2.Тотығу тотықсыздану әдісінің индикаторлары. Кейбір жағдайларда, ред-окс әдістерінде эквиваленттік нүктені индикаторсыз анықтауға болады (титранттың түсі болса, мысалы, перманганометрияда). Редоксиметриядағы индикаторлар екі топқа бөлінеді:
1) титрленетін зат немесе титрантпен боялған қосылыстарды түзетін индикаторлар (мысалы, әртүрлі йодометриялық анықтау үшін крахмал йодқа индикатор ретінде қолданылады, ол йодпен көк түстің күрделі қосылысын түзеді; - ионы раданиді иондармен қызыл түсті қосылыс түзеді және т.б.) сол сияқты заттар.
2) Іс жүзінде тотығу-тотықсыздану немесе ред-окс индикаторлары жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалына байланысты түсін өзгертетін индикаторлар.
Көп жағдайда тотығу индикаторлары органикалық заттар болып табылады. Тотқтырғыштың немесе тотықсыздандырғыштың әсерінен тотығу индикаторының құрылымында өзгерістер болады, нәтижесінде түсі өзгереді. Тотығу-тотықсыздану индикаторының ерітіндісінде жүйенің потенциалы өзгергенде жылжитын, түсі әр түрлі болатын тотыққан және тотықсызданған формалар арасында тепе-теңдік орнайды:
+ n
Мұндағы – индикатордыңм тотыққан, ал – тотықсызданған формасы; n –тотығу-тотықсыздану процессіне қатысатын электрондар саны.
Бұл индикатор жүйесінің потенциалын Нернст теңдеуі арқылы есептеуге болады:
Ерітіндінің түсінің өзгеруін көзбен байқауға болатындығын ескере отырып, егер боялған формалардың біреуінің концентрациясы басқа формасынан 10 есе немесе одан көп болса, индикатордың ауысу аралығы анықталады:
Дифениламин(ДФА) –- ең танымал белгілі тотығу-тотықсыздану индикаторы, ол әдебиетте алғаш рет сипатталған. Тотықтырғыш заттардың әсерінен ДФА қайтымсыз реакция нәтижесінде дифенилбензидин түзеді (түссіз):
Ол қайтымды тотығып, дифенилбензидинкүлгінге қайта тотығады да көк-күлгін бояу түзіледі
Дифениламин индикаторының түсінің өзгеру аймағы:
Е= 0,76,760,1В
Е = 0,73 В болғанда индикатор түссіз; егер 0,79 В кіші болмаса онда ерітінді көк-күлгін түске ие болады.
Ферроин – темір(II)-нің с 1,10-фенантролмен ( қосылысы, ол да тотығу-тотықсыздану әдісінің индикаторы.
Темір ионы ферроинде қайтымды тотығу- тотықсыздану реакцисына қатысады:
ашық көк
қызыл
Барлық тотығу-тотықсыздану әдісінің индикаторларының ішінен тек ферроин мінсіз қасиеттерге ие: түсінің күрт ауысуы, ерітіндіні дайындаудың жеңілдігі және тұрақтылығы.
Редокс әдістерінде қайтымсыз индикаторлар да қолданылады: метилді қызғылт сары, метил қызыл, конго қызыл, эквиваленттік нүктеде тотықтырғыш заттың артық мөлшерімен әрекеттесіп қайтымсыз тотығады да түсін өзгертеді.