2.Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі.
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі.
Тоталитаризмнең айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, оппозицияға кедергі жасайды, саяси билік бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады