3 дәріске лабораториялық сабақтың тақырыбы 1-жұмыс Белоктарды органикалық ерітінділермен тұнбаға түсіру



Дата23.09.2024
өлшемі17,57 Kb.
#145222
түріСабақ
Байланысты:
3-зертхана Биохимия


3 дәріске лабораториялық сабақтың тақырыбы
1-жұмыс Белоктарды органикалық ерітінділермен тұнбаға түсіру
Әдістің негізі. Органикалық ерітінділер белокты нейтралды немесе әлсіз қышқылдық ортада тұнбаға түсіреді. Мұндай ерітінділер белоктың құрамындағы гидрофобты байланыстарды бұзады да, олардың ерітіндідегі тұрақтылығын кемітеді.
Егер ерітіндіде ас тұзы болса белок тұнбаға тезірек түседі, өйткені белоктың коллоидты түйіршіктері зарядтарынан айырылады.
Нәтижесінде ерітіндідегі белоктың тұрқтылығы одан әрі төмендейді.
Тұнбаға түсіруді төменгі температурада жүргізіп белокты спирттен тез уақытта бөліп алса, онда ол өз қасиетін сақтап қайтымды денатурацияға ұшырайды, яғни белок тұнбасын қайтадан суда ерітуге болады. Ал, егер тұнба спиртте көп тұрып қалса, белок қайтымсыз денатурацияға түсіп, қайтадан алғашқы ерітіндіде ерімейді.
Қажет құрал-жабдықтар. Штативтер, пробиркалар, пипеткалар.
Қажет реактивтер. Этил спирті, ацетон, хлороформ, ас тұзы.
Жұмыстың барысы: Үш пробиркаға 1-2 мл белок ерітіндісін құйып, үстіне аздап (0.2-0.3 г) ас тұзын (NaCl) салып шайқап ерітеді.
Бірінші пробиркаға тамшылатып 2-3 мл спирт, екін-шіге 2-3 мл ацетон, ал үшіншіге хлороформ құяды. Жақсылап шайқап 3-6 минуттан кейін тұнбаның пайда болғанын байқайды.


2-жұмыс Белоктарды алкалоидты реактивтермен тұнбаға түсіру.
Әдістің негізі. Алкалоидтар-құрамында азот кездесетін, күшті физиологиялық әсері бар заттар қатарына жатады. Көпшілігі, олардың гетероциклды қосылыстар, пиридин, пиррол, пирролидин, хинолин, индол, пурин және т.б. туындылары болып келеді. Алкалоидтарға, мысалы, морфин, папаверин, атропин, кофеин, эфедрин және емдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бірқатар басқа да қосылыстар жатады.
Алкалоидтарды анықтайтын көптеген реактивтер белокты заттарды да тұнбаға түсіре алады. Оларға: танин, иодты калидегі иод ерітіндісі, иодты калидегі иодты висмуттың ерітіндісі, пикрин қышқылы, сары қан тұзы және т.б. кіреді. Алкалоидтарды ашатын реактивтермен белокты заттарды тұнбаға түсіру, амин қышқылдарының да және алкалоидтардың да құрамына ұқсас гетероциклды топтардың /индолды, имидазольды, пирролидинді және т.б./ енуіне байланысты.
Алкалоидты реактивтер белоктармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Органикалық қышқылмен /мысалы сірке/ аздап қышқылдандыру реакцияның жақсы жүруіне көмектессе, ал күшті минералды қышқылдарды қосу, керісінше бұл процесті баяулатады. Түзілген тұнба сілтілік ортада ериді.
Белоктар ерітіндіден алколоидты реактивтермен танин, К4 [Fe(CN)6] сары қан тұзымен тұнбаға түседі. Бұл реакциялар белок молекуласының құрамында оң зарядталған топтар бар екенін көрсетеді. Белоктардың тұнбаға түсуін арттыру үшін 1-2 тамшы сірке қышқылын құяды.
Қажет құрал-жабдықтар. Штативтер, пробиркалар, пипеткалар.
Қажет реактивтер. 10% -танин, 5% -сарғыш қан тұзының қаныққан ерітіндісі, 1%- сірке қышқылы.
Жұмыстың барысы: Екі пробирка алып әр қайсысына белоктың әлсіз қышқылданған (1тамшы 1%-сірке қышқылымен) 1 мл ерітіндісін құяды. Біріншісіне танин, екіншісіне сарғыш қан тұзын К4[Fe(CN)6] қосса, сұрғылт тұнба пайда болады.
3-жұмыс Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру


Әдістің негізі. Формалин мен фенолдың дезинфекциялау әсері олардың белокты ұйытуына негізделеді. Осыған байланысты олар түрлі зиянды бактерияларды құрта алады
Қажетті құрал -жабдықтар: белок ерітіндісі, қаныққан фенол ерітіндісі,қаныққан формалин ерітіндісі, пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы:2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, біреуіне сондай мөлшерде қаныққан фенол, екіншісіне қаныққан формалин ерітіндісін қосады. Пробиркадағы сұйықтықты араластырып, бірнеше минут өткеннен кейін тұнба түзілгенін көреміз.
Жұмыс нәтижелерін талдау. Жұмыс мақсатына сәйкес жалпы қорытындылар жасау.
4-жұмыс Белоктарды қыздыру немесе қайнату арқылы тұнбаға түсіру
Әдістің негізі. Белоктардың ерітінділерін қыздырғанда олардың коллоидтық бөлшектерінің іріленіп, коагуляциялана бастағанын байқауға болады. Мұның нәтижесінде ерітінді ылайланады. Қыздыруды әрі қарай жүргізсек, онда седиментация процесінің жүруіне байланысты белок молекулалары іріленіп, тұнбаға түседі. Ал күшті қайнату әсерінен белоктың денатурациялануына байланысты, яғни табиғи қасиеттерінің өзгеруіне байланысты қайтымсыз, процесс болады да, белок бастапқы қалпына қайтып келе алмайды.
Қажетті құрал -жабдықтар: белок ерітіндісі, ,спиртшамы, пробиркалар, пипетка.
Жұмыс барысы: 1 пробирка алып 5 мл белок ерітіндісі құйылады. барлығында қайнағанша қыздырады. Сонымен алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
Жұмыс нәтижелерін талдау. Белок коагуляциялануы дегеніміз не? Белок седиментация процесі деген не? Белок денатурациясын түсіндіріңіз.


Бақылау сұрақтары
1.Жұмыс мақсатына сәйкес қорытынды жасау.



Реакция аты

Қолданылған реактивтер

Байқалатын ерітінді немесе тұнба түсі

Ашылатын топтар














Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет