Гаэтано Моска (1854—1941) , еңбегі"Саяси ғылым негіздері" (1896), онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді;
үш қасиет:әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.
Элита туралы теориялар
Валъфредо Парето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактаты" (1916). Ол "элиталардың айналу" теориясын жасады;
Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны үсынуының арқасында келеді;
Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды;
Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді.
Элита туралы теориялар
Роберт Михелъс (1876—1936) "Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды;
Бүқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруга және басқаруға қабілеті жетпейді;
Кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады.
Элита туралы теориялар
Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасын аталдау жасайды;
Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды;
Оның ойынша, қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикатық және әскери институттар;
Соған карай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайды.
Элита туралы теориялар
Р.-Ж. Шварценбергер "Абсолюттік қүқық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды;
Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан түратын биліктің үшбүрышын қүрайды;
Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.