3 І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері


ІІ тарау. Желотқсан оқиғасының тарихтағы орны



бет7/10
Дата07.04.2022
өлшемі125 Kb.
#30198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Желтоксан тарихтагы орны

ІІ тарау. Желотқсан оқиғасының тарихтағы орны

2.1. Желтоқсан қозғалысы және оның жұмысы

Желтоқсандағы жастар толқуының маңызы зор.Ол қазақ халқының ұлттық сана сезімінің өзгенің үстемдігіне қарсы шығуымен отарлау құрсауына наразылығы. 1986 ж желтоқсан көтерілісіінң негізін қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының тарихынан іздегеніміз абзал. Қазақ халқының ұлт азаттық (қозғалысының тарихынан) санасын кеңес дәуірінде оятқан Бекмахановтың өткен ғасырдың ХХ ғасырдың 30-40 жылдардағы Қазақстандағы кенасары басқарған он жылдық көтерілісі туралы жазылған монографиясы. Он жыл ұлт азаттық соғысын халық жадына қайтарды. Орыс патшасының отарлау саясатын он жыл тоқтатты. Шекарамызды қанымен сызды. Ал Бекмахановтың қаһармандығын жалғастырған Есенберлин әсіресе «Қаһарлы елдің еңсесін серпілтті» бекмаханов пен Есенберлинге қазақ мемлекеті Ақмолада орыстардың Ленин мен қойғанындай етіп ескерткіш орнатуға тиіс деп есептеймін. Бекмаханов пен есенберлиннің батылдығын жалғастырған Жұбан Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» дастаны дер едім.

Біз өз ұлтымызды атаудан қалып бара жатқан халық едік қой. Жұбан жүрегі ғана алғаш барған сөз, бұл Олжастың «Аз және Я сы Қадырдың «ой арманы» «Жер ұйығы» сияқты отаншыл шығармалар жазу нағыз қаһарман атаншылдардың ғана қолынан келеді. Ақселеу Сейдімбековтің «күмбірлеген күмбездер» Мұхтар Мағауиннің тарихи шығармалары халық тарихын, рухани күшін сезінуге көмектесті. Олар желтоқсан көтерілісін рухани даярлаушылар қатарынан. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының комиссиясы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға түпкілікті баға бере келіп, желтоқсанның 17-сін Демократиялық жаңару күні деп жариялауды ұсынған еді. Бұл ұсыныс Жоғарғы Совет президиумының, Қазақ ССР Президентінің және жергілікті өкімет орындарының тарапынан қолдау тапты. Желтоқсанның 17-жұлдызы Демократиялық Жаңарудың қалалық күні деп жарияланды. Алайда балаң демократия сол желтоқсан күндері әлі буыны қатпағандығын, әлжуаздығын байқатып алған еді. Осы ретте Брежнев атындағы алаңда өрбіген сол оқиғадан бір апта бұрын ғана көшені демократияның үлгісі Парижде көрсетілгені еске түседі. Онда әлденеше күндерге созылған студенттер ереуілі, ақыр соңында үкіметтің жастар қойған талап-тілектерге құлақ асып, ортақ пәтуааға үйлесетін келісімге келуімен аяқталған болатын. Желтоқсан оқиғасының туу себебі мен оған оңды солды баға беру де әуелден шиеленісе тістесіп қалған сол өктем саясаттың салқыны еді. Ал Мәскеу басылымдары болса, ол оқиғаны қаузауда ескі дағдының, ескі ойлаудың белсенді қолдаушысы міндетін «мүлтіксіз» атқарды8.

Желтоқсан көтерілісі кезінде халықты жаппай жазалауға бұйрық берген үкімет орындарының кінәсінен соққыға жығылып жарақаттанған, қаза болған, жаламен сотталған азаматтардың жағдайы, қуғын сүргінге кінәлі шенеуніктердің жауапқа тартылуы туралы айтылған сәтте кейбір лауазым қызметкерлер «ол кездері әскерлер мен милиция қызметкерлерінен де бәлен адам жарақаттанып, халық жасақшысы Совицкий де қазаға ұшыраған оларға да жағдай жасау керек» -деген сөзді үнемі көлденең тартып халық намысы үшін жәбір жапа шеккендер мен үкіметтің антиконституциялық бұйрықтарын орындап халыққа әңгіртаяқ ойнатқан жендеттерді бір қатарға қоюға тырысып келеді9.

Жігіттерден гөрі өздеріне қауіпсіздеу болғандықтан, қыздарды ұстауға ұмтылған, ұрып жыққан соң көк мұзға жатқызып, бала таппасын деп, жанды жерінен тепкілеген жендеттерді «тәртіп сақтаушы қызметкерлер» «халық жасақшылары» деп атауға «оларға да жағдай жасау керек» деуге ауыздарының қалай баратынын түсінбеймін. Егер мұндай «саясат» ұстансаң, 30-жылдарда «халық жауы» деген жаламен атылған Жүсіпбек, Мағжандарды да олардың түбіне жеткен соң көп ұзамай өздері қазған орға түсіп бастарын жұтқан Ягада, Ежов, Голощекиндерді де «қуғын сүргін құрбандары» деп бірдей аяп, қастерлеп, ескерткіш орнатуымыз керек пе? Құрбан болған қайдан гөрі оны жеймін деп тісін сындырған қасқырға аяушылық ету үкіметтің идеологиясының әлі де тоталитарлық саясаттан арылмағандығын көрсетпей ме? Қазір Желтоқсан оқиғасы жөнінде әртүрлі мақалалар, естеліктер, кітаптар, жарық көріп, деректі фильмдер көптеп көрсетіле бастады. Көмескі жағы әлі айқын ашыла қоймаған сәуле түсірумен қатар бұл дүниелердегі барлығы да тарихымыз үшін аса қажетті бірін-бірі толықтырамын, құндылығымен де жүргізілген ұлт азаттық қозғалысының нүктесін қойған әрі Европадағы және бүкіл дүние жүзіндегі демократиялық жаңа өзгерістердің көш бастаушысы болған қазақ жастарының осынау іс-қимылының шеңберін тарылтқысы келетін, мәнін маңызын төмендеткісі келетіндер арамыздан бой көрсетіп қалып жүр1. Әсіресе шовинистік астамшылықтың шылығынан әлі арылмаған мәскеулік газеттердің үніне құлақ қойсаңыз, сол баяғы әуенінен жаңылмағанын аңғарасыз жаткерліктердің ойынша «Желтоқсан оқиғасы –аз ғана ұлтшылдардың ісі» тарихтан өзі десе де ақиқат бәрібір жеңбей қоймайды, тарихтан әділ бағасын алған желтоқсан дауылының құдіретін бүкіл әлем мойындады. Сондықтан да оның әрбір сәттерін, минутын сүзгіден өткізіп, шындықтың болған жағдаяттарын көрсету-бәріміздің парызымыз. Ежелгі қазақ жерінде жас тәуелсіз мемлекеттің өмір сүріп, жұмыс істеп жатқанына да міне біраз жылдың жүзі болды. Талай ұрпақтың ғасырлар бойы аңсап келген арманы жүзеге асып ол бүгінде біздің игілігімізге айналды. Бүгінде Егемен Қазақстанды дүние жүзі танып отыр. Өркениетті елге тән демократиялық Конституциямыз, ұлттық валютамыз, өз қарулы күштеріміз яғни тәуелсіз мемлекетке керек қажеттілердің бәрі бар.

Біздің жер қойнауымыздың байлығы жастарымыздың білімділігі мен саналығы және ең бастысы ұлт-аралық татулық пен халықтың елдің бірлігі, ұстамдылығы соның кепілі. Осы орайда Ел ағасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында нақты жағдайға талдау жасау қолда бар мүмкіндіктерімізді саралай отырып ХХІ ғасырдағы Қазақстанның қандай болатындығы жайында өз болжамын жасады. Ендігі жолдауда көрсетілген міндеттерді іс жүзінде асыру біздің қолымызда. Демек тәуелсіздік өзінен-өзі келіп бақыт құсындай қолымызға қона кетті деген ойдан аулақ болуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет