3-семинар Тақырып: Өсімдіктер

Дата07.01.2022
өлшемі2,81 Mb.
#18057
түріСеминар
Байланысты:
7-семинар Анарбаева М.А Тьютор

7-семинар. Инклюзивті білім берудің шет мемлекеттердегі даму деңгейі.

Орындаған: Анарбаева М.А.

Мирасбек Гүлім

Қабылдаған: Хамзина К.Б.

Жоспар:

1.Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде қарастырып отырған категориядағы балалардың даму деңгейін саралау. 2.Мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы шетелдік заңнама.

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылдары АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына инклюзивті білім беру бағдарламасын толық енгізді. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.

Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.

1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды [2]. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту.

Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі.

Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында артта қалушылығы бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады және онда 21–23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан

Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен.

Біріншісі,мұнда бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т. б. қарастырылған.

Екінші нұсқа бойынша, бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды.

Үшінші нұсқа,бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды,мұндай типте психикалық дамында кешігушілік бар балалар қарастырылған.Ал, уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.

Төртінші нұсқа бойынша,бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады,бұл типте әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар білім алады

Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада жүзеге асырылады.

Әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,біздің көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет