер алаңында Бруноны өртеп жібереді. Осы жерде қазір Бруно ескерткіші бар.
Бруноның саяхаты басталған кезде шваб солдатының алты жасар ұлы мектепке барып жүрген болатын. Осы бала ұлы астроном және планеталардың қозғалысын ашқан болатын. Оның есімі Иоганн Кеплер.
Иоганн Кеплер 1571 ж. 27 желтоқсанда Вейля қалашығында дүниеге келген. Әкесі Генрих Кеплер қарапайым солдат болған. Отбасындағы жағдай дұрыс болмаған соң, Генрих отбасын тастап кетеді. Сондықтан Кеплер атасының қолында өседі. Алты жасында атасы оны мектепке береді. Біраз жылдардан соң әлсіз, аурушаң баланы шіркеу мектебіне беріп,, ол екі жылдан кейін мектепті жақсы аяқтап шығады. Шіркеу мектебінен Кеплер жоғары санатты рухани мектепке ауыстырылады, ал үш жылдан кейін қабілетті оқушы ретінде Тюбингендік семинарияға қабылданады. 1591 ж. 11 тамызда бітіріп, Тюбинген академиясының стипендианты атанады. Кеплер алдында діни мансапқа жол ашылады.
Сол уақыттарда астрономия мен математикадан сабақты Тюбингенде үздік педагог Местлин беріп жүрген болатын. Ол коперник ілімін жақтаушылардың бірі болған. Местлин Кеплердің бойындағы астрономияға деген қызығушылықты оятқан және Коперниктің кітабымен таныстырған болатын. Сол уақыттан бастап Кеплердің дінге деген мансабы тоқтады. 1593 ж. академияны бітірген соң Кеплердің керемет білімі мен қабілетін растайтын өте жақсы аттестат беріледі. Ол Граце училищесінде математикадан және философиядан оқытушы қызметіне тағайындалады. Кеплер тек сабақ берумен ғанашектелмей, күнтізбе, жұлдызнама және ғылыми жұмыстар жасаумен де айналысқан.
Осы жылдары Кеплерді планеталар орбиталарының арасындағы сандық қатынастар жайлы ой мазалайды. Сол кезде Жерді қосқанда планеталардың саны алтау еді.
Кеплер өзінің алғашқы ғылыми еңбегін 1569 ж. «Космографиялық құпия» деген атаумен шығарды. Ол бұл кітапты атақты дат астрономы Тихо Брагеге (1546-1601 жж.) және итальяндық астроном Галилейге жіберген. Коперниктің жүйесін қабылдамаған Тихо Браге Кеплердің негізгі идеясына суық қарайды. Бірақ Кеплердің бойындағы есептеуге деген қабілеттілігін бағалап, оны өзімен бірге жұмыс жасауға шақырады.
Осы уақыттарда Кеплердің жағдайы саяси оқиғаларға байланысты қиындай түсті. Католиктік реакция күшейіп, протестант Кеплерге Венгрияға қашуға тура келді.
Прагаға көшіп келген Тихо Браге Кеплерді өзінің қасына шақырады. Тихо Браге біраз уақыттан кейін қайтыс болғандықтан, Кеплер онымен бірге көп жұмыс жасай алмады. Брагенің отыз бес жылғы бақылаулары жазылған журналы Кеплердің қолына түсіп, ол осы материалдарды өңдеуге кіріседі. Кеплер оптиканы (Вителлоның трактаты бойынша) оқи отырып, бірнеше сұрақтарды қайта қарап, «Дополнение к Вителло» (Вителлоға қосымша толықтырулар) атты шығармасын жазады. Сонымен қатар Кеплер Марс орбитасына берілген анықтамамен айналысты. Алғашында ол да Коперник сияқты орбитаны домалақ деп ойлады. Сосын Кеплер орбитаның пішіні сопақ екенін түсінді. Ақырында көптеген есептеулердің нәтижесінде орбитаның шынайы пішінін анықтайды: эллипс, фокусында Күн орналасқан. Кеплер өзінің барлық есептеулерін, Птолемей және Тихо теорияларына сынды, барлық қателіктер мен сәтсіздіктерді 1609 ж. Прагада жарық көрген «Новая астрономия» (Жаңа астрономия) кітабында жазған.
1610 ж. Кеплердің жұбайы мен ұлы қайтыс болады, ол екі баласын өзі асырап, бағады. Дәл осы жылы Галилейдің Юпитердің төрт серігін ашқанын және көру түтігін ойлап тапқанын біледі.
1611 ж. Кплердің оптика саласы бойынша «Диоптрика» атты жаңа шығармасы жарық көреді. Ол бұл шығармасында телескоптың құрылымын сипаттайды, линзалардағы сәулелердің жолын қарастырады, жарықтың оптикалық тығыздығы жоғары ортадан, оптикалық тығыздығы төмен ортаға өткенде толық ішкі шағылу құбылысы байқалатындығын жазған.
1619 ж. планеталар қозғалысының үшіні заңы жайлы «Гормония мира» (Әлем үндестігі) шығармасы жарыққа шығады. 1630 ж. 15 қарашада Иоганн Кеплер өмірден өтеді.