3-дәріс Орта ғасырдағы және қайта өрлеу дәуіріндегі физикалық білімдер


Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн аль-Хайсам



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі211,46 Kb.
#12058
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-лекция

Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн аль-Хайсам

АЛЬХАЗЕН (Ибн аль Хайсам) (965—1039) – араб оқымыстысы, Басрада дүниеге келген, ұзақ уақыт Каирда Гакема халифатында өмір сүрген.

Оптика саласында көптеген еңбектер жазды. Жарық сәулесінің бастамасы көз емес, жарқырайтын денелер деген ойын айтты. Дұрыс шешімді заңдарға сүйене келе, бір жазықтықта сәуле түсу бұрышына перпендикуляр екендігін тусіндірді. Альхазен шыны сферикалық сегменттің үлкейту әсері жайында бірінші болып ескертті.

Альхазеннің еңбектері негізінен физика, астрономия, математика, медицина және философия ғылымдарына арналған.

Альхазен атақты «Оптика асылдары» трактатының авторы, ол жеті кітаптан тұрады:

1. Көз және көру қабілеті;

2. Жарықтың таралуы;

3. Көздің көру қателіктері;

4. Айна бетінен шағылу;

5. Елестету;

6. Көздің көру қабілеттілігінің цилиндрлік айнадан шағылу қателігі;

7. Жарықтың сыну құбылысы.

Бұл трактаттың үш кітабы көздің көру қабілеттілігіне арналған.

Оның еңбектерінің арасында «Ақыл таразы», «Жарық және жарықтылық», «Птолемей әдісі негізіндегі оптика», «Анализ және


синтез» (математикалық трактат), «Геометриялық есептер жайындағы ой» (үшбұрыш және шеңбер теоремасы), «Тұтылу формалары» (камера-обскура

4 сурет. - Ай бетіндегі дақтар



теориясы жайындағы трактат) және т.б. бар. «Ақыл таразы» кітабында алғаш рет ауа ауырлығына түсініктеме береді.

Өзінің «Ай бетіндегі дақтар» еңбегінде дақтар орналасуы, формасы, өлшемі және жарқырауы жағынан ешқашан өзгермейді дейді. Альхазен бұл дақтар ай бетіндегі таулар мен мұхиттар шағылысуынан пайда болады деген теорияға қарсы болған. Шағылу заңына сүйеніп ғалым «жер бетіне қатысты айдың орналасуы шағылады, бірақ ештеңе байқалмайды» деген.

Ай сәулесін диффузиялық бейне құбылысы ретінде, яғни қисық бетте шағылуын түсіндіреді. Ол айдың ешқандай басқа әдіспен жарық бере алмайтынын айтып өтеді.

Қорытындылай келе, ай бетіндегі дақтар кей



жерлерінде жер жыныстарымен жабдықталған (4-сурет), сондықтан ол жерлер оптикалық күші жағынан төмен көрсеткіш көрсетеді деген.

Біз білетіндей, «ай теңіздері» қою түсті базальт тектес жыныстармен қапталған. Бұл жерде Альхазеннің жорамалдары тура келеді.

Альхазен «камера-обскура» құралымен әр нүктеден тараған сәуле еш өзгеріссіз бір-бірімен қиылысады деп дәлелдеген. Ол тесігі бар қараңғы камера қабырғасына әр түрлі майшам орналастырған, барлық майшамнан тараған сәулелерді бақылауға алды.

Орта ғасырда ғылыми-техникалық төңкеріс оптика саласынан байқауға болады. Бұл көптеген физиктерді әйгілі етті, олардың ішінде оптика негізін салушы ұлы ғалымдар: Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн ал-Хайсам, Аль-Бируни, Абу Райхан Мухаммад ибн Ахмад бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет