№1 аралық бақылау ауызша түрде өтеді. Билетте 3 сұрақ, 4 ситуациялық есеп немесе тамырлардың, нервтердің проекциясы бойынша чек лист болады.
3 Курс Аралык бакылау №1 Бас. 1. Топографиялық анатомия туралы жалпы сұрақтары. Сыртқы бағдарлар. Ішкі мүшелердің орналасуы. Голотопиясы, синтопиясы, скелетотопиясы.
2. Маңдай-төбе-шүйде аймағы. Шекаралары,қабаттары, қан тамырлары, нервтері. Шел кеңістіктері.
3. Самай аймағы. Қабаттары, қантамырлары, нервтері. Шел кеңістіктері,олардың көршілесаймақтардағы шел кеңістіктерімен байланысы. Бас миының топографиясы (Кренлейнсхемасы).
4. Бас сүйегінің негізі, ми қабықтары, веноздық синустары.
5. Бет аймағы, шекаралары. Бүйірлі жұтқыншақ маңы кеңістігі.
6. Шықшыт – шайнау аймағы. Шықшыт (құлақ маңы безі), оның өзегі, аймақтың қантамырлары мен нервтері.
7. Емізіктәрізді өсінді аймағы. Шипо үшбұрышы. Дабыл қуысының қабырғалары, олардың клиникалық маңызы.
8. Ұрт аймағы, шекаралары, қабаттары, тамырлы-нерв құрылымдары.Ұрттың майлы түйіршігінің (Биш түйірі)топографиясы, бет аймағының қабынуларының таралуындағы маңызы.
9. Тіл, бұлшық еттері, қандануы мен иннервациясы. Ауыз қуысы түбінің шел кеңістіктері
10. Беттің тереңгі аймағы. Самай-қанат тәрізді шел кеңістігі. Қанат аралық шел кеңістігі.
11. Жоғарғы жақ артериясының топографиялық анатомиясы. Қанат тәрізді веноздық өрімі, бұл өрімнің бет аймағындағы веналармен және мидың қатты қабығының синустарымен байланысы.
12. Бет венасының анастомоздары, бас сүйек ішіне бет аймағынан ірің үрдістердің таралу жолдары.
Мойын. 13. Мойынның топографиялық анатомиясы. Мойынның шекаралары, сыртқы бағдарлары, аймақтарға бөлінуі. Мойын үшбұрыштары, шандырлары және шандыраралық шел кеңістіктері.
14. Жақ асты үшбұрышы. Қабаттары, тамырлары, лимфа түйіндері. Жақ асты сілекей безі, оның түтігі. Тіл (Пирогов)үшбұрышы.
15. Ұйқы үшбұрышы, шекаралары, қабаттары және оның клиникалық маңызы. Жалпы ұйқы артериясы, оның бифуркациясы. Сыртқы ұйқыартериясы және оның тармақтары
16. Мойынның шаңдырлары, олардың клиникалықмаңызы. Мойынның шел кеңістіктері: тұйық (қатыспайтын) және және тұйық емес (қатысатын).
17. Төс- бұғана- емізік аймағы. Сатылы-омыртқалы үшбұрыш.Симпатикалық сабаудың, бұғана асты артериясының, оның мойындағы тармақтарының топографиялық анатомиясы
18. Сатылы бұлшықет алды, сатылы бұлшықет аралықтарының топографиялық анатомиясы, бұғана асты артериясы, венасы, иық өрімінің сабаулары, мойындырық венозды бұрышы, кеуде түтігі, диафрагмалды нерв.
19. Мойын ағзаларының топографиясы (қалқанша және қалқанша маңы бездері, көмей, кеңірдек, жұтқыншақ және өңештің мойын бөлігі).
КЕУДЕ. 20. Кеуде, оның қабырғалары. Қабырға аралық кеңістіктердің топографиясы. Сүт безінің топографиялық анатомиясы, оның қанмен қамтамасызетілуі, лимфа ағымы.
21. Диафрагма, бөліктері, бел-қабырғалық және төс-қабырғалық үшбұрыштары. Диафрагма тесіктері. Қанмен қамтамасыз етілуі мен иннервациясы.
22. Кеуде қуысы. Өкпе қабы (плевра) мен өкпенің топографиялық анатомиясы, плевральды қуысы, оның кеуде қабырғасындағы проекциясы, плевралық синустар (қойнаулары).
23. Өкпе сегменттерінің анатомиялық-топографиялық құрылысы.
24. Жоғарғы көкірекаралықтың топографиялық анатомиясы (иық-бас сабауы, жоғарғы қуыс венасы, диафрагмалық нерв, қолқа доғасы, кеңірдектің және өңештің кеуде бөліктері, кеуде түтігі, кезбе нерв).
25. Алдыңғы және артқы көкірекаралықтың топографиялық анатомиясы (жүректің, ірі тамырлармен өңештің кеуде бөлігінің топографиясы). Перикардтың фиброзды және серозды қабықтары, перикард қойнаулары.
26. Артқы көкірекаралықтың топографиялық анатомиясы (өңештің кеуде бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналары, кеуде түтігі, нервтер).
27. Көкірек аралықтың шандырлы шел кеңістіктері.
Қол. 28. Бұғана асты аймағы. Шекаралары. Сыртқы бағдарлары. Қабаттары, шандырлары және шел кеңістіктері.Тамырлы-нерв құрылымдары.
29. Дельта тәрізді аймақ. Шекаралары. Сыртқы бағдарлары. Қабаттары. Дельта асты шел кеңістігі. Тамырлары, нервтері. Синовиальды қалталары.
30. Иық буыны. Йық буынының қалталары. Буындық капшықтың осал жерлері.
31. Жауырын аймағы. Шекаралары. Сыртқы бағдарлары. Қабаттары. Қылқан үстілік және қылқан астылық шұңқырлардың сүйекті шандырлы орындары. Тамырлары мен нервтері.
32. Қолтық асты аймағы. Шекаралары, сыртқы бағдарлары. Қолтық артериясының терідегі проекциясы. Қолтық шұңқыры қабырғалары. Үшжақты және төртжақты тесіктер және олардан өтетін құрылымдар. Қолтық асты шұңқыры шел кеңістігінің дельта тәрізді, жауырын, бұғана үсті және бұғана асты аймақтарындағы шел кеңістіктерімен байланысы.
33. Қолтық асты артерияның үшбұрыштардағы топографиясы, қолтық астыартериясы, венасы және иық өрімінің синтопиясы.
34. Иықтың алдыңғы аймағы, қабаттары, шандырлы орны және оның құрамы. Иықтың алдыңғы аймағының тамырлы-нерв құрылымдарының топографиясы. Иық артериясының проекциясы.
35. Иықтың артқы аймағы: қабаттары, шандырлы орны және оның құрамы. Тамырлы-нерв құрылымдары. Иық-бұлшықет өзегі.
36. Шынтақтың алдыңғы тегіс аймағы: Беткей және тереңгі тамырлы нерв құрылымдарының, лимфа түйіндерінің топографиясы.
37. Шынтақтың артқы тегіс аймағы: қабаттары, шынтақтың синовиальды сөмкесі. Тамырлы-нерв құрылымдары. Шынтақ буыны, буын қапшығы, оны осал жерлері.
38. Білектің алдыңғы аймағы. Алдыңғы шандырлы орны, бұлшықет қабаттары. Тамырлы-нерв құрылымдарының топографиясы. Пирогов – Парон кеңістігі, оның көршілес аймақтардағы шел кеңістіктерімен байланысы.
39. Білектің артқы аймағы. Артқы және бүйірлік шандырлы орындары, бұлшықет қабаттары. Тамырлы-нерв құрылымдары.
40. Қол ұшы. Шекаралары. Аймақтары. Сыртқы бағдарлары. Білезіктің алдыңғы аймағы. Қабаттары, сүйекті-фиброзды өзектері, саусақтардың бүккіштер сіңірлерінің синовиальды қынаптары, олардың құрылысы және қол ұшының қабыну үрдістерінің таралуындағы маңызы. Тамырлы-нерв құрылымдары.
41. Қолұшы. Шекаралары. Аймақтары. Сыртқы бағдарлары. Білезіктің артқы аймағы. Қабаттары, өзектері және олардың құрамы. Кәріжілік –білезік буыны.
42. Қол ұшының алақандық беті. Терісінің, теріастындағы майшелінің, алақана поневрозының құрылыс ерекшеліктері. Алақанның шандырлы орындары. Беткей және терең артериялдық доғалардың, ортаңғы және шынтақ нервтері тармақтарының проекциясы.
43. Алақанның шел кеңістіктері және олардың көршілес аймақтардағы шел кеңістіктерімен байланысы. Қол ұшының алақандық бетінің терісі мен бұлшық еттерінің иннервациясы.
44. Қол ұшының артқы беті. Терілік иннервациясының аймақтары. Қабаттары. Саусақтың артқы бетінің сіңірлері. Қолдың артқы бетінің тамырлы-нерв құрылымдары.
45. Ортаңғы, кәріжілік және шынтақ нервтерінің топографиялық анатомиясы, олардың зақымдануының клиникалық көріністері.