«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Жерге орналастыру кафедрасы
Лабораториялық жұмыс № 1
Тақырыбы : Жыртылған жер территориясын реттестіру
Орындаған : 20-01 студенті Нұрғалиева А.Б
Тексерген : аға оқытушыКенжегузиноваД.К.
Астана 2023
3 Жыртылған жер территориясын реттестіру Ауыспалыегістердіұйымдастыружәнеолардыңтерриториясынреттестіру
Жыртылған жер территориясын реттестіру ауыспалы егістерді ұйымдастыру мен олардың территориясын реттестіру жұмыстарынан тұрады. Ауыспалы егістіктерді ұйымдастыру бірқатар өзара байланысты және кешенді түрде қарастырылатын жобалық міндеттерді қамтиды.
Ауыспалы егістерді ұйымдастыру олардың типін, түрін, санын, ауданын, дақылдардың кезектелу схемасын анықтауды және ауыспалы егістерді территорияда орналастыруды қамтиды.
Ауыспалы егіс – бұл кеңістікте және уақыт аралығында ауылшаруашылық дақылдардың белгілі бір территориядағы алмасуы. Ол танаптардан тұрады. Ауыспалы егістердің танаптары а.ш.дақылдарын өсіріп, өндіру және агротехникалық механикаландырылған жұмыстарды орындау үшін арналған ауыспалы егіс массивінің тең ауданды бөліктері. Кейде танаптар жұмысшы учаскелерге бөлінеді. Танаптар мен жұмысшы учаскелердің межелері бойынша алқаптық жолдар жүргізіледі (3-сурет).