3 практикалық сабақ. Химиядан мектеп оқулықтарын талдау: құрылымы,қызметі. Мақсаты



бет2/4
Дата19.05.2022
өлшемі62,5 Kb.
#35015
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
практикалық сабақ №3 (3)

Өткізу формасы: Студенттердің өздік жұмысы, хабарлама даярла.әңгімелесу пікір – талас.
Бағалау критерийлері:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жазылған оқулықтарға түсініктеме береді.
2. Мектептің химия оқулығының мазмұнына талдау жасай алады
3. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнының спиралді қағидатпен берілуін талдайды.
4 Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қойылатын талаптарды біледі.
5. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістемесін айтып береді.
7. Оқулықтардағы шартты белгілерді дәптеріне жазып алады.
8. Пән бойынша әдістемелік және ғылыми-популярлық әдебиеттер тізімін жасайды.
Қосымша әдебиеттер 8-11
Қазақстан Республикасы өзінің жалпы білім беретін жүйесіне арналған Мемлекеттік білім стандартының алғашқы нұсқасын 1998 жылдан бастап іске асыруға кірісті. Осы стандартқа сәйкес жасалған бағдарламаның негізгі айырмашылығы мазмұнын үшке жіктелуі болады. Осы кезге дейінгі зат туралы біртұтас білім химия ғылымының негізі ретінде беріліп келген еді. Енді ол алғашқы стандартта “Зат”, “Химиялық реакциялар”, “Заттар мен химиялық реакцияларды адамның танып білуі және пайдалануы” деген бөліктерге жіктелді. Сондай-ақ, сол кездегі базистік оқу жоспарында химия пәнін оқытуға бөлінген сағат санының азаюына байланысты берілетін білім мазмұнының көлемі де ықшамдалды. Осылайша, химия оқулықтары мазмұнының даму бағыты және қазақ тіліндегі химия оқулықтарын жасау тұжырымдамасының талаптары тұрғысынан 8-9 сыныптарға арналған химия байқау оқулықтарының мазмұны анықталды.
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қазақстан білім берудің әлемдік аймағына тереңдеп енген сайын орта білім стандартын жетілдіру қажеттілігі арта түсті. Осыған байланысты 2002 жылы жаңа жалпы білім беру стандарттары жасалып, бекітілуіне орай 8-сыныпта берілетін білім мазмұны жетілдірілді, соған сәйкес өңделген 8-сынып “Химия” оқулығы балама оқулық ретінде республика мектептеріне ұсынылды.
8-сынып “Химия” оқулығының мазмұнында пәннің жалпы жүйесіне енгізілген маңызды ғылыми деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар берілді. Ал оқулық мазмұны ұстанымдардың таңдап алуда химиялық білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасына сүйенді.
Бұрынғы дәстүрлі аударма оқулықтарға қарағанда балама оқулықтың мазмұнында біршама өзгерістер болды, оны төмендегі 1-кестеден көруге болады. Солардың бірі қазіргі таңда ең қажеттісі ─ химиялық есептеулер арқылы оқушылар білімін бір жүйеге келтіріп, бекітетін “Химиядағы сандық қатынастар” атты тараудың берілуі. Бұл тарау қазіргі бірыңғай ұлттық және мемлекеттік аралық бақылау талаптарына сай есептеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
9-сыныптың оқулығындағы басты жаңалық ─ оған органикалық заттар жөнінде бөлім енгізілуі. Бұл бөлім стандарт талабына сәйкес таңдалды. Бұған дейін органикалық заттар жөнінде 9-сыныпта берілетін білім мазмұны, көлемі, реті жөнінде ешқандай зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулар болмаған. Сондықтан органикалық заттар жөніндегі білім мазмұны кейін жоғарғы сыныптарда немесе арнайы оқу орындарында білімді жлғастыруға мүмкіндік беретіндей мына мәселелерді қамтуы тиіс деген шешім қабылданды:
─ органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығы, көптүрлілігі және маңызы;
─ заттың құрамы → құрылысы → қасиеттері арасындағы тәуелділіктің органикалық заттарда айқын білінуі;
─ органикалық заттардың әр алуандығы, олардың ағзалар тіршілігіндегі зат алмасуға қатысатыны, күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, шаруашылықтың әр саласында кеңінен қолданылуы;
─ органикалық заттардың минерал заттардан түзілуі, ағзалар тіршілігін тоқтатқан соң минералдануы;
─ органикалық заттардың құрамының біртіндеп күрделіленуі және көмірсутектерге, оттекті органикалық қосылыстарға, азотты органикалық қосылыстарға жіктелуі.
Жаңа химиялық білім стандарты (2002ж.) бекітілгеннен кейін Қазақстанда жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында химияны оқытудың екі бағдарламасы түзілді (1-кесте). Бірі ─ профессор И. Нұғыманов жетекшілігімен 1999 жылы жасалған, дәстүрлі бағдарламадан өзгеше сызықтық құрылымды бағдарлама болса, екіншісі ─ сол кезеңде мектептерде қолданылып жүрген дәстүрлі бағдарламадан айырмасы жоқ, профессор Н. Нұрахметов жетекшілігімен 2001 жылы жасалған, концентрлі құрылымды бағдарлама еді. И. Нұғымановтың жетекшілігімен түзілген бағдарламаның жақсы жақтары көп болғанымен, қолайсыз тұстары да бар еді. Ең алдымен, ондаған жылдар бойы тұрақтанған дәстүрлі құрылымнан жаңа құрылымға ауысуға Қазақстан ұстаздары дайын емес еді, екіншіден сол кездегі сынақ өткізілетін тірек мектептеріне оқулықтар мен бағдарламалардың дұрыс жеткізілуі, сондықтан олар қай құжатты басшылыққа алу керектігін білмеуі, үшіншіден, бүкіл бейорганикалық заттар жөніндегі ұғымдарды жүйелейтін периодтық заң мен периодтық жүйенің 9-сыныпқа ауыстырылуы, төртіншіден, оқулық жазуға берілген уақыттың тапшылығынан жаңа бағдарламаға жаңа мазмұнын таңдау да қиындық туғызды, бесіншіден, біздің республикамызда әлі саралап, өз қалауынша таңдап оқытуға мүмкіндік беретін көп бағдарламалы жүйенің болмауынан Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі 2005 жылы профессор Н. Нұрахметов басшылығымен жасалған бағдарламаны негізгі деп бекітті. Осы шешімге сәйкес бұрынғы бағдарламамен жазылған 9-сынып “Химия” оқулығы (авторлары И. Нұғманов, Р. Жұмаділова, Ж. Кембебаева) күрделі өңдеуден өткізілді. Сондай-ақ, оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге қойылатын дидактикалық талаптар мен әдістемелік ұстанымдар қоғамның алға қойып отырған міндеттеріне сәйкес жетілдірілді.
Оқулық оқушылардың оқу үрдісінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін көздейтін құралдар категориясына жатады. Сондықтан қоғам дамуымен бірге оның жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеу үрдісіндегі қызметтері, мазмұны мен жалпы идеялық-танымдық бағыттарына қойылатын талаптары жүздеген жылдар бойы жетілдіріліп келеді.
Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты оқушылар меңгеруге тиісті білім көлемінің артуы және осы біліммен оларды мектептегі, тіпті жоғары оқу орнындағы оқу курсының шеңберінде қаруландыру мүмкіндігінің сәйкес келмеуі мектеп оқулығына өз таңбасын қалдыруда. Осыдан келіп, мектеп оқулығы үшін маңызы бар мынадай міндеттер туындайды: оқушылардың өз бетінше білім алуын, біліктерін, дағдыларын дамыту, оқу үрдісіне алған білімін бекіте отырып жетілдіру және оларды практикада қолдануға үйрету, яғни қазіргі оқулық ─ білім беру ортасының маңызды буыны. Білім беру ортасы оқу процесінде оқушылардың интеллектуалды-танымдық даму қажеттіліктеріне сәйкес сезімдік-құндылық, әлеуметтік-жеке және эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Оқулықтың ақпараттық қызметі мен меңгертуді ұйымдастыру аппаратының тиімді үйлесуі оқушыға танымдық және өз бетінше білім алу әрекеттерін құру құралдарын таңдауға мүмкіндіктер береді. Оқулық тек оқытып қана қоймайды, сонымен қатар меңгерген білімнің деңгейін тексереді, оқу үрдісін педагогикалық технологиялар негізінде құруға көмектеседі. Жүргізілген сараптаулар оқулық оқыту үрдісінің барлық сатыларында қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар оқулық оқытушы қызметін жартылай немесе толық алмастыра алады. Оқулықтың және оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны атқаратын қызметіне орай анықталады. Соған байланысты оқу-әдістемелік кешенде: а) пән мазмұны қандай ретпен; б) қандай түрде (материалдық, тілдік, немесе екеуімен де) берілетіндігін оны құрайтын элементтер мен олардың оқыту үрдісіндегі өзара байланысы нақтылайды. [3]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет