А деңгейдің тапсырмалары: - буынға бөлу, буын түрлерін анықтау;
- сандарды сөзбен жазу;
- дыбыстық талдау жасау;
- жіктеу, тәуелдеу, септеу;
- аудару;
- керекті жұрнақ, жалғауды жалғау;
- көп нүктенің орнына әріп (сөз) қою;
- артық сө табу, сәйкесін табу, т.б
осындай жұмыстардың түрлерін ұсынып отырмын.
В - талдау, жинақтау
В деңгейдің тапсырмалары: - ашық, тұйық, бітеу буынды сөздерді теріп жазу;
- берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазу;
- антоним, синоним, омоним келтіру;
- сөз құрамына талдау;
- сөз тіркестерін құрастыр;
- шашылған сөздерден сөйлем құрастыр;
- берілген сөйлемге сұрақ құрастыр, т.б.
С деңгейдің тапсырмалары: С – зерттеу және сыни тұрғыдан ойлау. Өзінің көзқарасын жеткізе білу, ой тұжырымдауы.
- далог құрастыру, жалғастыру;
- берілген тақырып бойынша сұрақтар құрастыру;
- мәтін бойынша диалог құрастыру;
- берілген тақырып бойынша диалог құрастыру;
- өз ойын жазу;
- берілген тақырыпқа өлең жазу;
- берілген сөзге синквейін құрастыру,т.б.
Диктантқа арнайы, лексико-грамматикалық тапсырмаларға арнайы критерий мен дескрипторлар берілді. Ұпайларды бағаға айналдыру Назарбаев Зияткерлік мектебінің бағалау шкаласынан алынды. Осы шкала бойынша оқушы тапсырманы 55% немесе одан төмен орындаса, «2» деген баға алады. Біздің гимназиямызда талаптарға сай барлық бақылау жұмыстары дескриптор мен критерий арқылы бағаланады. Жоғарыда айтылғандай бақылау жұмысында суммативті баға қойылады. Мұғалім де, оқушы да не үшін «5», не үшін «4», не үшін «3» алғанын және қандай критерий бойынша бағаланғанын біліп тұруы керек. Тіпті бағалау критерийлерімен ата-ана да таныс болуы керек. Сонда бағалау әділ болады да, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы да артады.
Жаңашылдығы мен өзектілігі: дескриптор және критерий арқылы бағалау
Мақсаты:
фонетика, лексика, морфология мәселелерін үйретуде сауаттылықты арттырумен, тілді дамытуы;
өткен материалдарды қайталап, одан алған білімдерін, сауаттылықтарын бақылауы;
- диктанттар жинағының сауаттылықты тексерудің өлшемі ғана емес, танымдық сипатының да молдылығы ескеріліп алынған материалдарға жаңаша қарауға ерекше мән берілуі;
- мәтіндерді іріктеуде тіл үйренушілердің сауаттылық деңгейін, танымдық, логикалық ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын қалыптастыруы;
- диктант мәтіндері белгілі бір орфографиялық немесе тыныс белгілеріне тән ережелермен шектеліп қана қоймай, бірте-бірте қиындатылып,
күрделендірілуі.
Міндеті: