3-қосымша № БҰйрық 20 ж. «Өрт кезінде эвакуациялау бойынша жаттығуға дайындық және өткізу туралы»



Дата28.11.2023
өлшемі23,37 Kb.
#131028
Байланысты:
3-Ò osymsha


3-қосымша
__ БҰЙРЫҚ

20___ ж. «___» _______




«Өрт кезінде эвакуациялау бойынша
жаттығуға дайындық және өткізу туралы»

Әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде оқушылар мен БҰ жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында




БҰЙЫРАМЫН:
1. Өрт және өзге төтенше жағдайлар туындаған кезде қарастырылған іс-қимыл бойынша оқушылармен, оқытушылармен, сынып жетекшілерімен және БҰ техникалық жұмыскерлерімен бірге оқулар мен жаттығулар өткізуді.
2. Жаттығу жетекшісі болып __________________ тағайындалсын.
(Т. А. Ә.)
3. Жаттығуға дайындық және өткізу штабының басшысы болып ____________________________
(Т. А. Ә.)
тағайындалсын.
4. Өрт шыққан жағдайда жаттығу штабының басшысы 20__ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде практикалық іс-қимыл бойынша оқулар мен жаттығуларға дайындық және өткізу бойынша құжаттарды бекітуге ұсынсын.
5. Өрт шыққан жағдайда жаттығу штабының басшысы 20__ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде педагогтармен олардың іс-қимылы бойынша оқулар өткізуге қажетті материалдарды дайындасын.
6. Директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары _________________________________ 20__ жылғы «__» ________ дейінгі мерзімде БҰ техникалық
(Т. А. Ә.)
персоналымен олардың іс-қимылы бойынша қосымша нұсқаулық өткізсін.
7. Жаттығуға дайындық және өткізу кезеңінде оқушылармен қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша әңгімелесулер өткізу үшін жауаптылық сынып жетекшілеріне жүктелсін.
8. Жаттығуға қатысушылар балалар арасында жарақат алуға және мүлікті зақымдауға жол бермеу бойынша маңызды шаралар қабылдасын.
9. Жаттығуға дайындық пен өткізуге жетекшілік етуді, сондай-ақ осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Директор _______________ / _____________________________
(қолы) (Т. А. Ә.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет