3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Судың кермектілігін анықтау



бет41/42
Дата04.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#41338
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
3. Санды талдау дістеріні жіктелуі

Судың кермектілігін анықтау. Магниді рН 10,0 буферлі ерітіндіде стандартты ЭДТА ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтайды. Талданатын ерітіндіге аммиак пен аммоний хлориді буферлі қоспасықосып рН-ты 10,0 –ға келтіреді. Индикатор ретінде эриохром қара Т немесе кальмагит қолданылады.
Бос түрдегі индикатордың түсі көк, ал түзілетін магнидің индикатормен комплексінің түсі қызыл. Титрлеу барысында магний мен ЭДТА арасында келесі реакция жүреді
+Mg+2
Титрант ретінде этилендиаминтетрасірке қышқылының екінатрилі тұзықолданылады. Титрлеудің соңғы нүктесі барлық магний иондары толық титрленіп болғаннан кейін титранттың артық бір-екі тамшысы қосылғанда алықталады. Сол сәтте ерітіндінің қызыл түсі көк түске ауысады:

МеInd + →

+

+

(қызыл)

(түссіз)

(көк)

Судың жалпы кермектігін анықтау ( магний мен кальцидің жалпы мөлшері) үшін ЭДТА ерітіндісімен титрлеу аса маңызды. Темір мен мыс(ІІ)-ні бүркемелеу үшін осы металдармен түссіз цианидті комплекс түзетін натрий цианиді қолданылады. Алюминиді бүркемелеу үшін триэтаноламин қолданылады, бірақ ол цианидтің темірмен комплексіндей берік емес.
Индикатор ретінде арсеназо I-ді қолдану эриохром қара Т немесе кальмагитті қолдану барысында туындайтын кейбір мәселелерді жояды. Мысалы арсеназо I-ді қолданғанда темір мен мыс(ІІ)-нің аз мөлшерін цианидпен бүркемелеу қажет емес.
Кальций қатысындағы судың кермектілігін анықтау. Магниді натрий гидроксидін қосып күшті сілтілік ортада тұнбаға түсіреді. Кальций гидроксиді суда ерігіш болғандықтан, магний гидроксиді тұнбасы қатысында кальциді титрлеуге болады. Индикатор ретінде кальцеин қолданылады.


Сұрақтар

1.Әдістің негізі. Комплексондар, құрылымы, тұрақтылығы және құрамы


2. Комплексонометриялық титрлеу әдістерінің жіктелуі.
3 Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау әдістері. Металлоиндикаторлар. Судың кермектілігін анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет