3 электр беріліс желілерінің конструкциясы


Кабельді электр беріліс желісі



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі132,73 Kb.
#115939
1   2   3   4
Байланысты:
3 Дәріс

Кабельді электр беріліс желісі – бір немесе бірнеше кабельден тұратын электр энергиясын жіберуге арналған желі.
Кабель – бұл бүкіл ұзындығы бойынша оқшауланған, сыртына қорғаныш қабаты орналасқан металлдық өзекше (немесе бірнеше өзекше).
Кабельді ЭБЖ нің Әуелік ЭБЖ не қарағанда артықшылықтары:

  • атмосфералық әсерлерге ұшырамайды;

  • трассаның тұйықтығы және бөтен тұлғаларға қол жетпестігі;

Кемшіліктері:

  • Әуелік ЭБЖ нен қымбаттырақ;

  • Құрылысында көп еңбекті қажет етеді;

  • Жөндеуге ұзақ мерзімді алады және жоғары дәрежелі қызмет көрсетуші тұлғаны талап етеді;

  • Бір қуатты беру үшін көлденең қимасының ауданы үлкен сымадарды қажет етеді.

Кабельді ЭБЖ ластанған атмосферада, үлкен су қоймаларын қиып өткенде, мекеме территорияларында және қалалық тораптарда кеңінен қолданылады.
Кабельді ЭБЖ нің негізгі элементтері:

  • Электр энергиясын беруге арналған кабель;

  • Жалғағыш муфталар;

  • Соңғы муфталар(бітеу немес өңдеу)

  • Тоқтатқыш муфталар.

  • Сіңдіргіш аппараттар және май толтырылған кабельдермен жасалған желілер үшін май қысымының сигнализация жүйесі;

  • Трассаның әр бөлігінде қолданылатын кабельдік құрылыс (кабельді коллекторлар, туннелдер, каналдар, шахталар, құдықтар) болып табылады.

Кез келген кернеудегі кабельдің негізгі бөліктеріне :

  • Ток өткізгіш өзектер;

  • Ток өткізгіш өзектерді бір бірінен және жерден бөліп тұратын, оқшаулама немесе оқшаулағыш қабықшалар;

  • Ылғалдың, қышқылдардың және механикалық зақымданудың зиянды әсерінен қорғайтын қабаты;

Кернеуі 10 кВ кабельдің конструкциясы 3.4 суретте көрсетілген.
Ток өткізгіш өзек 1-16 мм2 дейін немесе бірнеше сымдардан тұратын, мыстан немесе алюминийден жасалады. Өзек саны бойынша кабельдерді келесідей бөледі:

  • Бір өзекті. Кернеуі 110 кВ не одан жоғары кернеудегі айнымалы токта және тұрақты токта қолданады;

  • Екі өзекті. Тұрақты токта қолданады;

  • Үшөзекті . Кернеуі 35 кВ дейінгі айнымалы токта қолданылады;


  • төрт өзекті (үш өзек және нөлдік сым). Кернеуі 1000В дейінгі айнымалы токта қолданылады.



Фазалық оқшаулауыш өзектерді бір бірінен оқшаулауға арналған. Арнайы электрлік беріктілікті ұлғайтатын техникалық қағаздан жасайды.
Белдік оқшаулауыш өзектер арасындағы және кез келген фаза мен жер арасындағы біркелкі электрлік берілісті қамтамасыз етеді. Бұл маңызды оқшауланған нөлдік сымы бар желіде, тұйықталу кезінде фазалардың біреуі жерге және басқа екі фаза жерге қарағанда сызықты кернеуде болғандықтан бұл маңызды.
Қабықша оқшаулауышты герметезациялау үшін және оны ылғалдан, ауадан, химиялық заттардан, жылудың әсерінен оқшаулауыштың ескіруінен және жарықтан сақтайды. Алюминий, қорғасын және полиэтиленді материалардан жасалады.
Сауыт (броня) қабықшаны қазулар, грунттардың сырғуы кезіндегі механикалық зақымданудан қорғайды. Болатты ленталардан және сымдардан жасайды.

Сыртқы жамылғы сауытты коррозиядан қорғайды.


Кернеу өскен кезде оқшаулауыш қабатын ұлғайту керек. Бұл тиімсіз. Сондықтан 35 кВ және одан жоғары кернеуде кабельдер қорғасындалған жеке және экрандалған өзектермен жасалады.
Байламды қаныққан кабельдердің маңызды кемшілігі бар:жүктеме тогын ажыратқан кейін, яғни суығанда кабельде газдық қосылу байқалады. Бұл кабельді массаның сызықты кеңею коэффициенті оқшаулауыш қағаздың сызықты кеңею коэффициентінен едәуір жоғары болуымен байланысты. Газды қосылудың диэлектрлік беріктілігі қағазға қарағанда бірнеше есе кіші. Электр өрісінің кернеулігінің ұлғаюы оқшаулауыштың бұзылуына әкеп соғады. Мұндай жағдайдан құтылу үшін 10 – 110 кВ кернеуде газтолтырылған кабельдер қолданылады. Бұл қорғасындалған кабельдер болып табылады.
Фазалық оқшаулауыш біріге қаныққан қағаздан жасалады. Кабель инертті газдың (азот) шағын асқын қысымында (0,1 – 0,3 МПа) болады. Бұл қағаздың оқшаулауыш қасиетін ұлғайды. Қысым тұрақтылығы газдың үзіліссіз қанығуымен қамтамасыз етеді.
110 – 500 кВ кернеуде май толтырылған кабельдер қолданылады.
Кабельдер, олардың конструкциясын сипаттайтын элементтің бастапқы әріпімен маркіленеді:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет