3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Титриметрия әдістерінің жіктелуі



бет21/42
Дата30.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#54006
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
3. Ñàíäû? òàëäàó ?ä³ñòåð³í³? æ³êòåëó³

2 Титриметрия әдістерінің жіктелуі.
Заттар анализі кезінде қолданылатын титрлеу әдістерін химиялық
реакциялар типі, титрант, титрлеу әдісі бойынша былай жіктейді:
Химиялық реакциялар типі мен титрант бойынша келесі әдістерді айырады:

  1. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдістері :



Қышқылдық-негіздік титрлеуде титранттың табиғаты бойынша алкалиметрия (титрант-негіз), ацидиметрия (титрант-қышқыл) әдістері деп айырады.
2) Тотығу-тотықсыздану (редоксиметрия) әдістері:
а) перманганатометрия; б) иодометрия; ж)иодатометрия
в) бихроматометрия; г)броматометрия; з)титанометрия
д) цериметрия; е) ванадатометрия; и)хромометрия
Бұл әдістер анықталатын зат пен титрант арасында жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларға негізделген және электрондардың тасымалдаумен байланысты.
3) Тұндыруәдістері:
а) аргентометрия; б) роданометрия; в) меркуриметрия.
Бұл әдістерде зерттелетін зат титрант пен нашар еритін қосылыс түзеді.
Мысалы, галогенид-иондарды Наl -ның стандартты ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтайды (аргентометрия):
, бұл жерде
немесе –ның стандартты ерітіндісімен титрлейді (меркуриметрия)

Hg2()2–ның стандартты ерітіндісімен титрлейді ( меркурометрия):

4) комплексонометрия әдісі: комплексонометрия.
Комплексометрия комплекс түзуреакциясынанегізделген:

Полидентатты органикалық реагенттер болып келетін комплексондарды қолдананатын титрлеу әдістерін комплексонометрия деп атайды. Титрант ретінде жиі этилендиаминтетрасірке қышқылын қолданады. Бұл қышқылдың анионын Y, ал қышқылды - деп белгілейді. Практикада суда жақсы еритін оның екі натрийлы тұзын қолданады. Бұл тұзды комплексон III немесе трилон Б деп, ал әдісті трилонометрия деп атайды.
Титриметриялық анализ әдістері көрсетілген жіктеу ішінде қолданылатын титранты бойынша бөлінеді, мысалы, ацидо- және алкалиметриялы, пермаганото-, бромато-, иодо-, иодато-, цери-, хромато-, ванадат-, аскорбинометриялы, арсенто-, меркури-, роданиметриялы, комлексонометриялы және т.б.
Титриметрияда титрлеу тәсілі бойынша
1)тура титрлеу
2) кері титрлеу
3) жанама (немесе орын басатын) әдістері деп бөледі.
Тура титрлеу кезінде анықтайтын компонеттің ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндімен титрлейді. Мысалы, тұз, азот, хлор, немесе күкірт қышқылдарының ерітінділерін натрий немесе калий гидроксидінің ерітіндісімен, темір (ІІ) сульфатының ерітіндісін церий (ІV) сульфатының немесе калий перманганатының ерітіндісімен, натрий хлоридінің ерітіндісін, күміс нитратының ерітіндсімен титрлейді және т.с.с.
Кері титрлеу. Тура титрлеу үшін сәйкес индикатор іріктеп алуға болмаған жағдайда немесе басқа да бір себептен тура реакция мүмкіндігі болмаса онда кері жолмен титрлейді. Мұндай жағдайда зерттелетін ерітіндіге концентрациясы белгілі, зерттелетін заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші зат ерітіндісінің артық мөлшерін қосады. Үшінші заттың қалған мөлшерін екінші стандартты ерітіндімен титрлейді.
Мысалы, тиоцианотометриялық әдіспен (тұндыру әдісі) галогендердің мөлшерін анықтаған кезде KSCN немесе NH4SCN стандарт ерітінділері галогенид-иондармен әрекеттеспейді, оны кері титрлеу әдісімен анықтайды. Мұнда галогенид тұзы ерітіндісінің белгілі көлеміне бюреткамен белгілеп, концентрациясы белгілі AgNO3 артық мөлшері құйылады. Күміс нитратының галогенид-иондарымен әрекеттесуден қалған мөлшері құйылады. Күміс нитратының галогенид-иондарымен әрекеттесуден қалған мөлшері NH4SCN ерітіндісімен титрленеді.
Жанама (орын басу) титрлеу. А затының орнына А1 затын титрлейді:





Калий перманганатын титрлеу үшін кез келген тотықсыздандырғыш (мысалы, натрий тиосульфаты Na2S2O3) келе бермейді, сондықтан калий перманганатын калий иодидімен әрекеттестіру жолымен бос иод І21) алынады, бөлініп шыққан иодты әрі қарай натрий тиосульфатымен титрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет