3 Желілік модельдеу арқылы жұиыс қуатын есептеу



бет10/12
Дата05.12.2022
өлшемі71,31 Kb.
#54951
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
курс жұм. жансая апай

6.АТМ техналогиясы
Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.
Хабар жалғау. Дерек көлемі және жеткізу уакыты шектелмейді, сондыктан жолданатын дерек әрбір жалғау жүйесінде уакытша сақталады. Жолданатын ха-бардың басында қабылдаушы құрылғының мекенжайы және желімен тарату ба-ғыты көрсетіледі, соңында бұрмаланудан қорғайтын блокпен қамтмасыз етіледі. Қабылданған хабарда қателер кезіксе, қабылдаушы оны қайталап беруді талап етеді. Бұл әдіспен байланыс жолы тиімді пайдаланады.
Десте жалғау. Десте дегеніміз өлшемі бірнеше байттан жүздеген килобайтка дейін болатын деректің пайдаланушыға бөлінбей жеткізілетін бөлігі. Таратылатын хабар жалғау жүйесінде қысқа дестелерге бөлінеді, әрбір дестеде мекен-жайы және реттік саны (нөмірі) керсетіледі, жалғаушы жүйе босаған арнамен бағыттаушы кестесін пайдаланып тиісті торапка бағыттайды, кабылдаушы нүктеде дестелер реттік санымен пайдаланушынын құрылғысына беріледі.
Десте жалғаушы (коммутациялаушы) желілерде дерек дестесін жолдаудың екі түрлі механизмі колданылады - дейтаграммалық және виртуалды арналармен жолдау.
Дейтаграмма жалғыз дестеден түратын дерек. Дейтаграмманың ерекшелігі алдын - ала жалғауды кажет етпейді. Торапқа келіп түскен дейтаграмманы енді кай торапқа жіберу керектігін дестенің басында керсетілген мекен-жайына байланысты әр торап өзіндегі бағыттау кесте бойынша шешеді және бір-біріне байланыссыз таратылып, жеке-жеке өңделеді.
Дейтаграмма әдісі график өндеуде қолайлы болғанымен, көлемді желілерде
дестенін басында корсетілген толық мекенжайы бойынша дестені бір тораптан
екінші торапка жолдауда шешім кабылдау үшін өте үлкен бағыттаушы кестесі
және десте басында ұзын мекен-жай аймағын пайдалануды кажет ететіндіктен
дестенің желідегі жылдамдығы айтарлықтай төмендейеді.
Виртуалды арна механизмі, жолдауға дайын дерек бар болса, онда оны жолдаушы мен кабылдаушыны тікелей косып желіде байланыс жолын құрады. Басқаша айтқанда виртуалды арна дерек тарату кезінде ғана құрылады:
Виртуалды арналар жалғанатын (коммутацияланатын) және тұракты (жалғанбайтын - коммутацияланбайтын) болып екіге бөлінеді.
Жалғанатын виртуалдық арнамен дерек жолдауға сұраныс келгенде желінін
жалғаушы жүйелері өздігінен (автоматты түрде) десте жолдау күйіне келтіреді.
Тұрақты виртуалды арнаны желі әкімшілігі желінін орталықтандырылғаи басқару жүйесін қолданып немесе колмен желінің жалғау жүйелерін алдын - ала күйіне келтіріп үйымдастырады.
Сонымен, дестеленген деректі дейтаграмма, жалғанатын және тұрақты виртуалды арна әдістерімен жолдауға болады.
Дейтаграмма әдісі алдын - ала жалғауды қажет етпейтіндіктен жолданатын дейтаграммалардың кешеулдеуі аз болады. Бұл әдіс кысқа дейтаграммаларды, әсіресе, дейтаграмманың жолдау уакыты мен жалғау уақыты өлшемдес болған жағдайда өте тиімді.
Жалғанатын виртулды арнамен (SVC тәртібі) десте жолдау алдын - ала жалғауды талап ететіндіктен, дестенің виртуалды арнамен таралу уақытына косымша жалғау уақыты қосылып дестенің кешеуілдеу уақытын ұлғайтады. Бұл қосымша кешеуілдеу, әсіресе, қысқа дестелердің жолдау уақыты мен виртуалды арна құру уакыты өлшемдес болған жағдайда тиімсіз.
Дейтаграммалық әдіс желідегі өзгерістерге жылдам бейімделеді. Жалғанатын виртулды арнаның (SVC тәртібі) жалғаушы қүрылғысы немесе виртуалды арна-ның бағытталған бөлігі Бұлінген жағдайда виртуалды арнаны Бұлінген бөлігінен басқа бағытпен қайтадан құруды қажет етеді.
Бұл екі әдісті салыстра келіп түйіндейтініміз, көлемді дестелер ағынын вир-туалды арнамен жылдам таратылатындыктан оны құруға кеткен уақыттың орны толтырылып (SVC тәртібі) айтарлықтай тиімді екенін көрсетеді.
Тұрақты виртуалды арна өдісін (РVС тәртібі) пайдалануды карастырсақ, бұл әдіс дерек дестесін тарату үшін виртуалды арна құруды қажет етпейді, бірак виртуалды арналарды алғаш үйымдастыруда жұмыстың басым көпшілігі қолмен істелетіндіктен желіні кеңейту (масштабируемость) оңайға соқпайды. Аякқы тораптарының саны N болатын желінін топологиясын толық байланысты етіп ұйымдастыру үшін N(N-0/2) арна қажет. Жалпы, РVС негізінде үлкен желілер құрудағы жүмыстың көлемі квадраттық функция заңдылыгымен өседі. Ал осындай желіні дейтаграммалық протоколдарды қолдансақ, ІР - протоколына ұқсас, желінің құрделілігі N - ге пропорционал болады.
Виртуалды арнамен таратылатын дерек өлшемін (үлесін) желі технологиясына байланысты әртүрлі атау пайдаланады. Х.25 желісінде - десте, Frame Relay желісінде - кадр, АТМ - желісінде ұяшық (ячейка), ал Бұлардың бір-бірінен айтарлықтай ешқандай айырмашылығы жок.
Виртуалды арна әдісін (механизімін) пайдаланып дерек тарататын технологиялары әртүрлі желілер сапалы қызмет керсетудің QoS (Quality of Service) параметрін әртүрлі жолмен шешеді. Мысалы Х.25 желісінде бұл параметр мүлдем ескерілмейді, себебі виртулды арналар тек бағыттаушы кестелерімен сипатталады Frame Relay технологиясында виртуалды арнаның өткізу қасиетіне талап коюға болады, ал АТМ технологиясында виртуалды арнанын вткізу мүмкіншілігіне қойылатын талапқа косымша, QoS талаптарының, дестелердің кешеуілдеуі және жоғалған дестелердін пайызы сыяқтылары ескеріледі.
Виртуадды арналарды пайдаланатын желілер пайдаланушылардың акпаратпен алмасуын камтамасыз ету үшін арнайы дестелер пайдаланады.
Дестелерді желінің бір торабынан екінші торабына жолдау үшін дестенін басында арнайы белгілер оналастырылады. Дестедегі мұндай белгі әр технологияда әртүрлі аталады. Мысалы: Х.25 желісіндс логикалык арна нөмірі, Frame Relay технологиясында дерек арнасын косудын аныктаушысы, АТМ гсхнологиясында виртуалды арнаны аныктаушы (идентификаторы). Бұл белгілердің атаулары әртүрлі болғанымен атқаратын міндеттері бірдей: аралык торап, бұл технологияларда жалғаушы (коммутатор) деп -аталатын құрылғы, келіп түскен дестенің басқы белгісінің мағынасын окыйды сонан кейін өзінін жалғаушы кестесін пайдаланып келген дестені кай шығыс портына жіберу керек екенін анықтайды.
Дейтаграмма әдісі шоғырланған есептеуші желілерде (ШЕЖ) (ЛВС) және ІР желілерінде қолданылады. Виртуалды арналарды Х.25, Frame Relay және АТМ желілері колданады. Жалғанатын виртуалды арналарды құру арнайы әр типті және форматты дестелерді пайдаланатын қызметтік протоколдармен іске асырылады. Мұндай протокол АТМ желісінде - Q.2931, Frame Relay желісінде -Q.931, Х.25 жслісінде виртуалды арна кұру кызмет тәртібін ұйымдастырушы негічгі протоколдарының бірі болып табылады, сондықтан арнайы аталмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет